МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОБЫ


Slide 1

“АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ” кафедрасы “ТАҒАМ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ” ПӘНІ БОЙЫНША

5 ДӘРІС

НАУБАЙХАНА ӨНДІРІСІ. НАУБАЙХАНА ӨНДІРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНАТЫН МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОБЫ

Slide 2

Бидайдан дайындалатын негізгі өнім - нан. Нан-адам тіршілігіне аса маңызды қоректік тағам болып табылады. Нан өнімдері бидай, арпа, күріш т. б. дәнді дақылдардан дайындалғанымен, ең жоғары үлес бидайға тиесілі. Бидайда қор заттары мол болғандық тан, ол әр түрлі зиянкес микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болып есептеледі. Сақтау кезінде осы микроорганизмедр бидайдың сапасын төмендетеді. Әзірленген нан өнімдеріндегі ең жиі таралған микробиологиялық бұзылу спора түзуші Bacillus subtilis бактериясы әсерінен болады және ол нанда картоп ауруын туғызады. Нан және макарон дайындау кезінде ұн микрофлорасының белгілі бір бөлігі өз тіршілігін жоймайды, кейбір жағдайда өрши түсіп, өнімнің сапасына кері әсер етеді.

Slide 3

БИДАЙ МИКРОФЛОРАСЫ

Әрбір өсімдіктің өзіне тән эпифитті микроорганизмдері болады. Эпифитті микроорганизмдердің саны мен алуан түрлілігі ортаның температурасы мен ылғалдылығына тәуелді келеді. Ауа райы жылы әрі ылғалды болған кезде спора түзбейтін таяқша тәрізді бактериялар, ал ыстық әрі құрғақ болған кезде спора түзетін бактериялар Bacillus subtilis, Bac. mycoides және т. б басым болады. Суық әрі ылғалды жағдайда көбінесе, мицелилі саңырауқұлақтар (Fusarium, Rhizopus және т. б. ) кездеседі. Ал бидайдың сыртқы қабығында үнемі кездесетін әдеттегі микроорганизмдер - Erwinia және Pseudomonas туысына жататын бактериялар.

Slide 4

Erwinia herbicola (шөпті таяқша) -майда тәрізді бактерия, 1, 2 полюсті талшығы бар. Грам теріс, спора түзбейтін факультативті анаэроб. Егер бидайды бірден масақтап алып қарасақ, Erwinia herbicola бактериясының бүкіл микроорганизмедр санының 90 %-ын құрайтынын көреміз. Осы бактериялардың көп болуы бидайдың балаусалығын, жоғары сапалылығын, микробиологиялық тазалығын көрсетеді.

Микрококктар, бацилдер, ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе, дымқыл, бастырылған астықта, 100С температурада 3-4 тәулік бойы сақталған, қызу белгісі бар бидайда кездеседі. Астық жинау процесінде бидай микрофлорасы көбейеді, олардың негізгі қайнар көзі-щаң, құм, лас қоспалар. Бұлардың барлығы бидай массасына бидай ору және астық бастыру кезінде түзеді.

Slide 5

Бидай пісіп жетілген сайын оның құрамындағы қант мөлшері кемиді, крахмал мен гемицелюлоза қоры көбейеді, ферментативті процестердің белсенділігі төмендейді, судың мөлшері күрт азаяды. Осы өзгерістер бидай микроорганизмдер үшін қрлайсыз субстрат, сондықтан олардың көптеген түрлері тыныштық күйге анабиоз өтеді. Піскен құрғақ бидайда көбінесе, эпифитті бактериялар және ерекше топты саңырауқұлақтар болатыны анықталады. Осындай саңырауқұлақ түрінен көп кездесетіні - Alternaria, Helminosporium, Fuzarium, туысына жататын саңырауқұлақтар. Олар бидайдың тамырын шірітеді, шығымын төмендетеді, астықтың өнімділігін 3, 5-15% - ға дейін азайтады.

Slide 6

Бидай микрофлорасының құрамында, Penicillium, Aspergillus, Rhizopus және т. б. туысының саңырауқұлақтары да кездеседі. Олар көбінесе сақталып келе жатқан бидайларда кездесіп, кейбір жағдайда бидайды қыздырып, бұзады.

Сондықтан бұл саңырауқұлақтар сақтау зеңі деп аталып кеткен.

Астық жинау процесі кезінде бидай массасына сапрофиттермен бірге фитопатогенді микроорганизмдер түсуі мүмкін. Олар микоз ауруларын туғызады. Мысалы, қатты және сулы қастауыш, қара күйе, әлжуаз фузариозды бидай. Мұндай бидай түрлерін қосымша дайындықтан өткізіп, таза астықтан бөлек сақтау керек.

Slide 7

Сапрофитті және фитопатогенді микро-организмдермен қатар бидайға патогенді микробтар да түсуі мүмкін.

Олар адам мен жануарда инфекциялық аурулар туғызады. Патогенді микробтар бидайды ауылшаруашылық малдары, құстар арқылы зақымдайды. Бидай патогенді микробтар үшін қолайсыз орта, бірақ белгілі бір уақыт ішінде инфекцияны тасымалдауы мүмкін.

Slide 8

ҰНДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР

Қазіргі кездегі ұн микрофлорасын зерттеу екі өзекті мәселелерді:

- ұнның сапасы мен дұрыс сақталуындағы микроорганизмдердің ролі.

- ұнның әзірленетін өнімдердің сапасына және өнімді шығарған кездегі технологиялық процестерге микрофлораның әсерін шешуге негізделген.

Жаңадан басылған астықтан дайындалған ұнға микрофлора бидайдан келетіні мәлім. Сақтаулы жатқан немесе тасымалданған ұн микрофлорасының сандық және тірлік өзгеруі ұнды сақтау және тасымалдау жағдайына байланысты.

Slide 9

Сақтау кезінде ұнның бұзылуы мен сапасының төмендеуінің басты себебі-микроорганизмдер. Ұнда бидайдыкіндей қорғаныш фунциялары жоқ. Бактериялар, саңырауқұлақтар және микрофлорасының басқа да өкілдері ұнға белсенді түрде шабуыл жасап шапшаң дамиды.

Микроорганизмдер туғызатын ұнның бұзылуына көгеру, шірік иіс шығу, өздігінен қызу және ашу сияқтылар жатады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
СРО МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ӨЗГЕРУ ТҮРЛЕРІ
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Азықты кептіру және сүрлем микробиологиясы
Микробиология аймақтары
Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым - қатынасы
Ауыз қуысының микрофлорасы
МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Асқазан микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz