Егістіктерге зиян келтіретін кеміргіштер




Презентация қосу
КЕМІРГІШТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ,
АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кеміргіштер сүтқоректілер табының (Mammalіe) ерекше тобын құрайды.
Соңғы классификацияға (жіктеуге) сәйкес олар екі топқа - кеміргіштер
(Rodentіa) мен қоянтәрізділерге (Lagomorpha) бөлінеді. Қазақстанда
кеміргіштер тобының 15 тұқымдасына енетін 82 түрі кездеседі, ал
қоянтәрізділер тобының 2 тұқымдасына қояндар мен шақылдақтар жататын
өкілдер мекендейді. Кеміргіштер дене тұрқы жағынан алғанда шағын
сүтқоректілерге жататын жануарлар. Олардың ең кішкентайы - салмағы 5
грамм тартатын малютка тышқаны, ал үлкені - ұзындығы 1 м, салмағы 30 кг -
құндыз.
Негізі кеміргіштер өсімдік қоректі жануарлар. Олардың азықтық
рационында бунақденелілердің, балықтардың, бауырымен
жорғалаушылардың, құстардың және ұсақ сүтқоректілердің үлесі аз.
Кеміргіштердің әртүрлі жерлерді: тундраны, орманды, даланы, шөлшөлейтті
жерлерді, тіпті жыл бойы қар жататын тау бөктеріндегі тастарды да
мекендейді. Көптеген түрлерінің ареалы үлкен территорияларды қамтиды,
ал үй тышқаны мен сұр егеуқұйрық барлық жерлерде кездеседі.

Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы
дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына,
жайылымдықтарға және қоймадағы жем қоры мен
азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді. Ауыл
шаруашылығы өндірісіне ең қауіптілеріне аламан,
тиіндер, қаптесерлер тұқымдастарына жататын
кеміргіштер кіреді.
Кеміргіштер әртүрлі эпидемиялық ауруларды да таратады. Олар адамдар жейтін
азық-түліктерді және ішетін суларды ластайды. Кеміргіштерден, кенелерден,
сонымен қатар тек қан соратын бунақденелілер арқылы адамдарға мынадай
аурулар тарайды: оба, тулямерия, жұқпалы сары ауру, әртүрлі сүлік аурулары,
безгек ауруының кейбір түрлері, трихиндер, нематодалар. Кеміргіштердің кейбір
түрлері үй жануарларына ауысып, сібір күйдіргісі, бруцеллез, құстың холера
және басқа ауруларын таратады. Сонымен қатар, егеуқұйрықтар жындану
ауруларын таратады.
Тері жамылғысы және оның туындылары. Тері үш қабаттан тұрады - сыртқы
(эпидермис), негізгі тері (дерма) және тері астындағы май клетчаткасы. Терінің
организмдері сыртқы ортадан қорғау қызметінен басқа, дене температурасын
реттеуші және сезімталдық қасиеттері бар. Басқа сүт қоректілер сияқты,
кеміргіштер терісінің сыртқы қабатына жүн өскен. Олар негізінде үш түрге
бөлінеді - қылшық (ұзын және жуан), мамық немесе түбіт (қысқа және нәзік түк)
және ортаңғысы жүн.
Кеміргіш түрлерінің барлығында да азды-кемді сезімтал қылшықтары бар.
Қаңқа. Басқа сүтқоректілер сияқты кеміргіштердің қаңқасы бастан, негізгі қаңқадан және
саусақтардан тұрады. Қаңқа қорғаныс қызметін атқарады, оған бұлшық еттер бекіген.
Егеуқұйрықтың қаңқасының саны 265-285 бөлік сүйектерден тұрады.
Кеміргіштерде саусақ пен құйрық сүйектерінің өсу ерекшеліктері байқалады. Жер астында
тіршілік етуге бейімделген кеміргіштердің алдыңғы аяқтары жақсы дамып, артқылары -
нашар дамыған, ал құйрығы редуцияға ұшыраған.

Бұлшық ет жүйесі. Бұлшық ет жүйесіне бұлшық ет
ұлпалары, сіңірлер мен көмекші қызмет атқаратын
ұлпа өскіндері жатады. Жалпы бұлшық ет жүйесі
жануардың қозғалысын қамтамасыз етеді, ішкі
органдарды қорғайды және организмнің жылу шығару
процесінде маңызды роль атқарады.
Бұлшық еттер дененің әрбір бөліктерін, аяқтарын
қозғалтып отырады. Бұлшық еттер қан тамырларымен
жақсы жабдықталған. Кеміргіштерде бұлшық ет саны
өте көп. Мысалы, егеуқұйрықтың денесінде жалпы
саны 300-ден асатын бұлшық еттер бар.
Тыныс алу ағзалары. Басқа сүтқоректілер сияқты,
кеміргіштер өкпемен тыныс алады, ал өкпе
жүрекпен қатар көкірек қуысында орналасқан.
Олар қан тамырымен толық қамтамасыз етілген
элестатикалық ұлпадан құрылған. Өкпенің жалпы
салмағы дене салмағының 1,5 - 2,5% дейін сәйкес
келеді. Тыныс алу жолы танау тесіктерінен
басталып, сырттағы ауаны өкпемен жалғастырады.
Қан айналу жүйесі. Кеміргіштердің жүрегі төрт
камералы – екі құлақша мен екі қарыншадан
құралады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-
бірінен толық бөлінген. Кеміргіштердің жүрегі
үлкен келеді, ол дене салмағының 0,3-0,5% алып
жатыр.
Шығару жүйесі. Зәр шығару жүйесі жұпты,
кеміргіштердің бүйректері бел маңайындағы
омыртқа жотасының екі қапталында орналасқан.
Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағарлар шығып,
қуыққа ашылады. Қуықтан несеп арнаулы несеп
каналы арқылы сыртқа шығады.
Жыныс жүйесі. Кеміргіштердің еркектерінде
тұқым бездері жұмыртқа пішінді, құйрық
түбіндегі ерекше қапшықтың ішіне
орналасқан. Тұқым бездерінің жоғарғы
жағында олардың өсінділері болады да,
олардан тұқым жолдары шығады. Қос тұқым
жолы шап каналы арқылы құрсақ қуысына
бағытталады.
Аналық жыныс мүшелері бүйрек маңайына
орналасқан жұп аналық бездерінен,
уылдырық жолдарынан, жатырдан, қынаптан
және сыртқы жыныс органынан тұрады.
Кеміргіштердің жатырлары екіге бөлінген. Жүйке жүйесі. Мидың алдыңғы бөлігінде
Ұрғашыларының жыныс мүшелері буаз үлкен жарты шарлар мен мишық жақсы
болуына байланысты жүйелі өзгерістерге жетілген. Олар үстіңгі жағынан мидың
ұшырайды. қалған бөлімдерін: аралық, ортаңғы және
жұлынмен жалғасатын сопақша миды жауып
жатады.
Кеміргіштердің басының миы үлкен келеді.
Мысалы, ересек сұр егеуқұйрықтың миының
салмағы 1,88г (дене салмағының 1,12%
құрайды) болса, ал кәдімгі тоқалтісті
тышқанның миы - 0,46 г (дене салмағының
1,73%), және үй қаптесерінің миы - 0,45 г
(дене салмағының 1,9%) болады.
Сезім органдары. Теріде орналасқан Мейсснер
денелік заттары сезімталдық қызмет атқарады.
Көру органдары. Кеміргіштердің тіршілігіне
байланысты олардың көздері өзгеріп тұрады. Күндіз
және түнде тіршілік ететін, сонымен қатар топырақ
ішінде немесе оның беткі қабатын мекендейтін
кеміргіштердің көзінің көруі мен олардың сыртқы
ортада бағыт пен бағдар алуының маңызы өте зор.
Кеміргіштердің көптеген түрлері түрлі-түстерді
ажырата алмайды.
Есту органдары. Оларға сыртқы, ортаңғы және ішкі
құлақ кіреді. Кеміргіштердің есту мүшесі жақсы
жетілген және олар қысқа дыбыс толқындарын сезеді.
Дәм сезетін органдар. Кеміргіштердің дәм сезетін
органдары тіл ішінде орналасқан. Кеміргіштердің
көпшілігі әлсіз дәмді сезе алмайды.
Егістіктерге зиян келтіретін кеміргіштер

Сарышұнақтар
Астық және техникалық дақылдарға, сонымен қатар
жайылымдықтарға зиян келтіретін кеміргіштер бір топқа
бірігеді. Еліміздің әр түрлі аймақтарында олардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл топтарда ерекше шаруашылық
маңызы бар түрлерге саршұнақтар, сұр тоқалтістілер, дала
алақоржыны, құмтышқандар және қаптесерлер жатады.
Басқа топқа жататын кеміргіштердің егістіктерге тигізер
зияны көп емес.
Сарышұнақтар. Олар кеміргіштердің ішінде ауыл
шаруашылығына зиян келтіруден бірінші орын алады. Бұл
жануарлардың дене мөлшері орташа келеді (18-38 см).
Елімізде сарышұнақтардың 6 түрі кездеседі. Олар көбінесе
далалық жерлерде және шабындықтарда көптеп кездессе, ал
шөл және шөлейт аймақтарда олардың саны сиректеу.
Қызылұрт сарышұнақ - Cіtellus erythrogenys Brandt, 1843.
Таралуы және сан мөлшері. Таралу аймағы (ареал) Қазақстанның солтүстігі,
Ресейдің Омбы және Новосібір облыстарының аумағын қамтиды. Қазақстанның
солтүстік аймағында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс
Қазақстан облыстарында таралған.
Биологиясы. Бұл кеміргіштер елді мекендердің, мал фермаларының төңірегін, көл
маңын және сай-салаларды мекендейді. Олар ін қазып, сонда тіршілік етеді.
Қызылұрт сарышұнақтың қорегі – өсімдіктердің сабақтары, жапырағы, дәндері
және бунақденелілер. Бұл кеміргіштер 40 түрлі өсімдік түрімен қоректенеді.
Әсіресе, қара құмықты, ебелекті, бедені, жусанды сүйсініп жейді. Бұл
сарышұнақтың бір ерекшелігі – жаз мезгілінде ұйқыға кетіп, ол қысқы ұйқыға
жалғасады. Қазақстанда олардың ұйқыға кетуі маусым айының аяғында басталады.
Көктем ерте шыққан жылдары сарышұнақтар сәуір айының бірінші жартысында
шағылысып, 7-ден 10 данаға дейін бала тышқан туады. Бала тышқанның іннен
шыққан кезіндегі салмағы 55-60 г, қоныс аударған уақытта оның салмағы 90-120
грамға дейін өседі.
Қызылұртты сарышұнақтың негізгі жаулары - сасық күзен, түлкі, қарсақ; жыртқыш
құстардан бүркіт, кезқұйрық, құладылар.
Балпақ сарышұнақ C.Maior Pall. Республиканың солтүстік батысында және батысында
таралған. Топырағы жеңіл төмен жерлерде өзен және көлдер жағалауларында
мекендейді. Кіші сарышұнақ сияқты өсімдіктерді, көбіне көкөніс және бақша
дақылдарын зақымдайды. Денесінің ұзындығы – 25-34 см, құйрығының ұзындығы – 5-9
см. Арқасының түсі – сары-сұр-қоңыр түсті. Көздерінің астында сарғыш-тат түсті
дақтар анық бейнеленген. Бауыры ақшыл сары және қоңырқай.
Қорытынды:
Қорытындылай келе, сарышұнақтармен күресу шараларының негізгі мақсаты – олардың
зияндылығын төмендету. Шаруашылық жағдайында әртүрлі зиянкес кеміргіштердің
биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды кешенді шаралар арқылы жойып
отыруға болады.
1 гектар астық дақылдары егістігінде 5 кеміргіш болса, отамалы дақылда - 3-5, ал
егістіктерден 500 м қашықтықтағы жайлымдықтарда саны 10 данадан көп болғанда оларға
қарсы жою шараларын жүргізу тиімді болып саналады.
Механикалық тәсіл. Зиянкес кеміргіштерді жою үшін механикалық тәсіл де кең
қолданылады. Көктемде саршұнақтар оянғаннан соң олардың тік індеріне төңіректегі сай-
салаларда, шұңқырларда іркілген қар суын құйып, оларды құртуға болады. Кейінірек қар
суы таусыла бастағанда саршұнақтарды арнаулы қақпандар және тұзақпен ұстаған тиімді.
Агротехникалық тәсіл. Сарышұнақтар мекендейтін егістіктердегі жолдардың екі
жағындағы бос жерлерді жыртып, содан соң сол жерлерді қайтара бірнеше рет тырмалау
қажет. Жол бойындағы арамшөптер жойылғаннан соң сарышұнақтар бұл жерлерді
қоныстай алмайды. Тың көтерген кезде алқапта жол қалдырмай тегіс жыртуға ерекше көңіл
бөлген жөн. Сарышұнақтардың егінге түсуіне орман алқаптарын отырғызу да едәуір
кедергі болады.
Биологиялық тәсіл. Қазақстанда сарышұнақтарды жою үшін әртүрлі бактериялық
препараттар сынақтан өтсе де, бірақ жоғары нәтижеге қол жеткізілмеді. Жыртқыш
аңдар мен құстардың көптеген түрлері сарышұнақтармен қоректенеді. Олар
кеміргіштерді мүлдем жойып жібермесе де, олардың әрекеті кеміргіштер санының
шамадан тыс көбеюіне кері әсерін тигізеді.
Химиялық тәсіл. Улы еліктіргіш жемді мейлінше нығыздап, тапталған немесе тас
төселген, не бетондалған, көлемі 100 шаршы метрлік алаңшаларда дайындалады.
Оны дайындау үшін күнбағыс майы, жемдік сұлы пайдаланылады.
Бродифакум - ұнтақ препарат. Сарышұнаққа қарсы шара үшін бродифакум
қосылған сұлы дәні (100 кг дәнге 3 кг препарат) пайдаланылады.
Ойлы-қырлы, кедір-бұдырлы жерлерде және егістіктерде улы жемді шашу,
жұмысшылар саны 20 адамнан аспайтын бригада атқара алады. Ол үшін ішінде улы
жемі бар бидон немесе шелек, сонымен қатар металдан жасалған өлшеуіш
пайдаланылады. Бригада мүшелері ара қашықтықты 5-12 метрден өлшеп алып,
қатар түзеп алға қарай жүреді де жол жөнекей әр төмпешікке немесе ұяға 20 г улы
жем шашады. 1 гектарға жұмсалатын фосфид мырыштың мөлшері 2 кг, глифторлы
және бродифакум қосылған жем - 1,4-1,6 кг.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Агибаев А.Ж., Ысқақ С., Карбозова Р.Д. Зиянды нематодалар, кенелер
және кеміргіштер. // Агроуниверситет, Алматы, 2005. – 144 б.
2. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т. Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және
кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 124б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Дератизация әдістер
Лас суларды тазалау және зарарсыздандыру
Нан қорынының зиянкестері
Инвазиялық аурулардың зияны
Күздік көбелегі:биология,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Сарышұнақтар: биологиясы,зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Қараденелілер (Tenebrіonіdae)
Пәндер