Ірі және жас малдардағы А (ретинол) гиповитаминозы: себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу-профилактикасы


Slide 1 Slide 2

Ретинолдың жетіспеушілігі «А-гиповитаминоз» - ағзада ретинолдың және оның провитамині каротиннің жетіпеушілігі салдарынан болатын ірі малдардың және өсіп келе жатырған жас малдардың созылмалы ауруы.

Slide 3

Жануарлар үшін каротин азық көзі болып табылады. Каротиннің көптеген мөлшері жасыл өсімдіктердің жапырағында, қызыл сәбізде, асқабақта, люпинде, шөп ұнында, сенажда т. б. құрамында болады

Сәбіз

Люпин

Slide 4

Нейтралды майлардың қатысуымен каротин ішек қабырғасына сіңіп, одан каротиназа ферментінің қатысуымен ретинол «а витамині» түзіледі.

Slide 5

Каротин мен ретинол ауа мен қышқылданады және ультракүлгін сәулелермен бұзылады. Бірақта мал ағзасындағы ретинол бұзылудан аскорбин қышқылы және альфа токоферол сақтайды.

Slide 6

Негізігі себебі - азықта каротиннің ұзақ уақыт немесе толық болмауы. Алиментарлық А гиповитаминоз қолда ұстаудың екінші кезеңінде дамидыРационда кобальт, марганец жетіспеушілігі болғанда сиырдың қан сарысуында каротин мөлшері төмендейді, оның нәжіспен бөлінуі көбейеді.

Slide 7

Көзі көрмейді

Көзден жас ағады

Тері құрғайды, қабыршақтанады

Тыныс, асқазан ішек жолдары кілегей қабықтары мүйізгектенеді

Өнімділігі төмендейді

Slide 8

Ең негізігі белгісі көзінің көрмеуі, тауық көзділік. Сиырлар өздерінің орнын әр нәрсеге, сиырларға соқтығысып әрең табады. Көзінің жасы ағады, конъюктивит пайда болады. Көз жасы тұрақты ағады, түкті қабатында ылғалды із қалдырады. Көздің түбін зерттегенде көру жүйкесінің емізіктерінің ісінгенін байқауға болады. Сонымен қатар кейде немесе бір уақытта танаудан су ағып, жөтел, ентігу, өкпе қырылы, кейде ірі малдарды энтероколит, бауыр дистрофиясы салдарынан іш өту болады.

Slide 9

Ауру жануарлардың тәбеті төмендеп, қоңдылығы, өнімділігі төмендейді. Тері құрғақ, қабыршақтанады, жылтырылығы төмендейді, кейде фурункулез, дирматит байқалады. Жүн қабаты жылтыр емес, өсіп кеткен, кей жерлерінде түскен, түлеуі тоқталған. Кілегей қабықтары түссізденген. Қозағлысы қиындаған, Буындарының қозғалысы төмендеген, артқы аяқтарыны парезі болуы мүмкін, көру және есту жүйкелерінің параличі, жұлын сұйықтығының қысымы артқан.

Slide 10

А гиповитаминозының ерте пайда болуы қан сарысуында ретинол мен каротин деңгейінің төмендеуі болып табылады.

Slide 11

Сиырларда жыныстық цикл өзгереді, түсік байқалады, шу түспеу, бедеулік, өлі, кеміс төл туу байқалады. Бұқалардың ұрық бөлу пайызы тез төмендейді.

Slide 12

Азық рационынан каротин құрамын анықтап, клиникалық белгілерін ескріп, сүт және қанның биохимиялық зерттеулер нәтижелерін ескеріп кешенді түрде қояды.

Slide 13

Емдеу ерте басталса болжам оң, асқынған жағдайда теріс

Slide 14

Рационға құнарлы шөп, пішен, шөп ұны, сәбіз, жасыл азықтар енгізіледі.

Slide 15

Ауыз арқылы және парентералды келесі А гиповитаминозы препараттарын қолданады: ішке майлы ретинол ацетаты ертінді түрінде А витаминін бұлшық етке енгізеді.

Slide 16

Ретинол пальмитат майлы ертіндісі, микровит А бұлшық етке, тривитамин, аксерофтал, холекальциферол, токоферол енгізеді.

Slide 17

Рационды Каротин және А витаминімен толықтыру. Профилактикалық доза емдік дозадан 4 есе кем қолданылады, 1 - 2 ай.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Малдардағы метастазды пневмония: себептері, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Малдардағы ірі веналардың флебиті мен тромбофлебиті: этиологиясы, клиникалық белгілері және емі
Жануарлардағы простатит: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу
Сиырлардағы катаральды мастит: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, емдеу және профилактикасы
Диарея: клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу және профилактикасы
Альцгеймер ауруы: себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу-алдын алу шаралары
Листериоз: этиологиясы, таралуы, клиникалық белгілері және малдардағы алдын алу мен емдеу
Жүктілік кезіндегі гипотензия: белгілері, себептері, диагностикасы және емдеу
Астения: себептері, клиникалық белгілері және емдеу тәсілдері
Аутизм спектрі: себептері, белгілері, диагностикасы және емдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz