Әріптестермен қарым - қатынас жасауда педагогтер


Slide 1

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы:

Педагогикалық әдеп»

Оқыған: Садвакасова К. С.

Slide 2

Қр-ның Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы. ҚР-ның 2020 жылғы 12 мамырда №20619 болып тіркелді.

Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдептің кейбір мәселелері

Slide 3

Мақсаты:

Интеллектуал-

дық мәдениетті қалыптастыру.

Тыңдаушылардың педагогикалық этика мен мәдениет туралы білімдерін көтеру;

Мұғалім мен оқушының, мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы педагогикалық этиканың рөлі туралы түсінік беру

Slide 4

Педагогикалық әдеп дегеніміз не?

Slide 5

Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

Slide 6

Оқытушының әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді. Оның жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл -қозғалысынен көрінеді. Білім алушылар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзғарасын білдіреді.

ҮНЕМІ ЖЫЛЫ ШЫРАЙ ТАНЫТУ:

Slide 7

Білім алушыны үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, оның рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Студент өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Оқытушы қолдап отырғанда білім алушылар өздерінің біліктерін бұрынғыдан да табысты іске асырады. Мақтау оларға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арттырады.

ҮНЕМІ МАДАҚТАП ОТЫРУ:

Slide 8

Оқытушы білім алушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, студент сол оқытушының сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер оқытушы сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, білім алушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, олармен тіл табыса алмаса, сабақ үстінде әр түрлі сылтаумен сабақ өтілмесе, оқытушының студент алдында беделі төмендеп оны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Slide 9

Білім берудегі негізгі мақсат білім алушыларды зерделі де, өнегелі маман болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Оларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады. Өзіне сенімді, өз сезімдерін шын айта алады, дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады.

ОҚЫТУМЕН ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ:

Slide 10

Білім алушылармен қарым-қатынаста

мақтауды, мадақтауды,

қолдау көрсетуді, мақұлдауды

қолданыңыз

Оларды ести және тыңдай

алу керек

Жиі-жиі күліп жүріңіз, күлкі

басқалармен

тілдесуге, қарым-қатынас жасауға

көмектеседі

Slide 11

Педагог кәсіптің беделі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалімнің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.

Қандай да бір нысанда өз әріптестерінің сенімін теріс пайдалануға, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жәрдем көрсетеді, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмекке келеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді

КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Slide 12

Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.

ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ

Slide 13

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;

2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді;

3) дәйексіз және дәлелсіз шағымдардан бас тартады, педагогикалық әдіптің бұзылғанына шағым жасаған адамға қарсы жауап шараларын қабылдамайды.

10. Педагогикалық этиканы бұзғаны үшін педагогтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

11. Педагогикалық әдепті сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының тиісті Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестері жүзеге асырады.

Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:

Slide 14

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін

атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің

көрсеткіштері

кәсіпке, қоғамға

деген қарым-қатынас

Тәртіпті болу,

өзіне және

білім алушыларға

сенімділікпен

қарау

Эмоцияналдық

байсалдылық,

әдептілік

Ұжымдағы

әріптестермен

жақсы

қарым-қатынас

Slide 15

Педагогикалық әдеп

тілдесу, қарым-қатынас

жасау кезінде

сөйлесу икемділігінде

білім алушылардың іс-әрекеттерін

ұйымдастыра алу икемділігінде

өзін-өзі ұстай алу және

талап ету икемділігінде

Slide 16


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қадам бағдарламасы
Педагогиканың адамгершілік әдіснамасын негіздеу
Мектепке дейінгі мекемелердегі негізгі құжаттамалар
ПЕДАГОГТЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС СТИЛІ
Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау
Педагогикалық әдеп
Бағалау шкаласы
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет
Педагогикалық менеджменттің принциптері
Менеджмент мектептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz