Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу



Тақырып: Еңбек нарығы және еңбек ақы
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Еңбек нарығы және оның элементтері.
2. Еңбек ақы еңбек бағысы ретінде.
3. Еңбек ақы және оның түрлері.

Қазіргі замандағы еңбек нарығының ерекшеліктері:
1. Жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне еркін ауысу мүмкіндігіне байланысты біріңғай еңбек нарығының болмауы.
2. Жұмыскерлердің білім, кәсіби біліктілігі, еңбек қызметі мәртебелерінің әркелкілігіне т. б байланысты еңбек ақы көлемінің деңгейінің бірдей болмауы
3. Еңбек орнын таңдау және еңбек мотивтері тек материалдық сыйақыға емес, сонымен қатар еңбек мазмұнымен, жағдайымен, қызмет мәртебесімен анықталады.
4. Еңбек нарығындағы жұмыскердің жағдайы және мүмкіндіктеріоның демографиялық сипатымен байланысты / жынысы, жасы, отбасылық жағдайы.
5. Көп жағдайда еңбек нарығы секторына ену территориялық-тұрақ құрылымымен анықталады: ірі қала тұрғындары, немесе ауыл.

Еңбек нарығы- бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді

Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, -еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады

Еңбек нарығында саудаға түсіп сатылатын- жұмыс күші немесе еңбек. Нарықтық қатынастардың маркстік теориясын жақтаушылардың пікірінше еңбек нарығында жұмыс күші (еңбек берушінің қанауына түсетін жұмысқа деген қабілет) сатылады.

Қазіргі эканомикалық теорияда еңбек нарығында еңбек былайша бөлінедінеді:
Сатылатын еңбек
Сатып алынатын еңбек

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.
Еңбек нарығында жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін шешу үдерісін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады

Еңбек нарығы- жұмыс беруші мен жалданатын жұмыс күшінің мүдделерін келістіретін механизм
Еңбек нарығына тән басты сипат - оның сегменттілігі
Еңбек нарығының сегменттігі - қызметкерлер мен қызмет орындарының тұрақты, жабық, жұмыс күшінің мобильділігін шектейтін зоналарға бөлінуі. Оның екі түрі бар:
Біріншісі- еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы, қызмет бабында өсу мүмкіндігі, басқару жүйесі, тиянақты және жоғары еңбек ақысы бар нарық
Екіншісі - мамандардың тұрақтамауы, еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы төмен, төмен жалақы т. б жағымсыз қасиеттермен сипатталатын еңбек нарығы

Еңбек нарығының сегментке бөліну себептері:
Өндірістің эканомикалық тиімділігі деңгейінің әр түрлігі
Еңбектің әлеуметтік тиімділігіндегі айырмашылықтар
Өндірістің әлеуметтік тиімділігі деңгейінің бірдей болмауы

Сыртқы еңбек нарығы - ел, аймақ, өндіріс салалары көлемінде қалыптасатын жұмыс берушілер мен жұмыс атқарушылар арасындағы әлеуметтік- еңбек қатынастарының жүйесі.
Сыртқы нарық - жұмыскерлердің бір өндіріс орнынан екіншісіне ауысулары арқылы жүзеге асады.

Еңбек нарығы туралы iлiмнiң теориялық iргетасын экономикалық ғылымның көрнекті өкiлдерi: Дж Перри, М. Фелдетогин, Д. Кейнс, М. Фридман т. б. Ғылыми әдебиеттерде еңбек нарығының төмендегідей концепциялары қарастырылған.
Бірінші концепцияның негізінде классикалық саясиэкономия жатыр. Мұның өкілдері неоклассиктер: Дж Перри, М. Фелдетогин. Бұл концепция бойынша еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты баға тепе-теңдігіне негізделеді немесе нарықтық реттеушісі баға болып есептеледі.
Жалақы бойынша нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттеледі деген пікір айтты.

Екіншісі, кейнсиандық көзқарас. Бұл қатардағы ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығы әрқашанда тепе-теңсіздікке негізделген. Кейнстің үлгісі бойынша жұмыс күшінің бағасы қатаң бір қалыпта қалыптасады, іс жүзінде өзгермейді. Бұл концепция бойынша: «жұмысшы күшіне сұраныс- нарық бағасы арқылы емес, жиынтық сұраныс арқылы - өнімнің көлемі арқылы реттелуі керек».

Үшінші көзқарас. Монетарлық үлгі бойынша «жұмысшы күші қатаң баға жүйесі арқылы біржақты бағыттағы өсімді қозғалыс» - деп танылады. Бұл концепция жұмыссыздықтың " табиғи" дәрежесі деген ұғымды ұсынған. Төртінші институционалды мектептің көзқарасы. Бұл концепцияда жұмысшы күші, жалақы дәрежесі, кәсіпкерлік және салалық айырмашылықтарға көп көңіл бөлінген.

Еңбек нарығы В. И. Видяпиннің еңбектерінде толық талданған. Онда еңбек нарығы экономикалық категория ретінде «сатып алушылар мен сатушылар, сонымен бірге, жұмыс күшінің қозғалысы бойынша рыноктық қатынастар субъектілерінің мүддесін айқындайтын және оның өмір сүру құралдарына айырбасталуын қамтамасыз ететін сауда делдалдары арасындағы нақты экономикалық қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы», - деп түсіндіріледі.

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.
Еңбек нарығында жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін шешу үдерісін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады

Еңбек нарығының басты мәселесі-жұмысссыздық. Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Басқаша айтсақ -жұмыссыздық- жұмыс күшіңнің тауар өндіру мен қызмет көрсету саласына қамтылмай қалған бөлігінің болуы, бұл әлеуметтік - экономикалық құбылыс.

Еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.

Жалақы
Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы
Негізгі - бұл орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы

Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:
жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал - сайман мен жабдықтың икемсіздігі) ;
кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
шыққанда берілетін жәрдем ақы;

Жалақы қорын негізгі және қосымша жалақылар
құрайды.
Жалақы қорының құрамына жалақының барлық
түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келесіні көздейді:
кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау
кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін
қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау
қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін
құрастыру
жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу

Еңбекті төлеу қағидалары:
- шығындар және нәтижелер бойынша төлеу
Қағидасы
өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру
қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы
еңбек нәтижелігін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы

Мерзімді еңбек ақы
Мерзімді сыйақы
Жай сыйақы

Жалақы - еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс) . Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер.

Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері
Жалақы екіге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша;

Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы.

Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
- балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
- жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- шыққанда берілетін жәрдем ақы

Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің екі нысаны бар. Олар:
Мерзімдік
Кесімді

Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді - сыйақылар болып бөлінеді. Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: - Сағаттық; - Күндік ақы; - Айлық ақы; Мерзімдік - сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай - ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді) .

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады. Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар: 1. Тікелей кесімді жүйе; 2. Кесімді- сыйақылақ жүйе; 3. Ілгерішіл - кесімді жүйе; 4. Жанама - кесімді жүйе; 5. Аккордық жүйе;

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz