Енисей, Орхон және Талас көне түркі жазба ескерткіштері: Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөк мұралары


Slide 1

ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ - Енисей өзені бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер.

Олар қазіргі Хакасия, Тыва, Таулы Алтай республикалары аумағынан, Красноярск өлкесінен, Лена өз. бойынан, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест өзендері бойындағы қорғандардан табылған

Жалпы саны - 150. Ғалымдардың анықтауынша, Е. ж. е-нің көпшілігі хронологиялық тұрғыдан 6 - 10 ғ-ларда жазылған. Бұғытастарға, арнайы дайындалған құмдақ тастарға, жартастарға, сонымен қатар әшекейлі алтын, күміс ыдыс-аяққа, металл айналарға, тиындарға, т. б. заттарға қашалған.

Slide 2

Қырғыз қағанатына тән Енисей жазу ескерткіштері

С. Е. Малов Ү-ҮІғасырға жатқызады.

В. Томсен мен П. М. Мелиоранскийлер ҮІ-ҮІІ ғасырға жатқызады.

Л. Р. Қызласов ІХ-Х ғасырларда жазылған деп есептейді

Ең үлкені Уйбат өзені аңғарынан табылған. Уйбат ІІІ деп аталатын ескерткіш 478 таңбадан тұрады.

В. В. Радлов ҮІІ-ҮІІІ ғасырларды қамтиды дейді

Slide 3

Бiлге қаған (көнетүркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 - Бике кыхан, Могилян) (683-734) - Түрік Елінің 717-734 жж. билік құрған қағаны.

Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.

Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.

Slide 4

Білге Қаған Ескерткіші

Білге Қаған Ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде - “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0, 5 км жерде орнатылған. Білге Қаған Ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н. М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В. В. Радлов Дания ғалымы В. Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894) . Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т. б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны - Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т. б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” - оның өз аты дейді

Slide 5

Тоныкөк (Тоңыұқық) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.

Slide 6

Тоныкөк (646-738) -көне түркі қағанатының бас қолбасшысы, қағанабызы (кеңесші) . Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты-жеті жылдай мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаныүшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие болады. Соны өз мақсаттарына пайдаланбақ болған қытай билеушілерінің арам айласы іске аспай, арнайы тапсырмамен жіберілген Т. келген бетте-ақ көтерілісшілер қатарына қосылады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі болған, Оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух бар.

Slide 7

Күлтегін жазуы -ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзенібойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3, 15 м., ені 1, 34, қалыңдығы 0, 41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды.

Slide 8

«Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.

Slide 9 Slide 10

Талас жазулары

Slide 11

Талас жазулары - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіштері . Олар, негізінен, V-VII ғасырлар аралығына жатады . Көбінесе, қойтастарға, жартастарға, бұйымдарға жазылған . Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінің саны 30-ға жетеді .

1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшаға ойылып жазылған көне жазуы табылды .


Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей ескерткіштері және ежелгі түркі әдебиетінің қалыптасуы: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк
Орхон жазбалары: Күлтегін, Тоныкөк және Білге қаған ескерткіштері мен тарихи жырлары
Орхон-Енисей ескерткіштері: Күлтегін мен Тоныкөк жырларының тарихи және тілдік ерекшеліктері
Көне түркі әдебиеті: түркі ұғымы, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері және олардың тілі мен көркемдік ерекшеліктері
Көне түрік руна жазулары: Орхон-Енисей ескерткіштері мен Қазақстандағы деректер
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері (VIII-IX ғасырлар): тарихи, тілдік және поэтикалық ерекшеліктері
Көне түркі жазба ескерткіштері (5-8 ғ.): топтары, таралуы және әліпбиі
Орхон-Енисей ескерткіштері мен Күлтегін жыры: VII-XIV ғасырлар кезеңіндегі тарихи-әдеби шолу
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің ашылуы, зерттелуі және аудармасы
Күлтегін мен Тоныкөк жазбалары: Орхон тастарындағы тарихи-эпикалық деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz