Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері
Презентация қосу
ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ
ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ОМӨЖ
Жануарлар селекциясы
ОРЫНДАҒАН: ФАЙЗУЛЛАЕВА
ДИЁРА
ТОБЫ: МБЛ-211
• Жоспар:
1.Кіріспе
• 2.Негізгі бөлім:
• 1) Селекция туралы жалпы ұғым
• 2) Жануарлар селекциясында
қолданатын әдістер
• 3) Қазақстандық ғалымдардың
жетістіктері
• 3.Қорытынды
• 4.Пайдаланылған әдебиеттер
СЕЛЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым
шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары
өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың
өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция(латын
тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) – жаңа сорттар мен
будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар
шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен
қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада
әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет
ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі
күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі
құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі
құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын
жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен
ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми–теориялық
негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика
болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз
болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Жануарлар селекциясында
қолданылатын будандастыру әдістері
Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі
әдісі қоллданылады:туыстық,туыстық емес және алыстан будандастыру.Туыстық
будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе
ата-анасы мен ұрпағы алынады.Будандастырудығ мұндай түрі организмнің бойындағы
кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомозиготалы жағдайға
келтіру үшін қолданады.Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда
білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты.Ал жақын туыс жануарлардың гендері
құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.Сондықтан олардың ұрпағы көінесе
гомозиготалы жағдайда болады.
Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер арқылы анықталатын
шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді тұрақтандыру үшін қолданады.
Туыстық будандастыру кезінде кейде жануарлардың әлсізденіп,сыртқы орта жағдайлары
мен түрлі ауруларға төзімділігінің нашарлайтындығы байқалады.Мұны болдырмау үшін
тек шаруашылық тұрғыда пайдалы қасиеттерді ғана сұрыптау керек
Селекцияда туыстық будандастыру,әдетте,мал тұқымын жақсартудың бастапқы сатысы
ғана болып есептелінеді.Одан әрі қарай осындай жолмен алынған түрлі сорттармақтар
бір-бірімен будандастырылады.Ол кезед жағымсыз рецессивті гендер гетерозиготалы
жағдайға ауысады да,туыстық будандастырудың зиянды әсері кемиді.
• Туыстық емес будандастыру бір
тұқымға жататын даралардың немесе
жануарлардың түрлі тұқымдарының
арасында жүргізіледі.Бұл жағдайда ата-
аналық формалардың бойындағы
жақсы белгі-қасиеттер жеке
сұрыпталып алынып,келесі
ұрпақтарға беріліп отырады.
• Алыстан будандастыру әдісі тек
өсімдіктерде ғана емес,жануарлар
селекциясында да
қолданылады.Жануарларда да
өсімдіктердегідей түраралық будандар
көбінесе ұрпақсыз болады.Мұндай
жағдайда олардың ұрпақ беру қабілетін
қалпына келтіру өте күрделі.Себебі
жануарларда хромосома санын екі
еселеу арқылы полиплоидтерді алу
мүмкін емес.Алайда алыстан
будандастыру арқылы алынған
будандардың ұрпақсыз болса да
шаруашылық маңызы бар.Мысалы, бие
АЛЫСТАН мен есекті будандастыру арқылы
алынған қашырды адам баласы ертеден
БУДАНДАСТЫРУ пайдаланып келеді.Қашырларда
гетерозис құбылысы байқалады:олар өте
төзімді,күш қуаты мол әрі ата-енесіне
қарағанда ұзақ тіршілік етеді.Бірақ олар
ұрпақ бермейді.Сол сияқты қос өркешті
түйе мен нарды будандастырғанда да
гетерозис көрініс береді.
• Кейбір түраралық будандастырулардан
алынатын будан ұрпақ өсімтал
келеді.Мұндай жағдайда олар үй
жануарларының жаңа түрлерін шығару
үшін,яғни селекциялық мақсатта
қолданылады.
• Алыстан будандастыру әдісін
қолданудың нәтижесінде көптеген
жетістіктерге қол жетті.Соның
бірі,мысалы,қазақстандық
ғалымдар:Н.С.Бутарин,Ә.Есенжоло
в,А.Жандеркин биязы жүнді
қойларды жабайы арқармен
будандастырып,арқар-меринос
тұқымын шығарды.Мұндай қойлар
биік таулы аймақтардағы
жайылымдарда жайылып,тіршілік
етуге бейім келеді.Ондай қасиетті
арқардан,ал жүнінің биязылығын
енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым
қуалап алған.
• Қодас пен мүйізді ірі қараны
будандастыру бойынша да
селекциялық жұмыстар
жүргізілуде.Қодас-биік таулы
жерлерде өсетін үй
жануары.Негізінен күш көлігі
ретінде пайдаланылады.Еті
қатты,сүті аз,бірақ майлы болып
келеді.Мүйізді ірі қара мен
қодастың арасынан шыққан
будандарда,гетерозиске байланысты
еті мен сүтінің сапасы қодасқа
қарағанда артық болып шыққан.
ҚАЗАҚСТАН
СЕЛЕКЦИОНЕРЛЕРІ
НІҢ ҚОЛ ЖЕТКЕН
ТАБЫСТАРЫ
• Айтылған әдістерді пайдалана отырып,қазақстандық
ғалымдар:М.Ә.Ермеков,В.А.Бальмонт,Ә.Е.Еламанов,
Д.Н.Пак,Б.И.Мусин,Н.З.Ғалиакберов,И.Н.Попов,Қ.Ү.
Медеубеков және т.б. ауылшаруашылық
жануарларының көптеген жаңа тұқымдарын
шығарды.Тоқтала кетсек,В.А.Бальмонт
басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді
бағыттағы қой тұқымы-қазақың биязы жүнді қойы
шығарылды.Ол-жүні көп беретін әрі өсімтал тұқым.
• Ә.Е.Еламанов,Қ.Ү.Медеубеков және т.б ғалымдардың
қатысуымен Қазақстанның солтүстік аймақтарының
қатаң табиғат жағдайына төзімді,биязы жүнді қойдың
жаңа тұқымы-Солтүстік Қазақстан мериносы
шыққан.Ол Бесқарағай және Сұлукөл қойы деп екі
типке бөлінеді.Бұлар-еліміздегі жүнді-етті бағыттағы
қой тұқымдарының таңдауларының бірі.
• Еділбай қойы-халықтық селекция жолымен
алынған,қылшық жүнді,құйрықты қазақы қой
тұқымының бір түрі.Ет-май өндіру бағытында
өсіріледі.
• Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов және т.б ғалымдар
шығарған сиырдың етті тұқымы-қазақтың ақбас
сиыры республикамызда көп тараған.
• Д.Н.Пактың басшылығымен сүтті,етті сиыр тұқымы-
Алатау сиыры шығарылды.Сүтті мол беретін ірі
қараның жаңа тұқымдарының қатарына қазақстандық
селекционерлер шығарған еліміздің солтүстік
аймақтарында өсірілетін-қырдың қызыл сиыры мен
оңтүстік аймақтардағы-әулиеата сиырлары жатады.
• Қазақстан селекционерлері шығарған жылқы
тұқымдары да бар.Олар шөлейтті аймаққа
бейімделген,етті-сүтті бағыттағы-көшім
жылқысы мен желісті-қостанай жылқысы.
• Республикамыздың ғылыми-зерттеу
мекемелерінде мал тұқымын асылдандырудың
жаңа әдістері де
ойластырылған.Мысалы,академик
Ф.М.Мұхамбетқалиевтың басшылығымен
Эксперименттік биология институтында
дүниежүзі бойынша алғаш рет трансплантация
әдісімен қозы алынды.Оның мәнісі-ұрықтанған
жұмыртқа жасушасы басқа аналық организмге
апарып салынады да, содан ұрпақ
дамиды.Мысалы,аустралияның биязы жүнді
қойының ұрығымен бізідің жергілікті қойдың
аналығын ұрықтандырып,содан қозы
алынған.Бұл әдіс мал тұқымын
асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді.
• Трансплантация әдісі қазіргі уақытта мал
шаруашылығында кеңінен қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНЕ ДЕ ӨСІМДІКТЕРДЕГІДЕЙ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ӨЗГЕРГІШТІК ПЕН
СҰРЫПТАУ ЖАТАДЫ. ЖАППАЙ ЖӘНЕ ЖЕКЕ СҰРЫПТАУЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ДА ТӘН. АЛАЙДА ЖАНУАРЛАР
СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР. ОЛАР: ЖАНУАРЛАР ТЕК ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ҒАНА КӨБЕЙЕДІ;
ЖАНУАРЛАРДА ҰРПАҚ САНЫ КӨП БОЛА БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ ӘРБІР ЖЕКЕК ДАРАЛАРДЫҢ ӨЗІНІҢ СЕЛЕКЦИЯ ҮШІН
МАҢЫЗЫ БОЛУЫ МҮМКІН.
ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ОНЫҢ ТҮРЛІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР
ЕСКЕРІЛЕДІ. МЫСАЛЫ, ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ СҮТТІЛІГІ ОНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІНЕ,ҚАН АЙНАЛУ ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАҚСЫ ЖЕТІЛУІНЕ,Т.Б. БАЙЛАНЫСТЫ. СОНДЫҚТАН МАЛДЫҢ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ ҮШІН
ЖАППАЙ СҰРЫПТАУДЫҢ ОСЫНДАЙ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ОСЫЛАЙША БІРНЕШЕ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША
СҰРАИТАЙ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ІРІ ҚАРАНЫҢ ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ-ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС СИЫРЫ ЖӘНЕ
СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ-ҚЫРДЫҢ ҚЫЗЫЛ СИЫРЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
•1.Инге Вечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции,М.Высшая школа, 1989.
•2.Лобашев М.Е.Ватти К.Е.Тихомирова М.М.Генетика сосновами селекции, М.Просвещение,1979.
•3.Ватти К.В.Тихомирова М.М.Руководства к практическим занятям по генетике.М.Просвещение, 1979.1972.
•4.Лобашев М.Е.Генетика.Изд-во ЛГУ.Генетические 1969.
•5.Медведев Н.Н.Практическая генетика.М.Наука,1966.
•6.Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А Өтешева Г.А.Генетикадан практикалық сабақтар.Алматы.Ғылым 2004.
•7.Мұхамбетжанов К.Қ. Генетика.Алматы 2005.
•8. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
•9. Әбилаев С.А. Молекулалық биологи және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асаралы» баспасы, 2008.-
424б.:ил. –ISBN 9786017065225:2500т.
•10. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет.ж.. толық.-2010.- 388 б.
•11.Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.
•12. Мухамеджанов А, Абдакаликов М. Общая и военная радиобиология: Учебное пособие.- 2008.- 142 с.
•13. Құлтанов Б.Ж. Радиобиологияның таңдамалы сұрақтары: оқу-әдістемелік құрал, КГМУ.- Қарағанды,
2009.- 163 б.
•14. Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск, 2002. -436 б - 60 дана
•15. Бегімқұл Б.Қ. Генетика, Алматы, 2000. -358 6.-50 дана
•16. Эбшаев С.А.МолекулалыК биология жзне генетика. Шымкент, 2008.-424 6.-50 дана
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz