Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы




Презентация қосу
Өткізген: Магзумова Ш.Ф.
2. Кіріспе сөз: - Мінекей, балалар, біздің барлығымызға ортақ қаншама нәрсе
бар! Сондай-ақ біздің бәрімізге ортақ ережелер мен тәртіп бар. Ол ережелер
мен тәртіптер жиынтығы Заң деп аталады. Яғни біз барлығымыз бір заңға
бағынамыз.Ол Конституция деп аталады. Бұл заңда біздің құқықтарымыз
және міндеттеріміз көрсетілген. Құқық – бізге рұқсат етілген, істеуге
болатын нәрселер, ал міндет – біз істеуге, орындауға тиіс нәрселер. Мысалы
сендер қазір мектепте білім алып жүрсіңдер, бұл – сендердің құқықтарың,
оған ешкім шектеу қоя алмайды. Сонымен қатар сендер орта білім алуға
міндеттісіңдер. Міне осындай біздің көптеген құқықтарымыз бен
міндеттеріміз жинақталған заң - Конституция болып табылады. ҚР
Конституциясы - заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға
келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол
1995ж. 30 тамызда қабылданды. Заң – жалпы тәртіптік шара. Құқық –
мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің
жиынтығы.Конвенция – балалар құқығы туралы шарт. 1989 жылы 20
қарашада БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенция қабылдады. Бұл құжат
бала-ның жан-жақты өсіп жетілуіне,болашағына жол ашатын бірден-бір
құжат. Осы ұйымға мүше болған Қазақ елі де осы құжатқа қол қойды.
Конвенцияға қол қойғаннан кейін, балалар туралы түрлі мәселелерді шешу
мақсатында 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды
«Түсініктеме» бекеті.

Біздің үшінші бекетіміз «түсініктеме» деп аталады. Интерактивті тақтада сөздіктер
жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!
1) Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген
ерік, бостандық.
2) Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың
құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
4) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын
халықаралық ұйым.
5) Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда
баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні, ұлты,
туған жері жазылады. Бұл баланың ең бірінші құжаты.
6) Азамат – жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен
міндетінің иесі.
Жарайсыңдар!
3 тарау 4-бап:

Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа
жататынына қарамастан
барлық бала тең құқыққа ие.
3-тарау , 10-бап:

Әрбір баланың жеке өмір
сүруіне, жеке басының қадір-
қасиетіне қол сұғуға, ұрлық-
қарлыққа араластыруға,
рұқсатсыз біреудің затын алуға
ешкімнің құқығы жоқ.
Қазақстан
Республикасының
Тұңғыш
Президенті
2002 жылы
тамызда
қабылданды.
9 тарау,
53 баптан
тұрады.
Конвенция –
бала құқығының
әлемдік
Конституциясы
1. «Бәріміз бірге» ойыны
(Басталған сөйлемдерді барлық оқушы бірге хормен аяқтайды.)
- Біздің мемлекетіміз –
- ҚР мемлекеттік тілі –
- Мемлекеттік рәміздер –
- Біздің елордамыз –
- Біздің президентіміз –
- Біз тұратын облыс –
- Біз тұратын аудан –
- Біз тұратын ауыл –
2. Жылдар сөйлейді
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына
1959 жылы 20 “Бала
1989
құқығы
жылытуралы”
“Балалар құқығы”
қарашада конвенция
қарашада
қабылданды.
декларациясы қабылданды.

Егеменді еліміздің Референдум арқылы
алғашқы
1993 жылы
Конституциясы
28 қаңтарда 1995бекіткен
жылы 30екінші
тамызда
қабылданды. Конституция
қабылданды.

“Қазақстан Республикасындағы
баланың
2002 жылы
құқықтары
8 тамызда
туралы”
заңы қабылданды.
3. «Ойлан, тап» ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен
сартылдатасыңдар.
• Ер Төстік +
• Мыстан кемпір –
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –
• Шық бермес Шығайбай –
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы +

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!
Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы
мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды
4. Кім жылдам?
1. Бала деп неше жасқа дейінгі адамды айтады? 18 жас
2. Жер бетіндегі халықтар мүддесін қорғайтын ұйым?
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы БҰҰ
қашан жарияланды?
1995ж 30 тамыз
4. Балаларға жағдай жасап, қамқорлық көрсету кімнің міндеті?
Отбасының, мемлекеттің
5. ҚР Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады?

9бөлім, 98 бап
6. Қазақстан Республикасында 2002 жылы 8 тамызда қандай
заң қабылданды?
Баланың құқықтары
5. «Жағдаят шешу»
1) Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.
Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?
2) Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?
3) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның
қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?

Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастың субъектілері
Мемлекет және құқық
Құқықтық нормалар
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Мемлекеттің белгілері
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекет пен құқықтың дамуы
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Корпоративтік нормалар
Пәндер