ВИРУСТЫ АУРУЛАР


Slide 1

Вирусты аурулар

Slide 2

Жоспар

Кіріспе;

Вирустардың өсімдікте таралуы мен орнығуы;

Вирусты инфекцияның таралуы;

Қорытынды.

Slide 3

Вирустар

Вирустар барлық тірі организмдер (адам, жануар, насеком, өсімдік, саңырауқұлак, бактерия, т. б) клеткаларының ішінде паразитті өмір сүріп, онда өзіне ұқсас бөліктерді өндіретін, клеткалык кұрылысы жок ерекше топ. Ол белок өндіру (синтездеу), ферменттер мен энергия бөлу жүйесінен мүлдем айырылған облигатты паразит. Вирустарда алғаш орыс ғалымы Д. И. Ивановский (1892) темекінің мозанкалы ауруын зерттеу нәтижесінде ашқан. Бактерия сүзгісінен өткізілген ауру темекінің шырынымен сау жапырақтарды механикалық әдіспен өңдегенде, оларда тура алдыңғыдай мозаика белгілері пайда болған. Ғалым өзі ашкан қоздырғыш бактериялардан да ұсақ бөліктерден тұратынын, сонымен қатар ол кристаллдар түзетінін сол кездегі микроскоп арқылы көріп дәлелдеді.

Slide 4

Вирустар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Өсімдік өнімінің шығымы мен сапасын едәуір азайтады. Мысалы, қант қызылшасының тамыржемісінің қанты 1-2%-ға, картоптың крахмалы 1, 5-2%-ға дейін кемиді. Бау-бақшадағы жемістер жетілмей түсіп қалады. Күздіктердің суыққа шыдамдылығы төмендеп үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар вируспен залалдаған өсімдіктер әлсіреп, басқа ауруларға қарсы тұра алмайды. Фитопатогенді вирустардың нуклеин қышқылы (РНҚ) вирус бөлігінің ортасында орналасып, оны айнала белок молекуласы қоршап тұрады. Фитопатогенді вирустардың пішіні негізінен таяқша, домалақ, цилиндр, ұзынша болып келеді. Вирус құрамы 5-40%-ға дейін нуклеин қышқылынан, ал қалғаны протеиннен (белоктан) тұрады. Ұзынша вирустарда нуклеин қышқылы аз, протеин мөлшері көп болады, ал домалақтау вирустарда нуклеин қышқылы көп, ал протеин аз болады. Вирустардың жетілген бөліктері вириондар деп аталып, нуклеин қышқылының (РНҚ немесе ДНҚ) біреуінен тұрады. Олардың пішіні вирустарға сәйкес болады. Кейбір вириондарда липидтер де болуы мүмкін.

Slide 5

Вирустардың пішіні

Slide 6

Вирустардың өсімдікте таралуы мен орнығуы

Өсімдікті залалдаған вирустар бір клеткада көбейіп, екіншісіне оларды қосатын плазмодесма арқылы өтіп, өсімдікке түгел иемесе көпшілік бөлігіне таралады. Күніне 1 мм-дей жылжиды, бірак паренхима арқылы өте алмайды. Вирустар флоэма, торлы түтік арқылы тез таралып, көбінесе 3-5 күнде залалданған жапырақтан шығып, әрі қарай флоэма арқылы өсімдіктін мүшелеріне жылжиды, мысалы, картоп вирусы жас өсімдіктің жапырағына енсе, әрі карай флоэма арқылы сабақ бойымен жоғары жылжиды. Егер залалданған өсімдік түйнек құра бастаса, вирус жоғары емес төмен қарай жылжып түйнекке барады. Флоэмаға түскен вирус өсімдік клеткаларының бәріне тарайды. Вирустын өсімдікте таралуы вирус пен өсімдікке байланысты. Кейбір жағдайда вирус залалдаған жерден қашыққа ұзамай, сол жерде ғана белгі береді. ал кейде залалданған аймақ ұлғайып, вирустың ары карай тарауын көрсетеді. Флоэма түтіктерімен таралатын вирустар осы флоэмамен көршілес клеткаларда ғана тарайды (дәнді дақылдардың ергежейлі сары ауруы, картоп жапырағының солуы) .

Slide 7

Вирусты инфекцияның таралуы

Slide 8

Вирозға шалдыққан өсімдікпен қоректеніп одан кеткен соң да инфекцияның тасымалдаушыда сақталуын персистенттілік дейді.

Персистент

Жартылай персистенттілерде инфекциялылық 10-100 сағат аралығында сақталады,

Персистентті емес вирустың инфекциялылығы 4 сағатка дейін сақталад

Персистентті тасымалдаушыларда вирустың инфекциялылығы 100 сағаттан аса немесе өмір бойы жойылмайды.

Slide 9

Нематодалармен таралатын вирустар саны 20-ға жуық. Олар вирустарды ауру өсімдіктің тамырынан сау өсімдік тамырына жеткізеді. Нематода дернәсілі де ауру таратушы болып табылады. Мысалы, Longidorus және Xiphinema түрлеріне жататын нематодалар темекі, қызанақ, таңқурайдың сақина дағын, шиенің жапырақ бұйрасын, жүзімнің буынаралық қысқару ауруын қоздыратын вирустарды таратады. Trichodorus және Paratrichodorus нематода түрлері асбұршақтың ерте қоңырлану ауруын қоздырады.

Вирустар саңырауқұлақтармен де таралады. Olpidium туысына жататын саңырауқұлақтар өсімдік тамырында дамып, темекі мен қияр некрозының вирусын, темекінің ергежейлі вирус ауруын таратады. Polymуха туысына жататын саңырауқұлақтар бидай мозаикасының, қызылшаның сары ауруының вирустарын таратады.

Slide 10 Slide 11

Вирус ауруларының белгілері

өсімдіктің өсуінің саябырлауы:

түрлі органдар түсінің өзгеруі

органдар деформациясы

репродуктивті қызметінің бұзылуы

некроздар;

Slide 12

Вирустар клетка ішінде оның жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, теңбілді мозаиканың вирусы әдетте жасыл, ал температура көтерілсе (32-35°С) ақ немесе сары түсті болады, ал картоптың сары ергежейлі ауруының белгілері 16°С температурада білінбейді, егер температура 20°С асса бұл белгілер анық көрінеді.

Жылыжайларда температура мен жарықтың қалыпты тәртібі бұзылса, онда қызанақта стрик ауруының белгісі байқалып, ал қалыпты жағдайда мозаика түрінде білінеді.


Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулардың зертханалық диягностикасының үрдістері
Қанның қызметі
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Вирус қоздырушысының құрылысы
Баяу дамитын вирустық инфекциялар және прионды аурулар
Созылмалы вирусты және аутоиммунды гепатит ауруының салыстырмалы диагностикасының алгоритмі
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцинадайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар
Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы
Вирустардың таксономиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz