Жеке кәсіпкерлік




Презентация қосу
* Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық иснституты

Жеке кәсіпкерлік

Орындаған:Рустем А.
Қабылдаған:Үкібасова
Қ.
*Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз
атынан мүліктік жауапкершілікке
негізделе отырып жүзеге асыратын
дербес бастамалық қызметі. Жеке
кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің
меншікті капиталымен
қаржыландырады, барлық тәуекелді
өзінің мойнына алады және осы
қызметке байланысты өзінің
міндеттемелері бойынша барлық
мүлкімен жауап береді. Жеке
кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті
пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге
асыралады, сонымен қатар заң
актілерімен шектелмеген шаруашылық
қызметтің барлық түрін де жүргізеді.
*Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:
*мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай
меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың
мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
*шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз
мүлкімен қатысу;
*келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және
жұмыстан босату;
*еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін
өздерінше белгілеу;
*шаруашылық қызметтің бағдарламасын
қалыптастыру;
*жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
*бағалар мен тарифтерді белгілеу;
*таза пайданы пайдалану;
*сыртқы экономикалық қатынастарда болу.
*Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге -
заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі
(мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың
заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі
(жеке кәсіпкерлік) деп бөлуге болады.
*Жеке кәсіпкерлік түрлері:

*1) өзіндік кәсіпкерлік (бір азамат)

*2) біріккен кәсіпкерлік (азаматтар тобы)

*Өзіндік кәсіпкерлік бір азаматпен жеке меншік құқығы бойынша оған тиісті мүлік
негізінде және мүлікті пайдалану мен иемденуге рұқсат беретін басқа да құқық
негізінде жүзеге асады.

*Біріккен кәсіпкерлікті азаматтар тобы оларға ортақ меншік құқығы бойынша тиісті
мүлік негізінде және мүлікті бірігіп пайдалану мен иемденуге рұқсат беретін басқа
да құқық негізінде жүзеге асады.

*Біріккен кәсіпкерліктің нысандары:

*- жұбайлар кәсіпкерлігі жұбайлардың ортақ біріккен меншігі негізінде жүзеге
асырылады;

*- жанұялық кәсіпкерлік крестъяндық шаруашылықтың ортақ біріккен меншігі және
жекешелендірілген үйге ортақ біріккен меншік негізінде жүзеге асады;

*- жай серіктестік, мұнда кәсіпкерлік қызмет ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге
асады
*Нормативті–құқықтық қамтамасыз ету. Тәуелсіздік
алғалы кәсіпкерлікті қолдау жөнінен қомақты құқықтық
база құрылды. Республикада шағын және орта
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың
негізгі бағыттары мына заңдарда ресми бекіген:
Қазақстан Республикасы Президентінің “Азаматтар мен
заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне
құқығын қорғау туралы” 1998 жылдың 27 сәуірдегі
Жарлығы; Қазақстан Республикасының “Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылдың
19 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасының
“Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 ж. 19 маусымдағы
Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын
кәсіпкерлікті дамыту мен белсендендіруді мемлекеттік
қолдауды күшейту туралы” Қаулысы; Қазақстан
Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” 2006
жылғы 31 қаңтардағы Заңы және т.б.

*
«Жеке Кәсіпкерлік туралы» Заңның 6-бабы, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын заңды тұлға тек азаматтық заңмен көзделген ұйымдық-
құқықтық формада кұрыла алады, сол себепті коммерциялық ұйымдардың жеке
кәсіпкерлігінің ұйымдық-кұқықтық формалары шаруашылық серіктестік, акционерлік
қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін (ҚР АК 34-бабы 2-тармағы).
Коммерциялық емес ұйымдарды айтатын болсақ (мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну
кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестік түрінде және заң актілерімен көзделген
басқадай формада (ҚР АК 34-бабының 3-тармағы), онда олар кәсіпкерлік қызметпен
өздерінің жарғылык мақсаттарына сәйкес қана айналыса алады.
*Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір
етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”,
“-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін
қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”,
“мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші
қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың
келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең
келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де
қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с”
жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін
екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен
байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде
қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”,
“-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы:
“кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің
осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші
болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа
етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп,
сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы:
“Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің
анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш
қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді.
Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз
белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын
сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын
қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.
Үй тапсырмасы:
1.Кәсіпкерліктің мәні.
*2.Кәсіпкерлік түрлері және кәсіпкерлік
формалары
*3. Жеке кәсіпкерліктің
артықшылықтары мен кемшіліктері

Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік ұғымы
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Қылмыстық жауапкершілік
Кәсіпкер құқығының азаматтық құқықтық тәртібі
Кәсіпкерлік субъектілері
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Шаруашылық жүргізу субъектілерін шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу критерийлері
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
Пәндер