Аймақтың әлеуметтік-экономикалық процестерін басқару: 2023 жылдың І тоқсанындағы жұмыспен қамту көрсеткіштері мен мемлекеттік шаралардың талдауы


Slide 1

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық процестерін басқару

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

Менеджмент кафедрасы

Тағабай Мағжан Талғатұлы

Мемлекеттік және жергілікті басқару

2 курс магистранты

Slide 2

Халықты жұмыспен қамту

Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 096 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33, 4 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық - 1 042, 6 мың адам (34, 5 мың адамға өсті) .

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 119, 9 мың адам (7, 7 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11, 5% - ды құрады.

Slide 3

Жұмыссыздар саны - 53, 4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4, 9%.

2023 жылдың басынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығына 33 870 адам жүгінді, оның ішінде 21 600 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.

Жыл басынан бері 42 731 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде:

1) тұрақты жұмыс орындарына - 6 549 адам (оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 1 779 адам) ;

Slide 4

2) субсидияланатын жұмыс орындарына 11 792 адам жіберілді (жоспар 8 759 адам болған кезде), оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындары - 877 адам (жоспар-980 адам, бюджет-763, 8 млн. тг. ) ;

- жастар практикасы - 337 адам (жоспар - 1 177 адам, бюджет - 1 462, 8 млн. теңге) ;

- қоғамдық жұмыстар - 10 168 адам (жоспар - 6000 адам, бюджет - 6 210 млн. теңге) ;

- бірінші жұмыс орны - 185 адам (жоспар - 424 адам, бюджет - 475, 3 млн. теңге) ;

- ұрпақтар келісімшарты - 4 адам (жоспар - 59 адам, бюджет - 36, 6 млн. теңге) ;

- күміс жас - 221 адам (жоспар - 119 адам, бюджет - 73, 9 млн. теңге) ;

Slide 5

Оқыту жобалары

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 396 адам жіберілді (258 млн. теңге бөлінді), оның ішінде:

- оқу орталықтарында оқыту - 257 адам;

- жұмыс орнында оқыту - 139 адам.

4) оқудан өткендер - 23 795 адам:

- enbek. kz платформасында дағдыларды оқыту -2 016 адам;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша - 7 566 адам.

- профориентация - 14 213 адам.

Slide 6

5) 400 АЕК дейін өтеусіз гранттарды 188 адам 259, 4 млн. теңгеге алды (жоспар - 1000 адам, 1 380 млн. теңге бөлінді) .

6) шағын несиені 53, 5 млн. теңгеге 11 адам алды (жоспар - жастар санатынан 967 адам, 4 835 млн. теңге бөлінді. (РБ) .

Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 848 адам жүгінді, 1 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы 81 869 жұмыс орнын (оның ішінде 69 079 - тұрақты, 12 790 - уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде - 17 384 жұмыс орны, жеке бастамалар шеңберінде - 308 жұмыс орны, ШОБ - 64 177 жұмыс орны.

Slide 7

Жыл басынан 35 211 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты - 23 291 бірлік, уақытша - 11 920 бірлік.

Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 51, 8 мың адамнан тұратын 264 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен босатылғандар саны - 8 кәсіпорында 53 адам.

Slide 8

Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылғандар - 15 адам, мәжбүрлі демалыста жүргендер - 73 адам, оның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты - 34 адам, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төлеммен бос тұрып қалғандықтан уақытша жұмыссыздар - 39 адам.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Украинада әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарды мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамту саясаты: экономикалық дағдарыс, құқықтық шаралар мен әлеуметтік бастамалар (1991-2020)
Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың статистикалық талдауы 2019-2022
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту: Ақтөбе облысындағы Жұмыспен қамту 2020 пилоттық жобасының іске асуы мен нәтижелері
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының мақсаттары, негізгі бағыттары, көрсеткіштері және қаржыландыруы
Халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу: стратегиялар, бағдарламалар және еңбек нарығының көрсеткіштері (2010-2012)
Мүгедектерге көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек: түрлері, сараптама және жұмыспен қамту
Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2015 жылғы нәтижелері
Еңбек нарығы: құрылымы, элементтері, жұмыспен қамту және жұмыссыздық түрлері
Қазақстан еңбек нарығы және жұмыспен қамту саясаты: «Жол картасы», нәтижелер мен кәсіптік білім
Жұмыссыздық және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының облыстық жүзеге асырылуы: бағыттар, қаржыландыру және нәтижелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz