Ахмет Ясауи кесенесі




Презентация қосу
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Дайындаған: Ерқасым Муса
Ахмет Ясауи кесенесі
• Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында
тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан
кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға
жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына
айналды.

• Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің
көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне
түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген
мағынада) бейітінің басына орнатылған.

• Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі
ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында
білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар
қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады.
Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм
идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны
жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
• Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы
кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық
жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне
түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа
түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп,
бірнеше рет басылған...
• Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық
және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы
жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады,
халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа
діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін
иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен
жалғасып жатады.
• Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш,
кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ,
оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің
көзі болып табылады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекшеліктері
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м,
ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық
аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының
төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы
себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың
биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық
қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері —
ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт;
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің негізгі және қосалқы бөлмелері

• Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше
оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп
салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың
сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта
Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең
үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл
бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік
арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге
болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде
Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан
өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды.
• Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген
төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі
желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы — 18,2 метрге ,
сырты — 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт кабырғаларының
теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі — 1,5
метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен
әшекейленген.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" тізімінде
• 1907 ж. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан
ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды. 1910 ж. Түркістанда
жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге
қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған
13 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне
азды-көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін исламның
Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл
қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне
жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық
мұражайы, 1989 ж. 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен
"Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы "ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүние жүзіндегі "Мәдени мұра"
тізіміне енді (Париж, 23 маусым, 2003).
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі әртүрлі монеталарда

ҚР-ның күміс Ресей Банкінің Қожа Ахмет Ясауи
монетасы "Әлемнің монетасы кесенесі және
үздік мешіттері" Тайқазан
Назарларыңызға рахмет!
• Thank you for attention!

Slides.kz

Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи
Археологиялық ескерткіштер
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ
ДИУАНИ ХИКМЕТ
Түркістан қаласы
Қазақстанда туризмнің дамуы
Кожа Ахмет Яссауи туралы
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Түркістан
Пәндер