Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма




Презентация қосу
Желтоқсанның үші
Сынып жұмысы
Ахмет Байтурсынұлы
Туған жері
Өмірбаяны
Шығармалары
Аудармалары
Әдебиеттану
шығу
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873—1938) —
ақын, әдебиет
зерттеуші ғалым,
түркітанушы,
публицист,
педагог,
аудармашы, қоғам
қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы
(қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы
Ақкөл ауылы). 1882—84 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін,
1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895—
1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі
мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік
қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына
наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып,
1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ»
газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның
редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-
азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда
қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін
басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне
тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту
комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның
төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-
ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің
органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
мағына
Ахмет Байтұрсынұлы
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту
институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де
оқытушы болды.1929 ж. маусымында
қамауға алынып өзі Архангельск
облысына жер аударылған, ал жұбайы мен
қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл
Крест комиссиясында қызмет еткен Е.
Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы)
қолдау хатымен Ахмет Байтұрсынұлы
босатылған. Сол кезде ол жанұясымен
бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж.
қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы
да қамауға алынған, екі айдан соң,
желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде
атылған.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма
жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы
арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-
санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір
аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді
мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне,
психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа
енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық,
кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері
сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай,
Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық
бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.
Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі
толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-
терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б.
өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой
өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше
өзгеріс әкелді.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы
бір саласы — көркем аударма. Ол орыс
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне
аударып, көркем қазынаның бұл саласын
байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов
мысалдарының бір тобын қазақ тіліне
аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке
жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің
«Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен
балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан
Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың
белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін
қазақ тіліне аударды.

мағына
Байтұрсынұлының жыраулардың
мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен
айқын көреміз. Сөз өнерінің көне
дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы
жыраулар поэзиясының біразы ақын
назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай
жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би,
Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас,
Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ,
Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай,
Шернияз т, б. ақын-жазушылар
шығармаларынан үзінділер бар.

мағына
Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы
қайта туып, шындықтың шұғыласы өз
нұрын төкті
БҰЛТ Адам ТАУ
бойындағы қасиеттер
Ахмет мысалы арқылы
нені үйрендім?
Үй тапсырмасы
1. «Қара бұлт» өлеңін
жаттау
2. Тақырыптық сурет
салу

Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Абай поэмалары
Мәдени мұра бағдарламасы
Шоқан мен Ыбырайдың орны
Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі
Ежелгі дәуір әдебиеті
Саяси жолы
Досмұхамедов және қазақ терминологиясы
Аудармашыға қойылатын талаптар
Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Пәндер