Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Презентация қосу
Өсімдіктердің ауруларының классификациясы:инфекциялық (микоз , бактериоз , вироз) және
инфекциялық емес. Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі.
Жоспар:
1. Өсімдік аурулары
2. Өсімдіктердің ауруларының классификациясы:инфекциялық (микоз , бактериоз , вироз) және
инфекциялық емес
3. Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және
жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді.
Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін
өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының
масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы,
таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан
өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық
ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл
қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау
келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі
Ауру туралы түсінік. Ауру - өсімдік патогені сыртқы ортаның бір-бірімен
байланысында туатын патологиялық үрдіс. Өсімдікте жүретін патологиялық
үрдіс нәтижесі - аурудың сыртқы белгісі.
Патологиялық өзгерістердің басты түрлері жергілікті (шоғырланған)
және жалпы (диффузды) аурулар негізінде болатын сыртқы белгілер:
шіріктер, дақтар, өңездер, ісіктер, солу және т.б.
Өсімдікте патологиялық үрдістің білінуі. Ауру өсімдіктердің патологиялық-морфологиялық және анатомиялық өзгерістері:
түтік жүйелері өзгеруі және ткандердің ыдырауы, гипертрофия, гиперплазия, флоэманың
жансыздануы, хлорофилл мен крахмалдың ыдырауы және т.б.
Өсімдіктегі патологиялық-физиологиялық өзгерістер, негізгі үрдістер -
қоректену, фотосинтез, транспирация, клетка шырынындағы осмос қысымы,
тыныс алу, көмірсулар мен белок айналымының бұзылуы.
Ауру өсімдіктегі патологиялық, биохимиялық өзгерістер. Өсу
заттарының балансында және клетка шырынының қышқылдығында
гидролитикалық, протеолитикалық және тотығу ферменттері қызметінің
бұзылуы, витаминдер құрамының өзгеруі.
Өсімдіктің биологиялық негізделуінде және қорғау шараларын
ұйымдастыруда ауруларды ерте және дұрыс анықтаудың ролі.
Өсімдік ауруларының жіктелуі. Аурудың этиологиялық топтары, аурудың
зияндылығы.
Өсімдіктің жұқпайтын (инфекциялы емес) аурулары
Жұқпайтын ауруларға сипаттама. Қоршаған ортаның өсімдік талабына
сай келмеуі. Су және қоректік заттардың өсімдікке қажетті мөлшерінен
ауытқуынан болатын аурулар. Хлороз, оның түрлері.
Өсімдікке жарық, топырақ пен ауаның жоғары температурасының әсері.
Өсімдік күйігі.
Төмен температура салдарынан болатын аурулар. Ағаш жарықтары және
қабықтың ыдырауы. Сүректің тоңазуы және қабықтың үсуі.
Топырақ пен ауа ылғалы мөлшерінен туатын аурулар. Өсімдіктің солуы
және ағаш ұшының қурауы.
Өсімдікте су мен қызу режимінің бұзылуы нәтижесінде жапырақ түсінің
өзгеруі және уақытынан ерте түсуі, некроз түзілуі.
Механикалық зақымданудан пайда болатын аурулар және олардың
түрлері: желден құлау, қар әсерінен сыну т.б. Шайырлану және шырыштану,
олардың ерекшеліктері мен себептері. Өсімдіктің азғындау құбылысы.
Тұқымды, көшеттерді, тұқымдық материалдарды және вегетациялық
өсімдікті өндеуде фунгицидтерді, инсектицидтерді және гербицидтерді дұрыс
қолданбаудан болатын патологиялық үрдістер түрлері.
Ауа мен топырақтағы зиянды заттар әсерінен туатын өсімдік аурулары.
Түрлі сәулелер ықпалы.
Өсімдіктің жұқпалы (инфекциялы) аурулары
Өсімдік пен патоген арасындағы онтогенездік және филогенездік
байланыс. Организмдердің автотрофты және гетеротрофты қоректенуі, оның
патогенездегі ролі.
Паразиттілік типтер. Фитопатогенді саңырауқұлақтар, бактериялар,
микоплазмалар, вирустар және гүлді паразиттердің паразиттік эволюциясы.
Паразиттілік және сапрофиттілік. Облигатты және факультативті паразиттер,
сапрофиттер. Жартылай және толық паразиттілік. Эндотрофты және
экзотрофты микориза.
Ауру қоздырғыштарының өсімдікке паразиттік бейімделуі және
патогендік қасиеттерінің өзгергіштігі. Паразиттік бейімделу түрлері: филогенетикалық, органотропты, гистотропты және онтогенетикалық
(физиологиялық). Монофагтар мен полифагтар. Патогендердің арнайы формалары,
расалары, биотиптері (штаммдар). Ауру қоздырғыштары патогенділігі,
вируленттілігі және агрессивтілігі.
Патогеннің өсімдік клеткасы мен ұлпасына әсері. Ферменттер, токсиндер, өсуді реттеуші заттар және антибиотиктердің патологиялық
үрдістегі ролі.
Патогендердің қоректенетін өсімдіктеріне, фунгицидтерге және сыртқы
орта факторларына бейімделуі.
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Ауруларға қарсы қорғау жүйесі. Ұйымдастыру, агротехникалық,
химиялық және биологиялық шаралар. Алдын алу (профилактикалық) және
емдеу (терапиялық) шаралар.
Қорытынды:
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б.
тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.)
аурулар топтарына бөлінеді. Сонымен қатар, өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін
карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін
селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың
атқаратын маңызы өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Фитопатология
Өсімдік зиянкестері.
Орыс Уикипедиясындағы "Фитопатология" мақаласы.
ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ.(қолжетпейтін сілтеме)
Өсімдік зиянкестері.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz