Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі




Презентация қосу
Мектеп жасына дейінгі
балалардың еңбек тәрбиесі
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу біздің қоғамымыздың
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Еңбектің
маңыздылығы туралы халық даналарының сөзінде де
жақсы айтылған. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың
жүрегіне, ойының дамуына, тәртібіне, қоршаған
ортасына деген қарым – қатынасының дамуына үлкен
әсер етуге болады.
Сондықтан еңбек тәрбиесіндегі басты мақсат – жеке
адамның дамуына әсер ету.
01
Жастарды өмірге, еңбекке араласуға дайындау,
жан-жақты қажеттілігін қанағаттандыру бүгінгі
күні басты мәселе болып отыр. Еңбек
тәрбиесінің басы мектепке дейінгі жастағы
балалардан басталады. Бала бұл уақытта
алғашқы рет жеке әрекетінде қажеттілікті біледі,
өз ойын айтып, өзін қызығушылығы мен
қажеттілігі бар адам ретінде көрсетеді. Бұл
қажеттілікке тәрбиелеу – баланы еңбекке
тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі.
Адам еңбегі қоғамда материалдық және
рухани құндылықтарды жасауға
бағытталған. Бала еңбегінің мұндай
мағынасы жоқ. Балалар еңбегінің
қорытындысы баланың өзінің және өзін
қоршаған адамдардың қажеттілігін
қанағаттан- дырады.
Бала еңбегін толық бағалау қиындық
туғызатынына келісеміз. Бірақ мектеп жасына
дейінгі бала еңбек әрекеті кезінде шын еңбек
етіп жатырмын деп есептейді, өзінің
қажеттілігін қанағаттандыратынын, оны
үлкендердің көмегінсіз істей алатынын түсіне
бастайды. Баланы еңбекке араластыру оған өте
маңызды, бала жеткен жетістігінен жоғары
эмоциялық өрлеу және қуаныш сезінеді. Бала
еңбегін бағаламау мектеп жасына дейінгі
баланың еңбек етуге деген қызығушылығын
төмендетеді. Сондықтан бала әрекетін бағалау
кезінде оның еңбекке көзқарасына, қоршаған
ортаға қуаныш сыйлағысы келетінін, өзіне
кішкене болса да қажетті зат жасағысы
келетініне көңіл аудару керек.
Еңбек баланы қызықтырады,

өзінің мүмкіншілігін жеткен жетістігіне
сезіндіреді, қуантады

ал біріккен әрекет балалардың жалпы эмоциялық
күйзелісін жеңілдетеді.
Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінде
ойынмен байланыс анық көрінеді.
Ойында алғашқы қимылды әрекеттер
жасайды, онда еңбек әрекетін еске
түсіретін еңбек операцияларының
қиялы болады. Ойын маңыздылығы тек
қана осымен шектелмейді, рөлді
әрекеттерде бала үлкендер еңбегін
көрсетеді. Үлкендер рөлін өзіне ала
отырып, орындалатын әрекетке
эмоциялық қарым-қатынас жасап
орындауға тырысады. Ол эмоциялық
өрлеуді, қуанышты сезінеді, оның
сезімі еңбеккердің сезімімен сәйкес
келеді.
Ойын процесі баланы еңбек әрекетін орындауға
шақырады, мысалы қуыршақты шомылдыру. Мұндай
әрекеттер алғашқы еңбек шеберлігін арттыруға
көмектеседі. Бұл уақытта баланың қызығып
еңбектенгені соншалық ол өзінің мақсатын ұмытып
кетеді. Кезекшілік атқарып жүрген бала столға
жайпақ табақпен бояуларды тасиды. Бояуды қойып
болған соң жайпақ табақты бала машинаның рөліне
айналдырып жүргізуші болып келесі бояуды әкелуге
кетеді. Немесе зообақ қызметкері болады, оған
балықты, құсты жемдеу тапсырылған кезде ол
дәрігер қызметін атқарып олармен сөйлесіп,
қажеттілігін түсінгендей болады.
Ойын басқа жағынан қарағанда
еңбекке қызығушылық оятатын
себеп. Мысалы, бұлақ ойнау үшін
бірінші онда жүзетін қайық жасап
алу керек. Ойын аяқтал ғаннан
Бала еңбегіндегі кейін еңбек әрекеті қажет болады.
Кубиктерден сарай салынды -
ойын қалған материалды орнына жинау
керек, қораптан ойынға қажетті
заттарды алып ойнайды - ойнап
болған соң қорапқа қайта жинау
керек, ойынды драматиза циялауға
қажетті атрибуттарды дайын дайды
– қағаз қиындыларын жинап,
қылқаламды жуып, әр затты орнына
қою керек.
Мектепке дейінгі жаста ойын мен еңбектің бір-бірімен
байланыстылығы көрінеді:

- Еңбек процесіне ойын
әрекетін енгізгенде;

- Еңбеккердің
- Ойын сюжетін
бейнесін жасаған
құратын өнімді
кездегі баланың
әрекеттерде;
рөлдік мінез-құлқы.

- Үлкендердің рөлін -Еңбек әрекетін
орындайтын балалардың ұйымдастырғанда.
қозғалыс әрекеттері;
Еңбек тәрбиесінің құралы:
- үлкендер еңбегімен таныстыру;
- еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек
әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау;
- еңбек мағынасын балаларға ыңғайлы етіп
ұйымдас- тыру.
Балабақшаның педагогикалық процесінде осы
айтылғандар бір-біріне тығыз байланыста
қолданылады. Осы құралдарды қолдану арқылы
балалардың еңбек дағдыларының дамуын
есептегенде педагог жұмысының мазмұны
күрделене түседі.

Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің әдістері
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Ата физикалық мектепке және сурдопедагогикалық ұйымдастыру
Роликті конькимен сырғанау
А.П. Усованың мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан үлесі
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК
Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбекке деген көзқарасын дамыту
Тәрбиешінің мінсіз тәрбиеші туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу
Пәндер