Тәуке хан - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСИТРЛІГІ
М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРИСТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып:Тәуке ханның билікке келуі оның саясаты

Тобы:ХТ-23-17к
Орындаған:Асилова Олима
Қабылдаған:Батырбекқызы
Гаухар
Тәуке хан(1626-1718
жж)
Жәңгірұлы Тәуке хан 1635 жылы
дүниеге келген. Тәуке хан–Қазақ
хандығының ханы, Салқам Жәңгір
ханның баласы. Шешесі – қалмақтың
хошоуыт тайпасының билеушісі
Күнделен-тайшының қызы.
Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (немесе
Уәлибек) сұлтанның ағасы.Ол 1680-
1718 жылдар аралығында билік
жүргізген. Болашақ ханның саясатқа
араласуы 1650 немесе 1651 жылға
сәйкес келеді. Мұрагерлік жолмен
Қазақ хандығының билік тізгінін қолға
алған кезде Тәуке ел ағасы жасына
келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне
араласып, мол тәжірибе жинақтаған
Жас сұлтан Жәңгір ханның Қашғар билеушісі
Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің
құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші
жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына
ие болды.

Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл
тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол
тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын.
Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін
алға жалғап, оның саясатын
жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға
келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей,
өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге
қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын
мәнінде көреген басшы, ақылды
реформатор екенін танытанын қасиеті де
осы өзіндік жолмен жүруінде.
Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы
саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы
реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті
руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің
құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей
тайпасын құруыын айтсақ болады. Сонымен қатар қазақ
халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-
тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап
белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ
даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті
жорықтар жүргізді. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген
қазақ рубасылары топтаса бастап,шамамен 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың,
сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды .

Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын
көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан
жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан,
Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы
жеті жорық ұйымдастырды.1688 жылы қазақтар
Қалдан әскеріне соққы бергеннен кейін Тәуке ханның
қол астына алдымен Ташкент Ферғананың саяси
орталығы сосын қырғыздар мен Түркістанның
солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке
хан 1687-1697 жылдары солтүстік
көршілерімен орын алған қақтығыстар мен
қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-
саттықты дамытуға, керуен жолдарының
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды.
1687-1693 жылдары Тобыл қаласына
бірнеше елшілік аттанған.

Тәуке ханның аты тарихта «Жеті
жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты.
Тәуке хан үш жүздің игі жақсылары мен
билерін жинап, оның ішінде атақты Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар,
Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті
жарғысы” деген атауға ие болған заңдар
жиынтығын қабылдады
Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық
нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы
ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің
барлық жағы түгел қамтылған.
Жеті жарғының негізгі
бөлімдері:
•жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын
дауларды реттейтін заң;
•неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың
құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің
мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
•әскери борышты, бөлімшелерді құруды және
қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
•соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
•кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты
қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
•өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген
қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды
реттейтін заң;
•жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке
құқықтарын, туыстарының, қауымның олардың
алдындағы міндеттерін реттейтін заң.
Кейбір деректерге
сәйкес Тәуке хан1715
жылдың бірінші
жартысында
Түркістан қаласында
қайтыс болған. Ол
қазақ тарихында «Әз-
Тәуке», «Адамзаттың
данасы» деген атпен
қалды.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандары туралы
ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ -
Қазақ хандығы құрылуы, тұлғалар
Жеті жарғы - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы
Абылай қолбасшы
Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы. Модульдік оқыту технологиясы. Презентация
Бұрындық хан
Пәндер