Сапаға жол



Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг
(МОДО)
«Сапаға жол»
Жаңа технологиялардың білім сапасын көтерудегі үлесі

Ой қозғау
Ол бәрінде бар, тек ол ешкімдікі емес.
Түрлі техника, технология мен құрал қолдансақ та ол бізге жетпейді.
Біреу үшін, біреу үшін өтпейді.

Мақсаты: Ұстаздармен өз тәжірибемізде оқушылардың ББЖМ-ға дайындық сапасын және белсенділігін арттыруда қолданылып жүрген қарапайым әрі нәтижелі тиімді әдістермен бөлісу.
Міндеттері: - Тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану; - Педагог қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу; - Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. Күтілетін нәтиже: мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі, әдістемелік көмектер алады.

Оқушыларды дайындаудағы тиімді әдіс-тәсілдер
«Кейс-стади»
«Броундық қозғалыс»
«Бір минут»
«Құрастыр және жауап бер»
«Аквариум»
«Терминдер конверті»

«Құрастыр және жауап бер»
Тестке дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді.


«Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл тестке дайындыққа жақсы көмектеседі.
«Броундық қозғалыс»
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Аквариум» әдісі
Оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге және шығуға мүмкіндік береді.
Өткізу кезеңдері
Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі (белсенді қатысушылар) .
Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен ұсынылған сұрақты талқылауға белсенді қатысады. Басқа оқушылар бақылайды және олардың қайсысының нұсқасы қызықтырғанда ғана сөз сөйлейді; олар толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды. Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс.
Бір проблеманы (сұрақты) талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар шеңберге отырады) . Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы керек.

«БІР МИНУТ» әдісі
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Әдісті жүзеге асыру алгоритмі
Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
Ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.
Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.
Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

«Кейс-стади» әдісі
Тиімділігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді.
Қолданылуы: Жұмысты жүргізу үшін жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

Платформаның түрлері
quizizz. com
forms. google. com
kahoot
wordwall. net
bilimland. kz
plikers. com

«Quizizz. com» платформасы арқылы тест тапсырмалары
Биология 9 кл 2 тоқсан Quizizz

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдер мен платформаларды пайдалану арқылы білім алушылардың ойлау, есте сақтау, білімділік дағдыларын қалыптастыруға, дайындық сапасы мен белсенділігін арттыруға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz