Дисперсті жүйелер
Презентация қосу
Қазақстан-Ресей медициналық университет
БОӨЖ
Дисперстік жүйелердің қасиеттері
ОРЫНДАҒАН: БЕКТЕМИРОВА САБИРА
ТОП: 108-Б ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
ТЕКСЕРГЕН: ЖИЕНБАЕВА Л.Б.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі.
2. Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты.
3. Коллоидтық жүйелердің молекулалық- кинетикалық және оптикалық қасиеттері.
4. Коллоидтық бөлшектердің құрылысы және электрлік заряды. Электрокинетикалық
құбылыстар.
5. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы.
ІІІ.Қорытынды:
ІV. Қолданылған әдебиеттер
1. Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі.
Коллоидтық химияны беттік құбылыстар және
дисперсті жүйелер туралы ғылым деп атауға болады.
Барлық дисперсті жүйелерге тән негізгі екі белгі бар:
жоғары дисперстілік (майдалану) және
гетерогенділік. Дисперсті жүйелердің гетерогенділігі
мынадан көрінеді: олар өзара ерімейтін кем дегенде
екі фазадан (дисперсті фазадан және дисперсті
ортадан) тұрады.
Дисперсті фаза - ұнтақталған ұсақ бөлшектер.
Дисперсті орта-дисперсті фаза бөлшектерін біркелкі
таратушы газ, сұйық, не қатты зат. Дисперсті жүйе түсінігі
коллоидты жүйе түсінігіне қарағанда кеңірек. Коллоидты
жүйелер деп дисперсті фаза бөлшектерінің ұнтақталу
дәрежесі жоғары гетерогенді жүйелерді айтады. Академик
П.А. Ребиндердің айтуы бойынша, қазіргі коллоидты химияны
дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстардың физикалық-
химиясы деп анықтауға болады. Коллоидты химия
бөлшектердің ерекше-коллоидты дәрежедегі күйін
сипаттайды. Мұнда ірі дисперсті жүйелер (суспензия,
эмульсия т.б.) де зерттеледі.
Дисперстілік – коллоидтық химия
нысандарының ерекше белгісі. Ол
бөлшектердің өлшемдерімен анықталады.
Кез-келген заттың майдалану дәрежесін
дисперстілік (Д) шамасымен сипаттаймыз. 1
Д= ; (см -1 ) а
Бөлшектің дисперстілігі артқан сайын оның
меншікті беттік ауданы (S менш ) да
артады. S менш = S/V немесе S менш =S/m S –
бөлшектік беттік ауданы, см 2, м 2 ; m –
бөлшек массасы, г, кг; V – бөлшек көлемі, см
3, м 3 ;
2. Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты
Дисперсті жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді:
А) Бөлшек өлшеміне байланысты жіктеу. Бөлшектердің ұнтақталу дәрежесіне
(дисперстілігі) байланысты дисперсті жүйелерді үш топқа бөлеміз: Ірі дисперсті
жүйелер (жүзінділер, суспензия, эмульсия, ұнтақтар), бөлшектердің радиустары
–10 -7 м. Коллоидтық – дисперсті жүйелер (зольдер), бөлшектердің радиустары –
м. Молекулалық-иондық (шынайы) ерітінділер, бөлшектердің радиустары м кіші.
Ә) Фазалардың агрегаттық күйлері бойынша жіктеу. Дисперсті жүйелерді
агрегаттық күйлері бойынша 8 түрге бөледі (9-шы газдағы газ жүйесі гомогенді
молекулалық болғандықтан, мұнда енбейді). Дисперсті жүйені белгілегенде
алдымен дисперсті фаза, сонан соң, бөлшек сызық арқылы дисперсті орта
жазылады. Осы жүйелердің белгіленуі мен мысалдарын келесі 2-кестеде
көрсетілген.
Б) Дисперсті фаза бөлшектері арасындағы өзара әрекеттесулерге
байланысты дисперсті жүйелер екіге бөлінеді: Еркін дисперсті жүйелер,
дисперсті фаза бөлшектері өзара байланыспаған, олар өзара тәуелсіз
қозғалады (лиозольдер, аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар).
Байланған дисперсті жүйелер: Фазалардың біреуі құрылымды байланған,
еркін қозғалмайды. Оларға гельдер, ұйымалар, көбіктер, түтікшелі-кеуек
денелер, қатты ерітінділер жатады.
В) Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша.
Дисперсті жүйе фазаларының өзара әрекеттесуі дегеніміз сольватация
(гидратация) үдерістері, яғни дисперсті фаза бөлшектерінің жанында
дисперсті орта молекулаларының сольватты (гидратты)
қабықшаларының түзілуі. Фазалардың молекулааралық әрекеттесуінің
қарқыны бойынша дисперсті жүйелерді 2-ге бөледі: Лиофильді
(гидрофильді) жүйелер – дисперсті фаза мен дисперсті орта бөлшектері
арасындағы әрекеттесулер өте жоғары. Лиофобты (гидрофобты) – екі
фаза арасындағы молекулааралық әрекеттесулер нашар өтеді.
Коллоидты лиофобты ерітінді (золь) - кем дегенде үш
компоненттен тұратын ультрамикрогетерогенді жүйе.
Олар: дисперсті фаза, дисперсті орта және
стабилизатор (тұрақтандырғыш), соңғысы фазалардың
бөліну қабатында адсорбцияланып, дисперсті фаза
бөлшектерінің бірігуіне қарсылық жасайды, қорғаушы
қабат түзеді. Термодинамикалық тұрғыдан,
стабилизатор фазалар шекарасында сіңіп, фазааралық
беттік керілуді кемітеді, тепе-теңдіктегі коллоидты
жүйені түзеді.
Коллоидты жүйелерді алу әдістері:
Коллоидты жүйелерді алудың негізгі екі әдісі бар:
1. Дисперстілеу - ірі дисперсті жүйелерді коллоидты дисперсті күйге дейін ұнтақтау.
2. Конденсациялау – атомдарды, молекулаларды, иондарды коллоидты дисперсті күйге
дейін ірілендіру немесе біріктіру.
Дисперстілеу әдісі
1. Механикалық ұнтақтау
2. Вольтты доғада электрлік жолмен шашыратып ұнтақтау.
3.Ультрадыбысты әдіс.
4. Пептизация әдісі жаңадан дайындалған борпылдақ тұнбаға электролит- пептизаторлар
қосу арқылы коллоидты өлшемдегі бөлшектер алады.
Конденсациялық әдістер
Коллоидтық жүйелерді алудың конден-сациялық әдістері физикалық және химия-лық
болып жіктелінеді.
Физикалық әдіс: Булардың конденсациясы (мысалы, тұманның, бұлттардың,
түтіндердің түзілуі) Еріткішті алмастыру (мысалы, күкірттің гидрозольін дайындау).
Химиялық әдістер Стабилизаторлардың қатысында қиын
еритін заттардың түзілуіне әкелетін әртүрлі химиялық
реакцияларға (тотығу, тотықсыздану, гидролиз, алмасу)
негізделген. Мысалы,суды тазалауда пайдалынатын темір (ІІІ)
және алюминий гидроксидтерінің зольдарын гидролиз арқылы
алады:
FeCI 3 +3H 2 O Fe(OH) 3 +3H 2 O
19 Тері ауруларын емдеуде қолданылатын күкірттің гидрозольін
тотығу реакциялары арқылы алады:
2H 2 S+O 2 2S+2H 2 O
Алтынның және күмістің коллоидты ерітінділерін тотығу-
тотықсыздану реак- циялары арқылы алады: 2AgNO 3 +H 2 O 2
2Ag+ O 2 +2HNO 3 2HAuCI 4 +3H 2 O 2 2Au+8HCI+3O 2
3. Коллоидтық жүйелердің молекулалық-
кинетикалық қасиеттері.
Үдемелі және айналмалы броундық қозғалыстың теориясын өзара тәуелсіз
А.Эйнштейн және М.Смолуховский ( ж) жасады. Бұл теорияға сәйкес
бөлшектердің жылулық қозғалысының бағыты және жылдамдығы олардың
дисперсті орта молекулаларымен соқтығысуымен анықталады. Бөлшек барлық
жағынан соққыға жығылады. Әр молекуланың соққысын немесе қозғалысын
бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайда статистикалық әдістерді қолданады.
Статистикалық заңдар негізінде тәртіпсіз қозғалыс кезінде орташа ығысу
шамасының квадратын (х 2 ) дәл есептеуге болады. Бұл шама, Эйнштейн
көрсеткендей, радиусы r шар тәріздес бөлшек үшін былай анықталады: х 2 =
RTt/3πηr N A мұндағы R–универсал газ тұрақтысы, Т-абсолюттік температура, N
A - Авогадро тұрақтысы, η- орта тұтқырлығы, r-бөлшектер радиусы.
4. Коллоидтық бөлшектердің құрылысы және
электрлік заряды.
Электрокинети- калық құбылыстар. Мицелла – қос электрлік қабатпен
қоршалған дисперсті фазаның бөлшегі немесе құрылымдық коллоидтық
бірлік. AgNO 3 + KI AgI + KNO 3 {[mAgI], nAg + (n-х) NO 3- } х+ хNO 3 -
{mАgI nI - (n-х)К + } х- хК +
Коллоидты ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері:
Электрокинетикалық құбылыстар дегеніміз, электр тоғы қатысатын, екі
фазаның салыстырмалы қозғалуы кезінде гетерогенді жүйелерде пайда
болатын процестерді айтады:
1. Электрофорез – сыртқы электр өрісі әсерінен дисперсті фазаның
зарядталған бөлшектерінің дисперсті ортаға қатысты қозғалуы.
2. Электроосмос – дисперсті ортаның дисперсті фазаға қатысты
сыртқы электр өрісінің әсерінен қозғалуы.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz