Хақназар қазақ хандығын


Slide 1

ХАҚНАЗАР ХАН

Slide 2

Хақназар хан - (1538-1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.

ХАҚНАЗАР ХАН ТУРАЛЫ

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 3

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды.

БИЛІГІ

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 4

Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 5

Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды. Ноғай ордасын билеушілерінің бірі Ысмағұл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағұл мырзамен соғысты бастайды.

НОҒАЙ ОРДАСЫ

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 6

Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағұл мырзаның тобы Мәскеу княздігіне қосылуды жақтаса, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды шебер пайдаланған Хақназар хан Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағұл орыс патшасы Иван IV: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағұл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 7

Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады.

ӨЗГЕРІСТЕР

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 8

Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 9

Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
Шығай хан
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы. Модульдік оқыту технологиясы. Презентация
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ -
Қазақ хандары туралы
Қазақ хандығы құрылуы, тұлғалар
Керей хан Жәнібек хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz