Гемоцитопоэз - қан жасушаларының түзілу процесі


Slide 1

Тақырыбы: Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі.

Орындаған: Саду Ерасыл, педиатрия, 108 топ.

Нур-Сұлтан қ., 2022ж.

«Астана медицина университеті» ҚеАҚ

Гистология және цитология кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі.

Эритропоэз.

Гранулоцитопоэз.

Мегакариоцитопоэз.

Лимфоцитопоэз.

Қорытынды

Slide 3

Қан - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Гемоцитопоэз - қан жасушаларының түзілу процесі. Гемоцитопоэздің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық немесе эмбриондық гемоцитопоэз және ұрықтық кезеңнен кейінгі немесе постэмбриондық гемоцитопоэз. Қан жасушаларының түрлеріне байланысты гемоцитопоэз өз кезегінде: эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз, мегакариоцитопоэз, лимфоцитопоэз, моноцитопоэз болып бөлінеді.

Эмбриондық гемоцитопоэз ұрық организміндегі қанның ұлпа ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Постэмбриондық гемоцитопоэз - эмбриондық кезеңнен кейінгі қанның физиологиялық қалпына келуін (регенерациясын) іс жүзіне асырады.

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі.

Постэмбриональді гемоцитопоэз - эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, моноциттер түзетін гемопоэтикалық тіндер - миелоидты және де Т В лимфоциттері мен плазмоциттердің дифференцияланып, көбейетін - лимфоцоидты тіндерде өтеді. Постэмбриональді гемоцитопоэз қан жасушаларының физиологиялық регенерациясы, яғни қан жасушаларының өзінің орнын өзі толтыру процесі болып табылады. Миелопоэз- миелоидты тіндерді орналасқан түтікше сүйектердің эпифизінде, ал пластинкақабыршақ сүйектердің кеуек қуысында өтеді. Мұнда қанның формалды элементтері: эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, моноциттер, ізашар лимфоциттер қалыптасады. Ізашар лимфоциттер біртіндеп көкбауырға, тимусқа, лимфа түйіндеріне тағы басқа мүшелерге ауысып көшеді. Сөйтіп бұл мүшелерді лимфопоэз жүреді. Бұл мүшелерде лимфоидты тіні бар. Лимфоидты тін бірнеше қызмет атқарады: қалыптастыру немесе лимфоциттер, плазмоциттердің дамитын тін, бұлардан бөлген қалдық заттарды жасушаларды шығарып тастау.

Slide 6

Эритропоэз

Бағаналы - жартылай бағаналы жасушалар - унипотенттің ізашарлары - проэритробласттар - эритробласттар - ретикулоциттер - эритроциттер. Жасушаның көлемі мен ядросы тығыздалып жойылады. Ең соңында гемоглабин жинақталып, осыған байланысты цитоплазмасы оксифильді боялады. Сүйек кемігінен қанға қалыпты жағдайда тек қана эритроциттер мен ретикулоциттер келіп тұрады.

Slide 7

Эритропоэз - бұл эритроциттер немесе эритроциттер түзілетін процесс. Бұл қан жасушалары, адамдарда, орташа 4 ай өмір сүреді және өздерін көбейте алмайды. Осыған байланысты, қан кетуден өлетін немесе жоғалып кететіндердің орнына жаңа эритроциттер жасау керек. Ерлерде эритроциттердің саны миллилитрге шамамен 54 миллионды құрайды, ал әйелдерде бұл аздап аз (48 миллион) . Күніне 10 миллионға жуық эритроциттер жоғалады, сондықтан ұқсас мөлшерді ауыстыру қажет. Эритроциттер сүтқоректілердің қызыл сүйек кемігінде болатын ядролы эритробласттардан түзіледі, ал басқа омыртқалыларда олар негізінен бүйрек пен көкбауырда түзіледі. Олар өмірінің соңына жеткенде, олар үзінді; содан кейін оларды макрофагтар деп атайды. Бұл макрофагтар бауырда, қызыл сүйек кемігінде және көкбауырда болады. Қызыл қан жасушалары жойылғанда, темір қайтадан қолдану үшін қайта өңделеді, ал қалған гемоглобин билирубин деп аталатын өт пигментіне айналады. Эритропоэзді эритропоэтин деп аталатын гормон қоздырады, бірақ процесс әр түрлі факторлармен реттеледі, мысалы температура, оттегі қысымы және басқалар. Ересек организмдерде эритропоэз қызыл сүйек кемігінде эритробластикалық аралдар деп аталатын арнайы жерлерде кездеседі. Эритроциттердің түзілуі үшін жасушалардың көбеюінен қызыл қан жасушаларының жетілуіне дейінгі, жасушалардың дифференциациясының әр түрлі кезеңдерінен өтетін бірнеше процестер жүруі керек.

Slide 8

Гранулоцитопоэз. Бағаналы - жартылай бағаналы жасушалар - унипотенттің ізашарлары миелобласттар, промиелобласттар, метамиелоциттер, таяқша ядролы гранулоциттер мен сегментті ядролы гранулоциттер жатады. Гранулоциттердің пісіп жетілуіне қарай жасушалардың көлемі кішірейеді, ядросының көлемі дөңгеленіп, сегментті типтес болып өзгереді, цитоплазмасында арнайы түйіршіктер жинақталады. Бұлардың үш түрін: нейтрофильдер, базофильдер, эозинофильдерін ажыратады. Бұл жасушалар қозғала алатын, фагоцитоздық қасиеті бар гранулоциттер.

Гранулоцитопоэз.

Slide 9

Гранулоцитопоэз - адам мен жануарлар сүйегінің қызыл кемігі майында жүретін дәншелі (гранулалы) лейкоциттердің түзілу процесі. Гранулоцитопоэз процесінде қанның көпмүмкіндікті діңгекті жасушаларынан көпмүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, олардан бірмүмкіндікті бастама жасушалар жетіледі. Бұлардан цитоплазмаларында дәншелер пайда болатын, кезегімен промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер, таяқша ядролы гранулоциттер, бұлардан сегментті ядролы гранулоциттер дамып жетіледі. Сегментті ядролы гранулоциттер цитоплазмаларындагы дәншелердің әртүрлі бояулармен боялу сипатына сәйкес, олардың үш түрі: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер болып ажыратылады. Гранулоцитопоэздің осы алдыңғы үш жасушалар генерациялары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас, олардың бәрі кіші лимфоциттерге ұқсас болып келеді. Бірмүмкіндікті бастама жасушалардан мөлшері ірі келген миелобласттар дамиды. Миелобласттардың ірі ядролары жасушалардың ортасында орналасады. Олардың солғын базофилді цитоплазмасында аздаған азурсүйгіш немесе біріншілік дәншелердің пайда бола бастағаны байқалады. Миелобласттар митоз арқылы бөлініп, ірі промиелоциттерге айналады. Промиелоциттердің ірі ақшыл келген сопақ немесе дөңгелек ядроларында бірнеше ядрошық болады. Ядро маңындағы цитоплазмада жақсы жетілген Гольджи кешені мен лизосомалар және центросома орналасады. Промиелоциттер цитоплазмасында біріншілік дәншелер болады, ал екіншілік арнайы дәншелер болмайды. Промиелоциттер митоз арқылы бөлініп, боялу сипатына сәйкес үш түрлі миелоциттерге ажырайды: нейтрофильді миелоциттер, эозинофильді миелоциттер, базофильді миелоциттер. Бұлардан кезегімен: метамиелоциттер, таяқша ядролы гранулоциттер, бұлардан сегментті ядролы гранулоциттер дамып жетіледі.

Slide 10

Мегакариоцитопоэз.

Қан пластикасының дамуы сүйек кемігінде өтеді. Қанның бағаналы -жартылай бағаналы жасушалары- унипотентті мегакариобласттар - промегакариоциттер - мегакариоциттер - тромбоциттер. Мегакариоциттер ірі жасуша, цитоплазмасы базофильді. Даму барысында бұлар бөлшектеніп, майдаланып, фрагменттерге айналып, топтасып көрінеді. Бұлардың цитоплазмасында өте майда базофильді түйіршіктер болады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі
Қанның пішіндік элементтері
Қан жасау. Эмбрионалдық қан түзу. Жасқа байланысты гистологиясы
Қан және лимфа. ЭМБРИОНАЛЬДЫҚ ҚАН ЖАСАУ.ҚАННЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИСТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Тимус лимфопоэздің орталық мүшесі
Қан жасаушы мүшелер
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез
Жүрек қан тамырлары жүйесі
Тозаңның түзілуі
ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz