Мұстафа Шоқайдың шетел баспасөзіндегі еңбектері


Slide 1

Тақырып: «Мұстафа Шоқайдың шетел баспасөзіндегі еңбектері» Дайындаған: «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» кмм тарих пәнінің мұғалімі Жумабаева Калдыгуль Колдыбаевна

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Slide 2

М. Шоқай жеті-сегіз тілді еркін меңгергендіктен, Еуропаның біраз қалаларында баяндамалар жасайды. Көрнекті саяси тұлға, ғұлама ғалым ретінде Ұлыбританияға, Польшаға, тағы басқа елдерге Түркістандағы, Шығыс Түркістан мен Ауғанстандағы жағдай туралы баяндама жасауға шақыртылады.

Slide 3

Мұстафа кей мақалаларын жариялағанда бүркеншік аттары да болған. Аз, Акбер, Али, Юсупов, Даут, Жанай, Кара Мурза, Кипчак оглы, Мусульманин, Садык Нури, Омар оглы, Хакимжан, Невольный туркестанец, Қыпшақ, Тәңірберді т. б.

Мұстафа Шоқайдың еңбектері АҚШ-тан бастап Батыс Еуропа елдерінің басты басылымдарында еңбектері жарық көрді. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз жəне ағылшын тілдерінде əр түрлі газет-журналдарда жарияланды. .

Slide 4

Мұстафа Шоқай қызмет атқарған шетел басылымдары

Түрікшілдік идеясының халықаралық деңгейде көтерілуіне жол ашқан Мұстафа Шоқай. Түркі халықтары бірлігі идеясын жүзеге асырудағы басты қаруы әрине баспасөз құралы болған.

1919ж Тбилиси қаласында «Вольный горец», меньшевиктердің «Борьба» газеттерінде жұмыс жасады. Сонымен қатар Тбилисидегі украиндықтардың «На рубеже» журналының ашылуын жолға қояды, ең бастысы осы журналдың редакторы бола отырып, «Шафақ» газетінде бас редактор қызметін қоса атқарады. Алайда кеңес үкіметі ол аймаққа да жеткен соң, Стамбулға барып, ол жерде1921 ж. «Шөбнəме», «Йен Түркістан газеттерінде, одан кейін Францияда тұрақтап, А. Керенскийдің «Дни» және П. Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, Түркиядағы «Йен Түркістан» баспасы мен «Түркістан ұлттық бірлігі» атты ұйым жетекшілігін қатар алып жүрген.

Slide 5

Мұстафа Шоқайдың мақалалары

жарияланған шетел баспасөздері

Берлинде - «Милли Иул»

Варшавада «Шимали Кавказия»

Анкарада «Түрік Юрды»

Көс­тенжеде «Эмел» журналы

Францияда «Прометей», «Дни»,

Последние новости», »Ориен Оксидан»

Англияда «Эршатик Ревью»

Иерусалимде «ЭльДжамиет -эль-Араб

Каирде «Эль-Итти-хад

«Нью-Йорк ГеральдТрибюн», «Нью-Йорк Таймс», «Манчестер Гардиан», «ДейлиТелеграф», «Матэн», «Фигаро», «Нойе Цюрихер Цайтунг», «Газеттде Лозанн», «Стампо»

Slide 6

М. Шоқайдың жеке мұрағаттық қорының маңызды бөлігі - корреспонденциялар екені белгілі. Олар:

М. Шоқайдың Түркістан қайраткерлері В. А. Чайкинмен, А. А. Чайкинмен, Убайдолла Қожаевпен, Н. П. Архангельскиймен жазысқан хаттары;

Шығыс Түркістанда, Ауғанстанда, Жапонияда, Иранда, Сауд Аравиясында, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Италияда, Голландияда, Францияда, Германияда тұрып жатқан түрлі саяси, қоғам қайраткерлерінен келген хат-хабарлар;

эмиграциядағы Əзербайжан, Грузия, Кавказ, Украина, Еділ-Орал өңірі халықтарының жетекшілері А. З. Валиди, Əлимардан Топчибашы, М. Э. Расулзаде, М. Делиль, М. Мұхити, Ə. Оқтай, Т. Шағатай, А. Исхаки, О. Тенерекоглы, Ж. Сеидамет, Е. П. Гегечкори, С. Г. Мдивани, тағы басқалармен жазысқан хаттары.

Бұл құжаттар қазақ қайраткерінің эмиграциядағы саяси қызметі туралы мол мағлұмат береді. 2009 жылы осы хаттардың көлемді бөлігі екі томдық «Мұстафа Шоқай. Эпистолярлық мұрасы» атты жинақта жарияланды. Ондағы 276 хаттың 268-і алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.

Slide 7

Мұстафа Шоқай еңбегіндегі мәдени салаға қатысты жазғандарынан. . .

Кеңес өкіметінің 20-30 жылдардағы білім беру саласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын батыл түрде сынға алады. «Кеңестер билеген Түркістан» деп аталатын еңбегінде қазақ мектептерінің мүшкіл хәлімен қатар, білім беру ісіндегі теңсіздікті де көре білген. Мұстафа Шоқайдың пікірінше, ұлттық рухтың көтерілуі, оның негізі - ұлттық тіл болып табылады. Өзінің «Ақ-қызыл» атты мақаласында «Көне Ресей білімімііздің дамуына жол бермеді. Бұл кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын . . . мектептерде біздің тіліміміз оқытылмайтын»- дей келе Түркістан жастарын ана тілінде оқытуға баса назар аудару қажеттігін алға қояды»

Slide 8

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КЕҢЕСТІК ҚУҒЫН-СҮРГІН МӘСЕЛЕЛЕРІ

М. Шоқайдың еңбектері Голощекиннің геноцидіне, Қазақстандағы ашаршылыққа, Сталиндік репрессияға, тоталитаризмге, шовинистік басқыншылыққа қарсы жазылды. , қызыл идеологияның қысымымен қазақ ұлтының бет-бейнесі, жан-дүниесі, ұлттық тілі, ұлттық психологиясы «интернационалист ұлт» деген ұғыммен астастырылды. «Халықты айтқанына көндіру үшін алдымен ұлт қамын көксеген, ертеңін ойлаған зиялыларды жою күн тәртібіне қойылды. 20-30 жылдарда қазақ интеллигенциясы Кеңестер өкіметі тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген жалақорлыққа, жауыздыққа тап болды» -деп жазады

М. Шоқай шет елде жүрсе де елдегі ахуалдарға да құлақ түріп, кеңес өкіметі халық басына түсірген нәубетті, ашаршылық, қуғын-сүргін қырғыны туралы да Еуропа елдеріне жария етіп, қылмысын әшкерелеп отырды. 1923 жылдың көктемінде Парижде М. Шоқай Еуропа 213 елдерінің мемлекет, қоғам қайраткерлері мен журналистері қатысқан конференцияда баяндама жасайды. Кейін ол «Orient et Occident» журналында жарияланып, көпшілік назарына ұсынылады

Slide 9

Қазақстандағы ашаршылық зұлматы жөнінде «Нью-Йорк ГеральдТрибюн», «Нью-Йорк Таймс», «Манчестер Гардиан», «ДейлиТелеграф», «Матэн», «Фигаро», «Нойе Цюрихер Цайтунг», «Газеттде Лозанн», «Стампо» және басқа да басылымдарда жазылады. Сонымен бірге М. Шоқай Англия герцогинясы Атольскаямен кездескенде оған Кеңес одағындағы ашаршылық туралы кеңінен айтып береді

«Түркістандағы соңғы террордың жауапкершілігі» деген мақалада Кеңестік Өзбекстандағы мақта шаруашылығының кеңестік тәжірибелеріне орай, осы жылы Өзбекстанда мақта тапсыру жоспарының орындалмай қалуына байланысты басталған қуғын-сүргін науқанына қатысты жазылған. Мемлекеттік жоспардың орындалмауы кеңестік тәжірибенің қателігінен болғанын ашып көрсетеді.

Slide 10

Мұстафа Шоқай еңбектері

Slide 11

«Яш Түркістан» журналының 1938 жылғы № 106 санында жарық көрген«Халықаралық өмірден» мақаласы «Чехославакия мәселесі», «Мюнхен келісімінен соң» атты тақырыпшаларға бөліп, Чехославакия мемлекетіне байланысты туындаған мәселелер мен түрлі келісімдердің маңыздылығы туралы, Мюнхен келісімінің ерекшелігі, Польша мемлекетінің ұстанып отырған бағдарлары және ең бастысы Кеңестік Ресейге Еуропа қалай қарайтыны жөнінде мәлімет берілген. Мақала бұдан бұрынғы осы бағыттағы қозғалған тақырыпты тереңдете түседі. Англия, Алмания, Франция, Италия мемлекеттерінің басқосуында Чехославакиядағы немістер Алманияға қосылатын болып келісілгенін, ал 434 поляктар қоныстанған өлке мен мажарлар тағдыры жөнінде Чехославакия өкіметі сол елдердің басшыларымен келіссөздер жүргізетінін, егер келісімге келмесе тағы да шара қабылданатынын жан-жақты талдайды

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жалпы М. Шоқайдың аталмыш мақаласынан сол кездегі халықаралық жағдайға байланысты құнды мәліметтерді көп алуға болады. Әр елдің ұстанып отырған саяси бағдарына да баға беріп, өзіндік көзқарастарын білдіреді Оның «Яш Түркістанның» бетінде жарық көрген «Алманиядағы қаржы дағдарысы», «Ағылшын дағдарысы», «Қытайда», «Қиыр Шығыста», «Алмания, Италия және Жапонияның Кеңестерге қарсы бағытталған келісімі» сияқты мақалалары да сол кездегі халықаралық өмірден хабардар етіп отырған.

Slide 12 Slide 13

МҰСТАФА ШОҚАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ. . . .

Мұстафа Шоқайдың: «Қазақпын деп мақтануды ар көретiн, қазақтың тiлiнде сөйлеудi масқаралық көретiн салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбi не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бiрдеме болып өсiп жатқанын неге көрмейсiңдер?», «

Атамекендi сүю - оның тұтас мүддесiне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жанпида қылуға дайын тұру болып табылады»,

«Ей, менiң елiмнiң, Түркiстанымның сүйiктi ұландары! Мұны бiр сәтте естен шығармаңыздар. Әрбiр қадамдарыңызды ойланып басыңыздар!» деген сөздері қазірдің өзінде мағынасын жойған жоқ.

Slide 14

Мұстафа Шоқай және «Яш Түркістан»

«Дни» және «Последние новости» газеттерінде орыс эмигранттарымен пікір алшақтығына байланысты олармен жұмысын тоқтатады. Кейінірек кеңес үкіметімен қарым-қатынас орната бастаған Түркия мемлекеті «Йен Түркістан» баспасын жабады. Осы себептерге байланысты Мұстафа «Тұтас Түркістан» идеясын насихаттау үшін тәуелсіз түрік басылымын қалыптастыруды қолға алады.

Slide 15

Оны ұйымдастыруға М. Шоқай үлкен дайындық жүргізеді, өз қаражатына Түркістанға бір өкілін жіберіп, Ауғанстан мен Ирандағы адамдармен байланыс орнатады. Қаражат жинау үшін өзі екі жұмадан астам Франциядан тыс жерлерде болып қайтады . 1926 жылы 2 желтоқсанда М. Шоқай Варшавадағы пікірлестеріне жаңа басылым ашу туралы жазған хатында: «Жүзеге асырыла қалған жағдайда журналдың жарық көруі менің қолымның бос болуын талап етеді. Бұл іске мен үлкен мән беремін… Біз енді ғана ұлттық күрестің практикалық жолын іздеуге шықтық. Біз бірден нәтиже күтпейміз және ондай уәде бермейміз де… Бірақ ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік мүдде тұрғысынан алғанда, біздің бұл жұмысымыз қазірдің өзінде пайдалы» дейді. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде 1929 жылдың желтоқсан айында Берлинде «Яш Түркістан» («Уаs Тürkistan») журналының алғашқы саны жарық көреді. Журналды Польша үкіметі мен «Прометей» қоры қаржыландырады.


Ұқсас жұмыстар
Алаш арысы - көреген көсем Мұстафа Шоқайдың өміріне шолу
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау
МҰСТАФА ШОҚАЙ
Алаш және Түркістан автономиясы
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
Мұстафа Шоқай өмірбаяны
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz