Балалардың еркін ойындары




Презентация қосу
Мазмұндық модуль 1
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БІЛІМ
БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ.
өтпелі тақырыптар бойынша
перспективалық жоспар құру,
циклограмманы, оқу қызметті
жоспарлау
Тәрбиешілердің іс құжаттары

1.Перспективалық жоспар- әр айға
2. Циклограмма - әр аптаға
3. Оқу қызметтердің жоспарлары –күнделікті
4. Отбасымен жұмыс құжаттары – тоқсан сайын
5. Тәжірибе алмасу дәптері – қажеттілігі бойынша
6. Денсаулық журналы –күн сайын
7. Қатысу жураналы –күн сайын
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ
ЖОСПАР
Перспективалық жоспарлаудың құрылымы қыркүйектен мамырға дейін барлық оқу
жылына көзделген өтпелі тақырыптар бойынша ұйымдастырылған.
Әр тақырып бір айдың ішінде оқытылады
№ ТАҚЫРЫПТАР АЙЛАР
1 Қыркүйек
Балабақша
2 Менің отбасым Қазан
3 Дені саудың жаны сау Қараша
4 Менің Қазақстаным Желтоқсан

5 Табиғат әлемі Қаңтар
6 Бізді қоршаған әлем Ақпан
7 Салттар мен фольклор Наурыз
8 Біз еңбекқор баламыз
Сәуір
9 Әрқашан күн сөнбесін! Мамыр

Өтпелі тақырыптарды таңдау кезінде педагог мектепке дейінгі
ұйымның тақырыптық бағыттылығына немесе тәрбиешінің,
педагог-маманның жұмыс тақырыбына, баланың жас
ерекшелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне бағдарланып
шығармашылық құзыреттілік көрсету керек.
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР КЕЛЕСІ ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ІСКЕ
АСЫРЫЛАДЫ:

1. «Балабақша» - балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік
сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

2.«Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек
міндеттері; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық
мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.

3.«Дені саудың жаны сау»- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, тұрмыста, көшеде,
табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың
қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық,
танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті
жетілдіруге бағытталған.
4. «Менің Қазақстаным» - балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік,
дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық
идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты
тәрбиелеуге ықпал етеді.

5.«Табиғат әлемі»- тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер,
өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық
түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей
байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының
маңызын түсінуге бағытталған.

6.«Бізді қоршаған әлем»- қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің
қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын,
төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
7.«Салттар мен фольклор»- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың
мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне тәрбиелеуге, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты
қалыптастыруға бағытталған.

8.«Біз еңбекқор баламыз»- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына
құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға;
балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

9.«Әрқашан күн сөнбесін»- балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді: жақын адамдарына
сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық
сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.
10. «Өнер көзі – халықта» - адамгершілік-патриоттық тәрбие, өзін-өзі тану, қоршаған ортамен, Қазақстан
халқының және басқа елдердің салт-дәстүрімен, өнерімен таныстыру.
11. «Мен және қоршаған орта» - табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік
негіздерін қалыптастыру, адамдар және олардың мамандықтарымен таныстыру.
12. «Тірі және өлі табиғат» - тірі және өлі табиғатпен таныстыру, табиғатпен өзара әрекет ету, оларға ұқыпты
қарау білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
13. «Жабайы табиғат әлемі» - ғаламшардағы флора мен фаунамен таныстыру, экологиялық тәрбие.
14. «Біз мектепке барамыз» (мектепалды даярлық топқа арналған) – мектеппен таныстыру, мектепке
әлеуметтік бейімделуге даярлау.
15. «Қош келдің Алтын күз!» - күздегі табиғат құбылыстарының өзгерістерімен, Қазақстан өңірлеріндегі
түрлі климаттық жағдайларымен (оңтүстік пен солтүстіктегі күзгі ауа-райы), күздің түрлі мезгілімен
таныстыру: ерте күз, алтын күз, кеш келген күз – астық өнімін жинау мезгілі.
16. «Қызықты қыс мезгілі!» - қыстағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен, қыстың қызықты
мерекелерімен және ермектерімен таныстыру.
17. «Алғашқы тамшылар» - түрлі өңірлердегі күздің түрлі мезгілімен, көктемдегі жеміс-жидектерді
отырғызу, олардың табиғаттағы өзгерістерімен таныстыру.
18. «Жайдары жаз келді!» - жаздағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен таныстыру, жаз – адам
ағзасына жеміс-жидектер арқылы келетін табиғат дәрумендерінің мезгілі.
19. «Жомарт күз» - бау-бақшалардан, егін алқабынан мол өнім жинау туралы білімдерін
қалыптастыру, татулыққа, бірлікке, өзара көмек көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
20. «Ас атасы-нан» - егін науқанына дайындық: егін алқабын жырту, бидай тұқымын себу,
нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру; дихан, наубайшы еңбегімен таныстыру,
олардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
21. «Жыл құстары» - жыл құстары, олардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы білімдерін
кеңейту. Жыл құстары көктемде туған жерге қайта оралып, ұя салады, балапан басып
шығарады.
22. «Жайнай бер, Қазақстаным!» - Отан – туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың,
туған-туысқандарың деген түсінік беру. Отанға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін
қалыптастыру.
23. «Алақай, қыс келді!» - балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін
кеңейту. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Ақ ұлпа
қар жамылған ағаштар, үйлер көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі - қысқы
ойындар: шанамен, шаңғымен сырғанау.
24. «Қыстайтын құстар» - қыстайтын құстар туралы мәлімет беру. Қыста құстарға азық табу қиын,
сондықтан олар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұмытпау керек. Құстардың
табиғатқа тигізетін пайдасы зор, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
25. «Қыс қызығы» - балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Қысқы
ойындарды әңгімелеп айтуға баулу, Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған
заттарды ажырата білу.
26. «Қош келдің, Жаңа жыл!»- балалардың көптен күткен қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің
бірі жаңа жыл туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңа жылды қарсы алу, аяз ата мен ақша қардың келуі,
жаңа жылдық сыйлықтар мен ертегілер, әндер мен билер арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.
27. «Күз сыйы» - көкөніс пен жеміс-жидектердің бау-бақшада өсетіні, олардың аталуы, құрамындағы
кездесетін дәрумендерің адам денсаулығына маңызы туралы түсініктерін кеңейту. «Жомарт күз» деп
неліктен аталатынын түсіндіру, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
28. «Жаңа жылдық сыйлықтар» - туысқандарына және достарына сыйлықтар дайындау, өз
қолдарымен тартымды сыйлықтар жасай білуге баулу.
29. «Аңдардың қысқы тіршілігі»- балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Олар
қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін,
қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін түсіндіру.
30. «Қардың пайдасы» - қар жерді қатты аяздардан, ағаштардың, бұталардың және көп жылдық
өсімдіктердің тамырларын тоңып қалудан қорғайтыны, қардан мұз қалашықтар тұрғызуға, шанамен
және шаңғымен сырғанауға, қардан мүсіндер жасауға қажет екені туралы түсінік беру.
31. «Көктем жаршысы – құстар»- жыл мезгіліне байланысты табиғатта болатын өзгерістер,
көктемде жыл құстары туған жерге оралып, ұя салып, балапан басып шығаратыны туралы түсінік
қалыптастыру.
32. «Жылғалардан су ақты» - жыл мезгілдерін ажырата білу, көктемде күн шуағының жылуымен қар
еріп, сай-салалардан, жылғалардан сылдырап су ағады, табиғат ерекше күйге енеді, алғашқы
бәйшешектер өсіп шығады.
33. «Ғарышқа саяхат» - ғарыш әлемі: зымыран, ғарышкер жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және
оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын
қалыптастыру. Жерді қоршап тұрған планеталар: Күн, Ай, олардың қозғалыстары, күн жер бетіндегі
адамдардың өміріне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне қажет жылу мен жарық шашатыны
туралы түсіндіру.
34. «Жер-Ана!» - Жер – біздің ортақ үйіміз, өзен, көл және теңіздер мен мұхиттар, таулар, орман
мен дала туралы түсінік беру. Жер-ананы сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу
35. «Аспан әлемінің планеталары» - балалардың ғарыш, аспан, Жер, Ай, Жұлдыз планеталары
және күн жүйесінде 8 планеталардың бар екендігі туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың
барлығы Күнді айнала қозғалады. Сол планеталардың бірі-Жер. Күн- үлкен және ең ыстық планета.
Ай- Жер серігі, ол тек түнде ғана көрінеді. Басқа планеталар – Юпитер, Сатурн, Шолпан, Меркурий,
Марс, Уран, Нептун, Плутон туралы әңгімелеп беру.
36. «Көктем жаршысы – құстар» - табиғатта болып жатқан өзгерістер, көктемнің келгені мен
жыл құстарының өлкелеріне ұшып келуі, ұя салуы, балапандар басып шығаруы туралы
түсініктерін қалыптастыру.
37. «Жылғалардан су ақты» - жыл мезгілдерін анықтай білу, көктем белгілерін білу, көктем
ерте түскенде қардың еруі, күн көзінің жылуымен оның жылғаларға айналуы, олардың
мөлдір өзенге құйылуы, табиғаттың оянуы, алғашқы бәйшешектердің шығуын білу.
38. «Қазақстанның ғарышкерлері» - балалардың ғарыш, зымыран, спутник, ғарышкерлер
туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың ғарышқа қызығушылықтарын тәрбиелеу,
оның құпияларын білуге ұмтылу, Жерді қоршаған планеталар, Күн, Ай, олардың қозғалысы,
Күннің Жерге адам, өсімдік пен жануарларға қажетті жылу мен жарық беретіні туралы дұрыс
түсіндіру.
39. «Жер-Ана!» - балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, Жер – біздің ортақ үй
екенін, мұнда өзен, көл, теңіз бен мұхит, тау, жазық дала, орман мен алқаптар бар екенін
түсіндіру.
40. «Аспан әлемінің планеталары» - балалардың ғарыш, аспан, Жер, Ай, Жұлдыздар
туралы, күн жүйесіндегі 8 планета туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың барлығы Күнді
үнемі бір жолмен айналады, ол орбита деп аталады. Осы планеталардың бірі – Жер. Күн –
бұл өте үлкен және ыстық планета, Ай – бұл біздің планетамыздың спутнигі, оны біз түнде
ғана көреміз, Жерді атмосфера қоршайды, сондықтан біздің планетада ауа бар. Басқа да
планеталар Юпитер, Сатурн, Венера, Меркурий, Марс, Уран, Нептун, Плутон туралы айту
әңгімелеу .
40. «Аспан әлемінің планеталары» - балалардың ғарыш, аспан, Жер, Ай, Жұлдыздар туралы, күн
жүйесіндегі 8 планета туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың барлығы Күнді үнемі бір
жолмен айналады, ол орбита деп аталады. Осы планеталардың бірі – Жер. Күн – бұл өте үлкен
және ыстық планета, Ай – бұл біздің планетамыздың спутнигі, оны біз түнде ғана көреміз, Жерді
атмосфера қоршайды, сондықтан біздің планетада ауа бар. Басқа да планеталар Юпитер,
Сатурн, Венера, Меркурий, Марс, Уран, Нептун, Плутон туралы айту әңгімелеу .
41. "Бір шаңырақ астында» - Қазақстан халқының тарихына, мәдени мұрасына баулу, тәуелсіз
еліміздің басты жетістігі – халықтар арасындағы достық түсінігін қалыптастыру.
42. «Бейбітшілік қорғанында» - өз еліне деген сүйіспеншілікті, қарулы күштер үшін мақтаныш,
патриоттық сезімдерін, Отан қорғаушыларына
моционалдық жағымды қатынасты, алғыр, мықты, жігерлі Отан қорғаушылар болуға тәрбиелеу.
43. «Көктемгі ағаштар» - балаларды туған жерінің табиғатына қызығушылығын арттыру,
өсімдіктер әлемін зерттеуге тәрбиелеу, білуге құмарлықтарын, байқампаздықтарын дамыту,
көктемнің келуімен табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін кеңейту, өз бетінше
бейтаныс құбылыстарды ашуға баулу.
44. «Көктемгі егістік» - ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға құрметпен қарауға
тәрбиелеу, көктем мезгіліндегі ауыл шаруашылығының ерекшеліктері туралы түсініктерін
кеңейту, көктемде жер жыртады, егін егу басталады, танымдық қызығушылықтарын, білімге
құштарлығын, ынтасын дамыту.
45. «Табиғаттың гүлденуі» - қоршаған орта, экологиялық мәдениет негіздері және табиғатқа
ұқыпты қарау туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, балалардың табиғат құндылығы және
онда өзін ұстау тәртібі туралы білімін дамыту, балалардың табиғатпен араласудан жағымды
тәжірибе алуы, көктемде барлық жаратылыстың көктейтіні туралы білімдерін қалыптастыру.
46. «Жаз да келді көңілді» - табиғат әлемінің көпқырлылығы туралы білімдерін кеңейту,
табиғатпен үйлесімді болу, экологиялық сана, салауатты өмір салтының негіздері, ағзаны
шынықтыру қажеттілігін қалыптастыру және эмоционалдық-жігер қасиеттерін тәрбиелеу.
47. «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» - ересектердің мамандығы туралы
балалардың білімдерін кеңейту, түрлі мамандықтарға қызығушылықтарын дамыту, ересектер
еңбегінің маңызы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру, адамдар өмірінде барлық
мамандықтардың маңызын түсіну, ересектер еңбегіне құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу,
оларға көмектесуге ұмтылу.
48. «Техника және біз» - балаларды техника әлемімен, оның ерекшеліктерімен және
көпқырлылығымен таныстыру, заманауи техника қоршаған ортаны өңдеуге және өзгертуге
ықпал етеді, зерделейді, өлшейді, адамның күрделі ойлайтын жұмысын жеңілдетеді, білімге
құштарлығын, механизмдер құрылысы, оның қозғалу қағидалары, құруға және нақты техникалық
мамандықтарға қызығу туралы түсініктерін дамытады.
49. «Ертең сабақ басталады» - баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын, жаңа
өмір салтына, алдағы болатын өзгерістерге, жағдайларға, ережелерге, талаптарға, баланың
оқуға қызығушылықпен дайындығына дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
50. «Мен және қоршаған орта» - экологиялық мәдениет пен шығармашылық ойлауын, қоршаған
орта, оның адам үшін маңызы туралы
алғашқы білімін қалыптастыру, табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу,
қоршаған ортаға ұқыпты, жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу,
табиғатта және тұрмыста сауатты және қауіпсіздік тәртіп дағдыларына
үйрету.
51. «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде» - біздің планетамыздың су
ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру, су асты әлемінің алуан
түрлілігі, оны мекендеушілер, оның құрылысы мен жауларынан
қорғану тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту, теңіз мекендеушілеріне
танымдық және шығармашылық қызығушылықты дамыту, табиғатқа
ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
52. «Көлік» - көліктің түрлері, адамның мамандығы, көлікті басқарушы,
көлік бөлшектері, олардың айырмашылықтары, қандай санатқа
жататындары (қоғамдық жеке және т.б.) туралы білімдерін
қалыптастыру, ойлау, көру қабілетін, назарын, есте сақтауын дамыту,
көлікте жұмыс істейтін адамдар мамандығына құрметпен қарауды
тәрбиелеу.
53. «Ғажайыптар әлемінде» - балалардың шығармашылық
қабілеттерін, ақыл-ой әлеуетін, өз бетінше зерттеушілік қызметіне
дайындығын, ойлау, қиял және әзіл сезімінің ерекшелігін, баланың
белсенді әлеуметтенуін, ересектермен және құрдастарымен қарым-
қатынасын дамыту, адамгершілік және эстетикалық сезімдерін ояту
ЦИКЛОГРАММА
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
• - ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары
Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
• - өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық
материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын
сақтау;
• - Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы
және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
• - балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін
инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
• - циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау
үшін заттық- дамытушы ортаны қалыптастыру.
• Циклограммада өтпелі тақырыптарға сәйкес балалардың жас
ерекшеліктері ескеріліп, әрбір күн тәртібі сәттерінің ұзақтығы
анықталады.
Апта күндері Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма

Білім салалары

Таңертеңгілік Ата-аналарды жақсы көңіл-күймен қарсы алу.
қабылдау, Бала денсаулығын сақтау мен нығайту туралы ата-аналармен әңгімесу,
балаларда көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру.
Жағымды жағдай орнату.
Ойындар,таңғы
жаттығу. Таңғы жаттығу кешені №__
уақыты: 7.00- 8.00
Гигиеналық шаралар, Таңғы ас алдында өз бетімен қолдарын сабындап жуу, сүлгіні дұрыс
қолданып, қолы мен бетін құрғатып сүрту. Сүлгіні өз орнына іліп қоюды
пысықтау.

«Таңғы ас»
уақыты:8.00-8.55 Өз орнына жайғасу. Тамақтанудың мәдени гигиеналық дағдыларын
пысықтау.
Тамақтанған соң, алғыс айтып ыдыстарын орнына апарып жинау.
Оқу қызметке Қарапайым Сөйлеуді дамыту
«Мен
Көркем Қоршаған Драма
математикалы әдебиет ортамен «Бір үзім нан»
дайындалу қандаймын?» Өтебай
Оқу қызметтер қ ұғымдарды Сурет мазмұны танысу ертегісі
қалыптастыру Тұрманжановт
бойынша әңгіме «Өзім Мәтінді
уақыты:8.55- Дидактикалық құруды жетілдіру. ің «Өс ұлан»
туралы» мұқият
10.00 Адамның дене өлеңі
ойын «Менің мүшелері туралы Әдеби Адамның тыңдауға
күн тәртібім» түсініктерін шығарма дене үйрету. Нан
(Уақытты кеңейту. Сөздегі
дыбыстарды
кейіпкерінің мүшелері туралы
бағдарлау) анық айтуға бейнесі және өзінің түсініктерін
Күн тәртібі үйрету. Сөздерді арқылы мүмкіндікте кеңейту
туралы байланыстырып адамның рі туралы Нанның адам
әңгімелесе айтуға тіршілік
машықтандыру әлемімен түсініктерін денсаулығы
отырып, тәулік кеңейту. үшін
бөліктерін Жаратылыстану таныстыру.
«Менің дәмді Өзі туралы Өзін-өзі пайдасын
таңертең, әңгімелей тануға түсіндіру.
достарым»
күндіз, кеш, түн Көкөністер мен беруге үйрету ұмтылысын Сөздерді анық
ажырату және жемістер туралы Өлеңдегі қолдау. айтуға және
атай білу түсініктерін сөздерді анық
дағдыларын кеңейту. Олардың Денені диалог құруға
айтып,
қалыптастыру.
ағзаның өсуі үшін
өлеңнің шынықтыру үйрету.
маңызын Кейіпкерлерді
Уақытпен мазмұнын ға баулу.
санасуға, есте сақтауға ң көңіл-күйін
жинақылыққа, үйрету. жеткізуге
шапшаңдыққа, баулу.
ұқыптылыққа
үйрету.
Табиғат аясында бақылау және танысу, еңбектену
Серуенге дайындық, дағдылары
серуен.
Табиғатпен Серуенге өз бетінше жиналу. Өзара көмек сезімін, құрдастарының
таныстыру киімі, сыртқы
уақыты: 10.00-12.00 Түріндегі олқылықтарды жөндеуге, көмектесуге үйрету. Ойын
құралдарын алып шығуға көмектесуді қалыптастыру.
Қуыршақ Гүлдер Үй жануарлары Еңбек Ауа райы,
театры Раушан, астра Төрт түлікті Су сепкішті табиғат
«Түлкі мен гүлідерін тану, сипаттау, пайдалануды Су нелердің
әтеш» тани білу. әрекеттерін дамыту. мекені? Танысу
ертегісін Тамашалау, бақылату, әңгіме Балабақша
үстел үсті бақылау. айту. ауласынан
театрымен түрлі
көрсету жапырақтарды
жинау.

Ойындар
«Ақсерек «Орамал «Мысық пен «Әткеншек» «Өрт
көксерек» тастамақ» қ/о тышқан» қ/о қ/о сөндірушілер»
қ/о қ/о
Балалардың еркін ойындары. «Ғажайып кітаптар әлемі» ата аналармен
(акция) жәрмеңке ұйымдастыру. Балалардың кітаптарға деген
қызығушылығын арттыру.
Серуеннен оралу Серуенде ойнаған ойыншықтарын жинап топқа алып кайтып
жинауды үйрету. Тазалық пен тәртіп әдеттерін қалыптастыру.
Топта киетін аяқ киімдерін ұқыпты киінулерін бақылау.
Достарына көмектесуді үйрету.

Қолдарын сабындап жуып, өзінің жеке сүлгісімен дұрыс
Гигиеналық сүртінуін пысықтау. Сүлгісін өз орнына іліп қою. Тәртіп сақтауды
шаралар үйрету.
уақыты:
12.00-12.20 Кезекшілік жұмысына қатысуды үйрету. Тамақтану кезінде
«Түскі ас» мәдени гигеналық талаптарды орындау. Қасық пен шанышқыны
уақыты: дұрыс пайдалану. Майлықты қолдану. Ас ішіп болған соң өз
12.20-13.00 ыдысын жинастыруға үлкендерге көмектесу

уақыты:13.00- Тамақтан соң ауыздарын тұзды сумен шаюды дамыту.
15.10 Белгілі жүйелікте киімерін шешуді, киімдерін ұқыпты
орындыққа іліп қоюды
пысықтау.Өз төсек орнын дайындап жатуды дағдыландыру,
үлгере алмаған достарына жәрдемдесу.
Ояну, шынықтыру Төсекте өз орындарында отырып керілу, тыныстау
шаралары, жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру. Төсек
гигеналық орындарын жинауды үйрету.
шаралар
Киімдерін дұрыс киюді пысықтау. Өзінің және достарының
уақыты: киіміндегі кемшіліктерді жөндеу.
15.10-15.40
Қыз балалар шаштарын тарап, жинап алуды үйрету.
Қолдарын жуу, киімдерін суламау, қолдарын құрғатып сүрту,
«Бесін ас» сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету
уақыты: 15.40-
16.00 Кезекшілік жұмысын ұйымдастыру. Таза және ұқыпты тамақтану.
Қасықты дұрыс
ұстау, тамақтарын шашпай төкпей ішуін пысықтау.

Вариативтік
компонент
уақыты: 16.00-16.30
Серуен «Ақсерек «Орамал «Мысық пен «Әткеншек» «Өрт
Сюжеттік, рөлдік, көксерек» тастамақ» тышқан» қ/о қ/о сөндірушілер»
шығармашылық, ал қ/о қ/о Рөлдік ойын: Шығармашы қ/о
Рөлдік Дидактикал «Отбасы» лық ойын: Желілі рөлді
дидактикалық
ойын: ық ойын: «Ертегілер ойын:
ойындар «Отбасы» «Қандай елінде» «Шаштараз»
уақыты: 16.30- 17.00 пішін
шықты?»
Жеке баланы
дамыту жұмысы,
шағын топпен
жұмыс уақыты:
17.00- 17.30
Үйіне қайтқанша өз Ата- Ата- Ата-аналарға Ата- «Денсаулық
аналармен аналарға кеңес: аналарға дегенімізді
бетінше ойындар балаларды кеңес: «Суық тию кеңес: қалай
уақыты: 17.30-18.30 ң «Баланы ауруларының «Баланың түсінесіз?»
жағдайы, күзде қалай алдын-алу» үйдегі күн тақырыбында
көңіл күйі киіндіру тәртібін ата-
туралы керек?» ұйымдастыр аналармен
әңгімелесу у» әңгімелесу
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
құрылымы:
І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену, өткен
материалды қалай игергенін білу үшін
жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа
біртіндеп көшу).

II. Негізгі бөлім (жаңа тақырыпты ашу).

III. Қорытынды бөлім (қайталау және бекіту).
Зейіндеріңізге ризамыз!

Ұқсас жұмыстар
Ойын психологиялық феномен түрінде
Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
Ағылшын тілін ойын арқылы оқыту
Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарату
Ойын материалдарының түрлері
ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар
Пәндер