Жер рентасы және кәсіпкерлік табыс


Slide 1

Жер рентасы және кәсіпкерлік табыс

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар: Жер рентасы және оның түрлері Пайда және кәсіпкерлік табыс

Slide 3

ЖЕР НАРЫҒЫ

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз.

Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

Жер құнарлылығы;

Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Slide 4

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем.

Жер рентасы - жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем.

Slide 5

Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента - бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі.

Оның абсолюттік деп аталатын себебі - ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады.

Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем.

Slide 6

Дифференциальды рентаның қайнар көзі

құнарлылығы жоғары және нарыққа . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . пайдасы болып табылады.

Slide 7

Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін 1-дифференциальдық рента деп атайды.

Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы

2-дифференциалдық рента деп атайды

Slide 8

Жерге ұсыныс пен сұраныс қисықтары . Мұндағы:

S - жердің ұсыныс қисығы; D - жерге сұраныс қисығы; E - жер рентасының деңгейі, ол жер сұранысын және ұсынысын теңестіруші болып табылады; R - рента; Q - жер көлемі.

Slide 9

Өндіріс факторларынан

түске табыс.

Кәсіпкерлік табыс

Slide 10

Табыс - әрбір нарықтық экономиканың қатысушының соңғы мақсаты және оның күнделікті іс - әрекетінің объективті ынтасы.

Табыс - жеке тұлғаның қызмет нәтижесінің ақшалай көрінісі.

Табыс - нарықтық субъектінің басқарымына үнемі заңды түрде түсіп отыратын ақшалай сомасы.

Slide 11

Табыстардың

негізгі

түсу көздері

Жұмыскерлердің

еңбек

табысы

Кәсіпкерлік

табыстар

Меншік

табыстары

Еңбек салымына байланыссыз

түсетін әлеуметтік табыстар -

(пайда)

(жалақы, сый ақы және т. б. )

(салымнан алынатын проценттер, рента)

(жұмыссыздарға жәрдем ақы және т. б. )

Slide 12

Жалақы

Пайда

Пайыз

Кәсіпорын (фирма) мен әртүрлі шаруашылық ассоциациясындағы

табыстың негізгі түрлері

Рента

Slide 13

Тауарды сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табыстың кеткен шығындарынан көп болуы пайда болып табылады. Кәсіпорынның немесе фирма қызметінің негізгі принципі пайданы максимизациялау болып табылады.

Табыс- шығындар = таза пайда

Slide 14

Пайда экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрактар пікір таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В. Дальдің "түсіндірме сѳздігінде", "ѳсім", "кѳбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына «үстеме» деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылғанда да кѳрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады, кім оны өндіреді, ненің есебінен пайда болады. Әр түрлі мектептер бұл сұрақтарға түрліше жауап береді.

Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген.

Slide 15

А. Смит және Д. Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептейді.

К. Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.

Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, оның ішінде негізгілері төмендегілер:

- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;

пайда - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;

пайда - бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.

Slide 16

Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды-өлеуметтік және неоклассикалық.

Кейнсиандықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.

Институционалды- әлеуметтік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және т. б. қамқорлық жасау.

Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты - пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.

Slide 17

Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.

Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.

Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.

Шектік табыс косымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.

Slide 18

Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.


Ұқсас жұмыстар
Абсолютті жер рентасы
Өндіріс факторларының табыстары
Енбек нарығы және жалақы
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар туралы
Еңбекке сұраныс
Өндіріс факторларының нарығы
Жердің бағасы - қаржы кадастырының керекті элементі
Меншік құқықтары
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге нарықтық бағалау жүргізу
Өндірістің факторлары мен олар тудырган табыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz