Сөйлеу жылдамдығының бұзылыстарын түзетудегі логопедиялық бағыттар мен әдістемелер


Slide 1

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмыстардың негізгі бағыттары

Орындаған: Нуржанова Асель

Логопедия 2 ж 2 курс

Slide 2

Сөйлеудің жылдамдығының бұзылуына брадилалия мен тахилалия жатады. Сөйлеудің мұндай бұзылыстары әртүрлі деңгейде байқалады: жеңіл, орташа, ауыр. Ауыр түрінде қатынас процесі бұзылады. Себептері: психогендік, соматикалық, зиянды әдеттер.

Slide 3

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары.

Брадилалия - сөйлеу жылдамдығының патологиялық баяулауы. Термин bradus- баяу, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Брадилалия өзіндік жеке бұзылыс ретінде сонымен қатар психикалық аурулардың кейбір түрінде байқалуы мүмкін. Брадилалияның белгілері (симптомдары) әртүрлі: ішкі және сыртқы (экспрессивтік) сөйлеудің баяулауы, оқу мен жазудың процестерінің баяулауы, дауысы бір қалыпты, сөздердің арасындағы үзілістердің (паузаның) баяулауы немесе ұзаруы, дыбыстарды созып айтуы. Балалар фразаны бөліп, буындағы дыбыстарды созып айтады.

Slide 4

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары.

Тахилалия - сөйлеудің патологиялық тез (шапшаң ) сөйлеу. Термин tachis - тез, шапшаң, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Тахилалияның себептерімен механизмі туралы әр түрлі көзқарастар айтылады. D. Weiss (1950) шапшаң сөйлеуде орталық сөйлеу механизмінің бұзылуымен байланыстырады. М. Зееман (1950) шапшаң сөйлеу экстрапирамидалық жүйенің функциясының бұзылуынан деген ой айтты. М. Е. Хватцев (1959) тахилалияның негізгі себебі сөйлеу аппаратының қимылының туа біткен жеткіліксіздігінен деп санайды. Г. Гутцман тахилалия қабылдаудың бұзылу салдары деп есептейді.

Slide 5

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары.

Тахилалияның жіктелуі.

Баттаризм (парафразия) - сөйлеу жылдамдығының ауыр бұзылған түрінде сөйлеу зейінінің бұзылу салдарынан фразаның дұрыс қалыптаспауы.

Полтерн (кідіру) - тырысусыз сөйлегенде үзіп, жылдам сөйлеу (тоқтап қалу, себепсіз үзіліс жасау) жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуымен сипатталады.

Slide 6

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары.

D. WEISS 1961 Ж кідіудің таза түрлерін бірнеше топқа бөлді

Екінші топ: сенсорлық бұзылу. белгілерінде сөз табу қиыншылығы мен есту зейінінің бұзылуы басым болады

Төртінші топ: сөйлегенде жеке дыбыстарды созып айтады, лепті үн шығарады.

Бірінші топ: моторлық бұзылуы: бұзылудың негізгі белгісі жылдам сөйлеу мен дыбыс айтудағы артикуляциялық ауытқуы

Үшінші топ. Сөз қорының жеткіліктігіне қарамастан сөйлеудің қалыптасуында қиыншылықтар кездеседі.

Slide 7

Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары.

Кешенді емдеу - педагогикалық жұмыс жүйесі жалпы дидактикалық және арнайы қағидаларға негізделіп жүргізіледі.

Түзету жұмысында анализаторлардың байланысына сүйенеді: көру, сөйлеу қимыл, сөйлеу, есту. Түзету жұмысы сөйлеуді ішкі және сыртқы түрлеріне бағытталуы тиіс. Мысалы: брадилалияда сабақ барысында баланың вербальсыз және вербальды ойлауын дамытуға, ойын тез жинақтап айтуға т. б бағытталған тапсырмалар қолдану қажет. Сонымен қатар баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатымен, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып оның тәртібін, эмоциональды - ерік сферасын түзетуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Жүйелі түзету жұмысымен қоса үнемі сөйлеуі мен тәртібін бала өз бетімен бақылауға бағытталған жұмыс, медициналық ықпал (дәрімен емдеу, физиотерапия, психотерапия) логопедиялық ритмика, физкультура қолданады.

Slide 8

Брадилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі.

Брадилалияны түзету барысында қолданатын логопедиялық тәсілдер сөйлеу процессінде сөйлеу қимылдарының жылдамдылығы мен нақтылығын тәрбиелеуге бағытталады: сөйлеу реакциясының жылдамдығын, ішкі сөйлеу жылдамдығын оқу мен жазудың жылдамдығын, сөйлеудің просодикалық жағын (ырғақтылығы, әуезділігі, екпін, үзіліс) .

Түзету жұмыс барысында әртүрлі сөздік жаттығулар қолданады. Негізгі жаттығулар: әртүрлі деңгейдегі сөздік материалдарды айтқызу (буын, сөз, фраза, жаңылтпаш т. б) ; оқу (логопедпен бірге сосын өз бетімен магнитофонға жылдам жазылған сөздік материалдарды тыңдап, қайталау, ырғаққа сәйкес сөздік материалдарды айту, оқу т. б.

Логопедиялық жұмыста логопедиялық ритмика, музыканың ырғағымен жүру, жүгіру, секіру, ритмикалық жаттығулар, өлең айту, сюжеттік қимыл - ойындар кеңінен қолданады.

Slide 9

Брадилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі.

брадилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:

Нақты сөйлеу артикуляциясын тәрбиелеу;

Сөйлеу реакциясын жылдамдату;

Оқу мен жазудың жылдамдығын күшейту;

Моториканы қалыпқа келтіру;

Қолдың праксисін қалыптастыру;

Көру және есту зейінін дамыту;

Ырғақтылықты қабылдау мен қайталауын дамыту

Slide 10

Тахилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі.

Тахилалияны түзету жұмысының негізгі мақсатына: баяу, жатық, біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу; баяу ырғақты оқу; байсалды, ырғақты сөйлеу, ұжымда қатынас кезінде тиімді жағдай жасау, сөйлеуде жалпы және есту зейінін қалыптастыру жатады.

Тахилалиямен зақымдалған жасөспірімдер мен ересектермен логопедиялық жұмыс кезеңдерге бөлініп жүргізіледі.

Slide 11

Тахилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардағы сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету
Балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды диагностикалау және логопедиялық тексеру әдістері мен қағидалары
Балалардағы сөйлеу тілінің патологиясы: себептері, түрлері және логопедиялық түзету әдістері
Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету
Сөйлемейтін балалармен логопедиялық түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен әдістері
Ш және Ж дыбыстарының артикуляциясы мен логопедиялық түзету әдістемесі
Балалардың сөйлеуін логопедиялық тексерудің қағидалары мен кезеңдері
Дислалия: анықтамасы, түрлері және логопедиялық түзету
Арнайы мекемелердегі диагностикалау мен түзету: еңбекке баулу, логопедиялық қызмет және Multikid жүйесі
Дизартрия кезіндегі логопедиялық түзету жұмыстары: теориясы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz