ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР - ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Презентация қосу
ТҮРКІ ЖАЗБА
ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІ
(VIII-IX ҒАСЫРЛАР)
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР – ТҮРКІ ЖАЗБА
ЕСКЕРТКІШТЕРІ. ЯҒНИ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТІ БИЛЕП ТҰРҒАН
КЕЗЕҢДЕ ТАСҚА ҚАШАЛЫП, ОЙЫЛЫП ЖАЗЫЛҒАН
ДАСТАНДАРЫМЫЗ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ. БҰЛ
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР ҚАТАРЫНА КҮЛТЕГІН,
БІЛГЕ ҚАҒАН, ТОНЫКӨК ЖЫРЛАРЫН ЖАТҚЫЗАМЫЗ.
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР ҚАЗІР ДЕ ОРХОН-
ЕНИСЕЙ ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІ ДЕП АТАЛАДЫ.
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ЕНИСЕЙ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНАН
ТАБЫЛҒАНДЫҚТАН, ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІ
ДЕП АТАЛАДЫ.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар
табылды. Алғашқы хабарды Н.Қ.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ
Сибирде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленбергтің XVIII
ғасырдың бас кезінде жазған мақалаларынан білеміз.
Скандинавия тілінде “Руна” жазуы – сыры ашылмаған,
құпия деген мағына береді. Руна деп Табберт-страленберг өзі
тауып, өз тілінде «Руна» деп ат берген. Орыс география
қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі 1889 ж. Моңғолияға арнайы
экспедиция ұйымдастырды. Орыс саяхатшысы, әрі ғалымы
Н.М.Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан “құпия”
жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапқан. Ал 1891 ж. Радлов
зерттеулер жүргізіп келді. Ақыры 1893 ж. 25 қарашада оқудың
кілтін Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде
Вильгелм Томсен ашты және түркі тілінде жазылғанын
мәлімдеді. Ең бірінші “тәңірі” және “түркі” деген сөздер
оқығанын айтты. Радлов та ізденіп руна жазуының 15-ке жуық
әріпін анықтаған еді. Көп ұзамай Радлов үлкен тасты толық
оқып, аударма жасап шықты.
Түркі қағанатының ұлан-ғайыр өлкесін түбі бір туыстас, этнолингвисттік тайпалар мекен етті. Бұл
тайлардың тұрмыс-тіршілігінде, мәдениеті мен салт-дәстүрі, наным-сенімінде ортақ дүниелер көп
болғанына қарамастан, тілдік құрылыстарында өзіндік ерекшеліктеріде болды. Біріккен түркі
тайпаларына тән Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің жазба тілін лингвист ғалымдар қазақ, хакас,
Алтай қырғыз тілдеріне жатқызады. Бітіктастар зерттеле келе көне түркі жазуында жазылған бұл
мәтіннің қазақ тілінің лексикалық, морфологиялық заңдылықтарына өте ұқсас екендігі айтылып,
кешенді еңбектер жүргізілген (С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров, Е. Есенқұлов, А. Аманжолов, Қ.
Өміралиев). Соның ішінде, тіл білгірі Ғ.Айдаров өз еңбектерінде Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған
жырларының кейбір бөліктерін тәжімелемей-ақ қазақ тілінің қолданушыларына түсінікті екенін айтады.
Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы мен кіші жазуынан мысалдар келтіретін болсақ:
Ол йереру барсар,л
Түрк будун өлтечісінен Інім Күлтегін ер ат болты,
Інім Күлтегін бірге сөзлешліміз
Мәні: Ол жерге барсаң,
Түркі халқы, сен өлімшісің.
Йір-жер, ол- ол, барсар-барсаң
Інім Күлтегін ер атағын алды,
Інім Күлтегінмен ақылдастық
Моңғолиядағы Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған бұл түркі
ескерткіштерінде түрік қағанатында орын алған түрлі жайттар мен түркі
халықтарның әлеуметтік өмірінен хабар беретін тарихи деректер мол. Қазақ
КСРО тарихының жаңа басылымында "Орхон ескерткіштерін тарихи
жегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді" делінген, себебі бұл
бітіктастарда баяндалған басты кейіпкерлер мен түркі халықтарының өмірі
түрлі көркемдік айшықтар, әсем эмоциональды экспрессивті күй сыйлайтын
эпикалық әдеби шығармаларға сай жазылған. Және жазба ескерткіштерді
салыстыра зерттей келе көбіне автордың жазудағы басты мақсаты тарихи
оқиғаларды жазып қалдыру болмағанын байқаймыз. Мәселен 701-702
жылғы жорықтарды Қапаған қаған басқарғаны тарих беттеріне түсіп, Чача
Сеңумен 706 жылы айқасқан Қапаған қаған екені де айқын белгілі. Ал
Күлтегін жазба ескерткішінде бұл соғысты Күлтегіннің өзі басқарған деп
келеді.
Жиырма бір жасқа (келгенде)
Чача Сеңумен айқастық,-
Бұл жазба ескерткіштерде тарихи шындықтың бұрмаланып келуінің
басты себебі, автордың негізгі мақсатының түрік елінің жылнама шежіресін
жазу емес, түрік елін бір кездегі ауыз бірлікке, бабалар дәстүріне берік болуға
шақыру, сол дәуірге тән қас батырлардың көркем бейнесін жасап таныту.
Күлтегін (684-731 жж.) – Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi
ұлы, Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге
қатұн. Ачынұ тектi. Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж. билік
құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.)
отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан
тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. Екінші
Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк
семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы
Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы
қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс
тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып,
ерлікпен күреседі.
Тоныкөк (646-738 жж.) — көне түркі қағанатының бас қолбасшысы,
қағанабызы (кеңесші). Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай
Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты-жеті жылдай
мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаны
үшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие
болады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі
болған, оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух
бар.
Бiлге қаған (683—734) — Түрік Елінің 717-734 жж.
билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi
бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің)
үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн.
«Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi
Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін
күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін
бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын
сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып,
елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз
отыра алмай» күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi
Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын
оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692-716 жж.) иеленеді.
Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге
қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13
жасында шад атағын алады.
Көк түріктер дәуірінің ғажайып туындылары – «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының өзінен кейінгі
кезеңдерде қазақ ауыз әдебиетінде туындаған батырлық жырлардың қалыптасуына терең әсер етті. Бұл
жазба жәдігерліктер мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа яки ритмге – үннің жүйелі,
мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін И.В.Стеблева
дәлелдеп шықты. Ол Орхон жәдігерліктерінің өлшемі – әрі буын, әрі екпін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен
бунақ сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық
мәні зор еді. Мәселен, «Күлтегін» жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс
қайталаулар арқылы әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:
Қырғыз, құрықан, отыз татар,
Қытай татабы – бәрі жау еді.
Қаған әкем осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды. (46, 47)
«Күлтегін» жырында ұшырайтын ұйқас сөздер, түптеп келгенде, соңғы бунақтағы дыбыстардың
өзара үндестігі, яғни аллитерация жасалуы. Мысалы:
Бегілік уры оғлың қул болты,
Сілік қыз оғлың күң болты. (46, 32)
(Бек ұлдарың құл болды,
Пәк қыздарың күң болды). (46, 49)
Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі-академик-
жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ерскерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта
келіп, былай деп жазды: «Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік
түрі де осыған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша ерлік бейнеленген
десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс
суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар».
Жырдың мазмұнына нәр беріп, сыртқы түрін ажарландыра түсу үшін «Күлтегін» және «Тоныкөк»
жырларында теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жиі
қолданылады.
«Күлтегін» жырында шындықты пернелеп айту, яғни оқиғаны аллегориялық әдіспен жеткізетін тұстары
да аз емес:
Қаладағылар өрлепті,
Таудағылар індепті. (46, 47)
«Тоныкөк» жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу
жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға, 14 хикаяға бөлген.
Күлтегін жырындағы сияқты мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің
өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Қорыта келгенде, түркі елінің V-VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі
тайпаларының әдет-ғұрпын, наным сенімін, өзіндік поэзиясын, танып білуде Орхон ескерткіштерінің
маңызы өте зор.
“Күлтегін” жырында эпостық баяндау сазы басым екенін айта келіп, М.Әуезов “Мұнда батырлың жас
шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік
құрылысына ұқсастық бар” деп көрсеткен. Осы тұрғыдан қарағанда тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген
“Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды” және “Шора батыр” сияқты қазақ эпостарының да “Күлтегін” жыры
секілді тарихи негіздері бар болуы мүмкін. Бұл туралы академик Ә.Марғұлан “Қазақтың ерлік жырындағы
әлеуметтік сарындар” деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері
барлығын ерекше атап көрсетті. Ғалым оғыз және қыпшақ тайпалары эпосының генезисіне қатысты
көптеген жәйіттерді айта келіп: “Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі
материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған деп жазады…”
Эпикалық шығармалар желісінде қара бастың қамы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен
батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды, Алпамыстың ел үшін атқарған ерлік істері, олардың
туған жері, елі үшін өз басын ажалға тігуі бұл сөзімізге толық дәлел. Енді “Күлтегін” жырының мына бір
жолдарына назар аударайық:
Жалаңаш халықты тоңды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым
Тату елге жақсылық қылдым.
Күлтегін де Алпамыс батыр секілді суға салса батпайды, отқа салса жанбайды.
Қазақ эпосында, әсіресе, батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын, қалай
бапталғанын, т.б суреттеуге ерекше назар аударып, соған ықылас қойып отырады. Мәселен,
“Қобыланды” эпосында мынадай жыр жолдары бар:
Тобылға меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға.
Немесе
Үстіндегі түгіңнің
Жары күміс, жары алтын.
Жан серігім,
Бурыл ат,
Жылқыда тұлпар сен едің.
Ал, Күлтегін мінген аттардың да сыр-сипаты осылайша суреттеледі:
(Күлтегін) боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
...Күлтегін алып Шалшы ақбоз (атын) мәніп,
Жауға қарсы ұмтылды.
“Күлтегін” жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-
бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан
бір-бір хикая болып келеді.
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Ілгері күн шығысында,
Оң жақта күр ортасында,
Кейін-күн батысында,
Сол жақта-түн ортасында
Осының ішіндегі халықтың бәрі
Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттім!
1. Оқиғаның басталуы – 3 жолға дейін халыққа қарата айтылған үндеу сөз;
2. Оқиғаның өрістеуі – 4 жолы Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге
арналған.
3. Түйіні – соңғы екі жол Түрік елінің жері кең, ал халқы көп екені айтылды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz