Антропогенез кезеңдері




Презентация қосу
Антропогенез кезеңдері
Stages of anthropogenesis

Сабақтың тақырыбы:
• Антропогенез кезеңдері. Проантроптар.
Архантроптар. Палеоантроптар.
Неоантроптар

Оқу мақсаты : 10.2.6.4 Антропогенездің
кезеңдерін атау
Starter …
ер і
е ң д
у кез
да м
их и
т ар
ны ң
дам
А
Антропогенез.

• Адамның шығу тегін , тарихи даму кезеңдерін,
нәсілдік ерекшеліктерін , материалдық және
рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым
–антропология деп аталады. Антропология сөзі
гректің «antropos»- адам , «logos»-ілім деген
сөздерінен алынып, адам туралы ғылым деген
ұғымды білдіреді.
• Антропология ғылымының негізгі бір
саласы – антропогенез.
Протоантроп
Бұдан 12-9 млн жыл бұрын ежелгі адамтектес
маймылдың бір тобынан ежелгі адамдардың арғы тегі –
аустралопитектер бөлінген.
Ол латынша “australis”- оңтүстік ,грекше“pitekos”- маймыл , яғни “оңтүстік
маймылы“деген ұғымды білдіреді. 1924 жылдан бастап Оңтүстік
Африкадан ,Танзания(Олдовай қойнауы),Эфиопия(Омо өзені
аңғары) Кениядан (Рудольф көлі маңы) табылған.
• Тік жүрген, ми көлемі - 530см3; қарапайым құрал
жасай білген,топтасып тіршілік еткен.
• Африкалық Афарлық
Аустралопитектер.
Олардың көптеген казба қалдықтары Оңтүстік және
Шығыс Африка аумағынан табылған.
Аустралопитектер ізашарларына карағанда адамға
көбірек ұқсас болған, Олар тік жүрген (бойы 120—
130 см, салмағы 25—45 кг), беті жалпактау...
Адамның тарихи дамуы
3 кезеңнен:

1. Ежелгі адамдар (Архантроптар )
2. Ертедегі адамдар (Палеоантроптар )
3. Қазіргі адамдар (Неоантроптар)
Ежелгі адамдар (Архантроптар )

• 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа
аралынан тасқа айналған ежелгі адамның
қазба қалдықтарын тапты .
• Бұл қаңқа қалдықтары 1,9млн.- 650 мың
жыл аралығында өмір сүрген адамдікі.
Эжен Дюбуа питекантроп (маймыладам)
деп атады.
Тік жүретін адам.
• Ми салмағы -900г. Тік жүретін адам (Homo
erectus) .Маңдайы тайқы, әрі жазық, иегі
алға қарай шығыңқы емес.
• Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң
аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған
қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып
өмір сүрген — осылай жауларынан қорғану, азық
табу, аң аулау, тұрғын жай салу оңай болған.
Кейбір табылған қалдықтар олардың отты
пайдалана білгенін дәлелдейді.
• Тік жүретін адамдардьң негізгі эволюциялык
жетістігі — тас құралдарын жасау, абстрактілі
ойлау және сөйлеу нышаны болған.
Ертедегі адамдар (Палеоантроп )

Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. 300—400
мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңқа
қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь
аңғарына байланысты аталған.
Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді
және ми көлемі 1600 см3-ге жуық болған. Мысалы,
қасүсті доғасы шығынқы, иегі аса жетілмеген.
Қазіргі адамдар (Неоантроптар)

• Олардың бойы биік (180 см-ге дейін),
миынын көлемі 1800 см3 болған.
Кроманьондықтарда осы заманғы
адамдарға тән барлық белгілер болған; бас
сүйегі көлемді, иегі шығынқы, айқын
көрінеді. Осы заманғы алғашқы
адамдардан эволюция барысында Саналы
адам пайда болды. Біз де Саналы
адам (Homo sapiens) түрінің өкіліміз.
• Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын
ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыз да орынды
бағалаған. «Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары
сатыға көтерілген. Еңбек адамды хайуанаттар
әлемінен бөліп алып жоғары көтерді,оның дене және
рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызды»,-деп өте
маңызды тұжырым жасаған.
Деректерге сүйенсек ...
А. Homo habilis – епті адам,бұдан 3-2млн жыл бұрын тіршілік еткен,
миының салмағы 650г. Малта тастардан қарапайым құрал жасай білген.
В. Homo erectus –тік жүретін адам, питекантроптар - ежелгі
адамдар(архантроптар),1млн-500мың жыл аралығында өмір сүрген,ми
салмағы 750,900,кейде 1000-1100г-дай.(питекантроп, синантроп,
гейделберг)
Ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген,тастан
құралдар жасағанды жетілдірген.Басты ерекшелік - сөз қарым-қатынас
құралы болған.Негізінен үңгірлерде өмір сүрген.
С. Homo sapiens – (неонтроп, кроманьон) 50-30мың жыл бұрын ми
сауытының көлемі шамамен 1400-1600см3. Өздері баспана салып, сонда
тұрған.Аң аулау үшін тастан, сүйектен әртүрлі құралдар жасай
білген.Үңгірлерге суреттер салған.Тайпа,ру болып өмір сүру салты
қалыптасқан.Неоантроптарда әлеуметтік факторлар басты роль атқарған.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
Антропогендік іс әрекет және гидросфера, антропогенез, педосфера
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера. Геожүйелермен экожүйелердің жер-топырақ ресурстарының күйіне антропогендің әсер етудің зардаптары
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера
Адамның шығу тегі
Антропогендік іс әрекет және гидросфера
Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы
Дүние болмысы екі деңгейде
Философиялық антропология
Философиядағы адам мәселесі
Пәндер