Өсімдіктердің негізгі ауруларын есептеу
Презентация қосу
Өсімдіктердің негізгі
ауруларын есептеу
Орындаған: Ерғалиева Баян
Тобы: ЗР-20-09Қ
Қабылдаған: Қанатова М.Қ.
Жоспар:
1. Аурулардың таралуы.
2.Аурулардың таралуын есептеу.
3.Өсімдіктердің залалдану дәрежесін есептеу.
4. Аурудың дамуын есептеу.
Аурулардың таралуын есептеуде ауру
қоздырғышының систематикалық орнын,
өсімдіктердің залалдану дәрежесін, аурулардың
пайда болу мерзімін, зақымдалатын өсімдік
түрлерін анықтайды. Аурулардың таралуын
анықтау үшін әртүрлі егістік тексерулер мен
зертханалық талдаулар, есептеу жұмыстары
жүргізіледі.
Патогеннің түр құрамын және оның өсімдік-
иесімен қарым-қатынасын микологиялық және
фитопатологиялық анализдер арқылы анықтайды.
Микологиялық анализдерді ауруға шалдыққан
өсімдік мүшелері мен қалдықтарын, тұқымын,
түйнегін пайдаланып зертханалық жағдайда
жүргізеді. Бұл талдау ауру қоздырғыштарының
түр құрамын, патогеннің өміршеңдігін
анықтайды. Фитопатологиялық анализдерді
мәдени өсімдіктер егістерінде вегетация кезеңінде
және өсімдік қалдықтарында жүргізеді.
Ауыл шаруашылық дақылдарының
ауруларының таралуын
-стационарлық участоктарды бақылау
-маршруттық тексеру арқылы анықтайды.
Стационарлық участоктардың санын
шаруашылықтың егіс көлеміне қарай бірнеше
жерден белгілейді.
Аурулардың пайда болу мерзімі мен таралу
динамикасын білу үшін өсімдіктердің вегетация
кезеңінде әрбір 10 күн сайын стационарлық
участоктарда бақылаулар жүргізеді. Егістің екі
диагналы бойынша 10-20 жерден өсімдіктерді
алып сынама баулар жасайды. Мысалы астық
дақылдарының қара күйесін есептегенде егістен
1000-1500 дана сабақ, тат ауруларын есептеуде
100-200 дана өсімдікті жинап қарайды.
Ауданның барлық территориясында аурулардың
таралуын және стационарлы участоктардан
алынған көрсеткіштерді салыстыру үшін
маршруттық тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Маусым сайын аудандағы 2-3 шаруашылықтың
егістерін тексереді. Егістің жалпы көлемінен 10
пайызын тексереді.
Аурудың таралуы - егістіктегі залалданған өсімдіктер
санын барлық тексерілген өсімдік санына шаққандағы
пайызы. Ол үшін сынақтағы ауруға шалдыққан және
сауөсімдіктерді санап, төмендегі теңдеумен
есептейді :
K х100
P= ----------- , мұнда
N
P – аурудың таралуы, %;
K – сынамадағы залалданған өсімдік саны, дана;
N – сынамадағы өсімдіктің жалпы саны, дана.
Шаруашылықта немесе аудан көлемінде аурудың
таралуын залалданған өсімдік пен тексерілген
аудан көлемін есепке ала отырып, төмендегі
теңдеумен есептейді:
Σ SP
P= ----------- , мұнда
ΣS
P – орташа аурудың таралуы, %
ΣSP –аурудың таралу пайызына (балл) сәйкес егіс
көлемінің қосындысы
ΣS – жалпы тексерілген егіс көлемі, га
Залалдану дәрежесі дақтар, өңездер,
бөртпелер санымен сипатталады.
Өсімдіктің залалдану дәрежесін анықтау
үшін арнайы баллдық шкала қолданылып,
балл немесе пайызбен көрсетіледі.
Астық дақылдарының тат ауруларын есептеу.
Сабақ татынан басқа тат ауруларын сүттену немесе
гүлдеудің бастапқы кезеңінде есеп жүргізіледі.
Сабақ татына толық піскен кезеңде есептейді.
Залалдану дәрежесін дақтар көлеміне қарай
градиацияларға бөледі. 1,5, 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70,
80, 90, 100. 1 см ұзын сызықты дақтар 1%
залалдануға тең болады.
Егістік танабында диагональ бойымен 100 өсімдік
(10 жерден 10 сабақ) тексеріледі. Сынақтағы ауру
және сау өсімдікті санап, әр түрлі тат аурулармен
залалдану пайызы есептеледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz