Терең рефлекстер
Презентация қосу
МАЛДЫҢ СЕЗГІШТІК, ҚОЗҒАЛЫС
Қ АС И Е Т Т Е Р І Н , Р Е ФЛ Е КС Т Е РД І Т Е КС Е Р У
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : УА Х И Т РА Й Ы М Б Е К
Т Е К С Е Р Г Е Н : А Й Т КОЖ И Н А А . Ж
ТОП:21-08
Астана 2023 ж
Жоспары:
• ЖЖ зерттеулерінің маңызы (этиологиясы, жіктелуі, негізгі
аурулары).
• Сезім мүшелерін, сезімталдықты, қозғалыс мүшелерін зерттеу.
• Рефлекстер және вегетативті ЖЖ.
• Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістері бар малды зерттеу кезінде өте сақ болу қажет, себебі листериоз, лептоспироз,
құтыру , т.б. індетті аурулар адамдарға өте қауіпті деп есептеледі. Жүйке жүйесін зерттеу жұмыстары келесі тәртіп бойынша
жүргізіледі:
• 1) малдың мінез-құлқын зерттеу;
• 2) бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу;
• 3) сезім мүшелерін;
• 4) сезімталдығын;
• 5) тірек-қимылын;
• 6) рефлекстерді;
• 7) вегетативтік жүйке жүйесін;
• 8) ликворды тексеру.
• Малдың мінез-құлқын зерттеу. Қарау арқылы малдың сыртқы қоздырғыштарға реакциясын анықтап (дыбыс беру, азық беру
шулары, т.б.), оның темпераментін (сыртқы әсерлерге сезгіштік) және патологиялық өзгерістерінің бар, жоғына назар
аударады. Қазіргі уақытта малдың мінез-құлқына өте үлкен көңіл аударылады. Тіпті арнайы ғылым, этология деген пайда
болды. Малдың жүйке жүйесінің патологиясы кезінде мінез-құлқы қатты өзгереді. Оның бұзылуына қозу және жабығу
өзгерістері жатады. Қозу жағдайында ми қабығының қозғыштығы жоғары болғандықтан барлық психикалық және қозғалу
қызметтері күшейеді. Бұл жағдай менингоэнцефалит, бас сүйегінің ішкі қысымының жоғарылауы улы заттардың әсерінен
пайда болады. Қозу жағдайы бір неше түрлерімен сипатталады: алға қарай тоқтамай жүре беру, бір жерде айналып тұру,
артқа қарай жылжу және т.б. Бұл кезде малдың сезімі бұзылады. әсіресе күшті өзгерістер індетті энцефаломиелит, құтыру
ауруында, нитриттермен, тамыр дәрімен (чемерица, вех ядовитый) улану кезінде. Күйзелу өзгерістері төрт түрлі болады:
апатия, ұйқышылдық, ұзақ ұйқы және кома (естен тану). Апатия мен ұйқышылдық көп індетті ауруларда, созылмалы нефрит,
гепатозда кездеседі. Ұзақ ұйқы мен кома ми қабының қызметі күрделі түрде бұзылғанын көрсетеді.
• Көру арқылы малдың бас сүйегінің ми сауытының мынадай ерекшеліктеріне көңіл аударылады: көлемі мен пішініне, оның
мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуі, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).
• Сезім мүшелерін зерттеу. Көру аппаратын зерттеу. Қабақты, конъюнктиваны, көздің қабықшасын, қарашықты
және тор қасықшасын көру кезінде қабақтың қабынуын, көздің жұмылуын және қарашықтың кішіреюін, көздің ақ
қабықшасы мен тор қабықшасында дақтардың пайда болуын немесе қабынуының бар жоғын анықтайды. Малды
жетектеп кедергілер арқылы жүргізіп одан қалай өтетінін анықтайды.
• Есту мүшесін зерттеу. Көру арқылы малдың өз атына, алақанды соққанда шығатын дыбыстарды қабылдауын
бақылаймыз. Сау малдарда есту мүшесінің қызметінің бұзылмағандығын құлақтың елеңдеуі, тыпыршуы, қорқуы
және үркуі білдіреді. Зерттеу кезінде есту мүшесінің шектен тыс күшейюіне және нашар естуіне көңіл аударған
жөн.
• Иіс сезу мүшелерін зерттеу. Ақ жаппа немесе сүлгімен малдың көзін таңып, содан соң малға әр түрлі
азықтарды беру және мүсәтір спиртін иіскету арқылы анықтайды. Азықты және мүсәтір спиртін малдың танауына
әр түрлі қашықтықта жақындату қажет. Иіс сезу жақсы сақталған болса малдың бар ынтасымен азыққа
ұмтылатындығын, ал мүсәтір спиртінің иісінен басын тартып алатындағын байқауға болады.
• Терінің сезу қабілетін анықтау (ауырсыну сезімталдық). Малдың денесінің әр жерін иненің үшын тигізгенде
терінің ауыру сезгіштігін анықтаймыз. Дені сау мал терісіне иненің үшін тигізгенде жауап ретінде басын бұрып
қарайды, құлағын тігеді, тыпыршиды, тері асты бұлшық еттері тітіркеніп жиырылады. Денені инемен шаншыған
кезде, малдың денесін басқа қолдың алақанымен баса сипап түру қажет.
• Тері түгінің тітіркендіргіш сезінуін анықтау (тактилді сезімталдық). Сүлгімен малдың көзін таңып, содан соң бір
тал сабанды денеге тигіземіз немесе жүнді үрлейміз. Дені сау мал жасалған әсерге жауап ретінде тері асты
бұлшық еттерін жиырады, басын бұрып қарайды, құлағын тігеді, тыпыршиды.
• Терең сезімділігін зерттеу. Ірі малдарды алдыңғы аяғын алға шығарып не аяқтарын айқастырып анықтайды,
бұзылу болған жағдайда мал жасалынған жағдайда тұра береді, ұсақ малдарды үстел шетіне қояды да үстелдің
қарсы бетін көтереді, бұзылу болса ол тірену қабілетінен айырылып, құлайды.
• Рефлекстерді зерттеу. Рефлекстерді зерттеу кезінде малдың көздерін сүлгімен
немесе ақ жаппамен таңып қойып, теріге балғашық сабымен нұқып немесе
таяқшаны тигізу арқылы малдың жауап беру қимылын анықтайды. Дені сау
малдарда тері асты бүлшық еттері жиырылады. Ауру малда рефлекстер
әлсірейді, күшейеді немесе мүлдем тежеледі.
• Осы әдістерді қолдана отырып төмендегі рефлекстерді зерттеуге болады:
• Сыртқы рефлекстер:
• А. Тері рефлекстер (шоқтық рефлексі, қүрсақ рефлексіалдыңғы,
ортаңғы, артқы,
құйрық рефлексі, артқы тесік рефлексі, тұяқ рефлексі, кремастер рефлексі
(еркек малдарда).
• Б. Кілегей қабық рефлекстері (жөтелу рефлексі - кеңірдектің алдыңғы
сақиналарын қысқанда пайда болады, түшкіру - кеңсіріктің кілегей қабықшасын
тітіркендіргенде пайда болады, қасаң қабық рефлексі - жұмсақ затпен қасаң
қабыққа тигенде пайда болады).
• Терең рефлекстер:
• 1.Тізе (тобық) рефлексі - балғашықпен тізе сіңірін жай ғана ұру арқылы анықталады.
• 2. Ахиллов сіңірінің рефлексі - балғашықпен ахиллов сіңірін ұру арқылы анықталады.
• Тірек және қимыл жүйесін зерттеу. Қарау, пальпациялау және малды жүргізу арқылы
малдың тұлға, аяқ және басқа бұлшық еттерінің жиырылуын анықтайды. Бұлшық еттің
гипотониясы мен гипертониясының бар не жоқ екеніне көңіл аудару қажет.
• Қарау арқылы малдың қалай жүретін, оған қатысатын бұлшық еттер мен мүшелердің
кезектесіп келуін бақылайды. Статикалық не динамикалық атаксиялардың бар не жоқ
екеніне көңіл аудару қажет.
• Қарау арқылы малдың жүруін бақылайды. Сал болулар (параличтер), дірілдеулер,
құрысқақ, гиперкинездер, тремор және көз жыпылығының (тик) бар не жоқ екеніне көңіл
аудару қажет.
• Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік
жүйке тамыр жүйесінің ақауын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз-жүрек
рефлексі қолданылады. Ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт
аралығындағы санын анықтайды. Сонан соң Шаптала аспабымен немесе қол
саусақтарымен көз шарасын 20-30 сек сынап бағанасы шамасындағыдай күшпен басады.
Сау малда жүрек соғуының жиілігі азаяды, бірақ / аспайды. Ваготония кезінде жүрек
соғуының жиілігі / асып азаяды, ал симпатикотония кезінде жүрек соғуы азаймайды,
кейбір жағдайларда көбейеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz