Суармалы жүйелерді қайта құру




Презентация қосу
ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР
МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫН КЕШЕНДІ
ҚАЙТА ҚҰРУ

Орындаған:Бейсенбек Б
Қабылдаған:Рыскулбекова Л
ЖОСПАРЫ:
1) Суармалы жүйелерді қайта құру
2) Суармалы жүйелерді қайта құруды жоспарлау және жобалау
3)Суармалы жүйелердегі қайта құрылатын нысаналардың кезектілігін
таңдаудың сынақтық көрсеткіштерін оңтайлау
1. Суармалы жүйелерді қайта құру

Суармалы жүйелерді қайта құру - бұл жұмыс жасап тұрған жүйелердің
техникалық деңгейін көтеруге және олардың суармалы тізбегінің негізгі
параметрлері мен конструкцияларын өзгерту жолымен сумен қамтамасыз етуге
ескірген ғимараттарды жаңасымен ауыстыруға, су режимін басқаруды автоматты
түрде жүргізуді ендіруге; суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға
және суарудың нәтижесінде болатын негативті салдарларды болдырмауға. қоршаған
табиги ортаны қорғауға және адамның өмір сүруіне және жұмыс жасауына ыңғайлы
жағдай жасауға бағытталған кешенді іс-шаралар.
Қайта құрудың мақсаты - мелиоративтік жердің өнімділігін көтеру,
ауылшаруашылығы өндірісінің өнімін арттыру және оның өзіндік құнын төмендету,
ресурсты үнемдейтін мехнологияларды және еңбекті ұйымдастырудың жаңа
әдістерін енгізу негізінде еңбек өнімділігінің жағдайын жақсарту және көтеру,
бөлек нысаналардың, немесе толығымен жүйелердің сенімділігін және ұзақ
өмірлігін көтеру; топырақтағы су, жылу, ауа және қоректік заттардың режимдеріне
оңтайлы жағдай жасау; жер және су ресурстарын кешенді және тиімді пайдалану;
жүйелердің ПЭК. ЖИК, СИК және басқа да жұмыс істеу көрсеткіштерін әдеуір
көтеру; суармалы жерлерде жақсы мелиоративтік жағдай жасау, топырақтың
құнарлығын сақтау және олардың қалыпты жұмыс жасауына қажетті барлық
жағдайларды орындайтын экологиялық жүйелерді жобалау.
Суармалы жүйелерді кешенді қайта құру осы нысанадағы барлық жұмыстардың түрлері
орындалған кезде жүзеге асырылады: суармалы тізбекті қайта құру және сумен қамтамасыз
етуді жақсарту: коллекторлы-кәрізді тізбекті жаңадан тұрғызу және қайта құрудың есебінен
суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, ауылшаруашылық дақылдарын
суарудың жаңа техникаларын және әдістерін енгізу; жерді күрделі және пайдалану
планировкаларын (тегістеулер) жүргізу. Бұл шараларды тұрғын үй және тұрмыстық
ғимараттарды, жолдарды тұрғызумен, сонымен: қатар ауылшаруашылығы өндірісінің
базасын дамытумен қатар жүргізеді.
Жарым-жартылай қайта құру жұмыстардың жеке түрлерін жүргізуді қарастырады:
-каналдардан сүзілуге кететін ысырапты азайтуды қамтамасыз ететін суармалы тізбекті
қайта құру, ғимараттардың жетілген құрылымдарын қол-дану және суармалы судың есебін
ұйымдастыру, ауылшаруашылығы дақ-ылдарын суарудың алдыңғы тәсілдерін қолдану;
-коллекторлы-кәрізді тізбекті жетілген құрылымдармен ауыстыру жолымен қайта құру;
-каналдардың трассаларына керекті өзгерістерді жасай отырып, суарма-лы танаптардың
бетіне күрделі тегістеулерді жүргізе отырып, алдыңғы қатарлы суару техникасын қолдану
мақсатында суарылатын бөлімшелердің түрін және өлшемдерін өзгерте отырып cyapиалы
тізбекті қайта құру;
Мелиоративтік нысаналардың жағдайын бағалау

Ричард Брэнсон
6

Суармалы жердің мелиоративтік жағдайының
жақсаруын өңірдің сортаңдануы мен батпақтануын алдын
ала сақтандыратын және күресетін кешенді іс-шараларды
қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, оларды таңдау
суармалы жерлердегі жасалынған жағдайларға және
қабылданатын шешім-дерді техникалық-экономикалық
негіздеу арқылы жүргізіледі. Жүйелі шаралар топырақтағы
судың, тұздың, ауаның, жылудың және қоректік заттардың
режимдерін реттеуге бағытталған болуы керек, оның ішінде
ауылшаруашылығы дакылдарын суарудың оңтайлы
режимін қамтамасыз ету үшін сортандалған топырақтарды
кәріздеу және шаю жолымен жүргізілуі керек.
Суармалы жерлерді тегістеу пайдалану кезіндегі және күрделі болып бөлінеді. Күрделі тегістеу үрдісі 7
кезінде суармалы бөлімшенің бетіне арнайы қосымша пішін береді. Көлденең немесе көлбеген жазықтық,
топографиялық бет, сонымен қатар биік жердегі топырақтарды ой жерлерге жылжыту арқылы, азғантай тегіс
еместікті жояды.
Танаптың етінің тегістелу дәрежесі дақылдарды суару тәсілі мен техникасына, бедеріне және топырақ-
мелиоративтік жағдайына байланысты. Күрішті бастырып суарған кезде атыздың бетін көлденең жазықтықта
тегістейді, көлбеген жазықтықта тегістеу, бөлімшелердің еңістігі азғантай (0,002 дейін) болған кезде
жүргізіледі, топографиялық бетпенен -отамалы дақылдарды және жаппай себілетін дакылдарды, сонымен
қатар бақтарды және жүзімдіктерді суарғанда жүргізіледі. Тегістелген аудандардағы еңістер тек қана оң
болуы керек: суару бағытында 0,02-ке дейін (ерекше жағдайда - 0,03-ке дейін) және көлденең бағытта 0,002-
ге дейін, сондай-ақ бір бағытта болуы керек және нөлге тең болуы мүмкін.
Пайдалану кезіндегі тегістеу - суармалы танаптардағы агротехникалық іс-шаралар түрінде орындалатын жыл
сайынгы жердің бетік тегістеу, әсіресе жердің бетімен суарған кезде керек. Суармалы жүйелердің жағдайын
бағалау бөлінген күрделі қаржыны игеру кезеңін және орны толу мерзімін ескере отырып жүргізеді, оны
төмендегі келтірілген ернек арқылы анықтайды:

Т ок К / Э Т осв 1 і / Т осв .
мұнда: Ток - игеру кезеңі ескерілген толу мерзімі, жыл; К-суармалы коллекторлы-
кәрізді тізбектерді және қайта құруға және учаскелерді тегістеуге бөлінген күрделі
қаржы, теңге; Э -қайта құрудан түскен күтілетін пайданың қосындысы, теңге; Тосв –
игеру кезеңі, жыл; - і-ші жылы игергендегі жеткен пайданың үлесі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!

Ұқсас жұмыстар
МЕЛИОРАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ПӘНІ
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылықта пайдаланылатын су ресурстары(Өсімдік шаруашылығы)
Егістік жерлер өнімділігін көтеру және орналастыру жұмыстық жобасы
ШЫҒЫСТА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Компьютерлік деңгейдегі интерфейсі
Ақпараттық жүйе түсінігі
Жамбыл облысының территориясы
Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы
Мемлекет пен құқықтың дамуы
Пәндер