Табиғи сұрыпталу



Тақырыбы:Табиғи сұрыптау заңы немесе Дарвин заңы
Орындаған: Кеншімбаева Н.
Тобы: МБЛ-211
Қабылдаған: б. ғ. д. профессор А. И. Сейтхожаев

Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 2. 1. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары 2. 2. Тіршілік үшін күрес және оның формалары 2. 3. Биогеоценоз - тіршілік үшін күрес аймағы III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Табиғи сұрыпталу
Тіршілік үшін күрестін барлық формаларынан Дарвин әрдайым нақты бір орта жағдайларында өзіне пайдалы ерекшеліктері бар ағзалар ғана тіршілігін сақтап қалатынын байқады.
Олай болса, табиғатта өздігінен таңдамалы түрде бір даралар тірішілігін жойса, екініші біреулері көбейіп, әрі қарай 6амиды. Бұл құбылысты Дарвин табиғи сұрыпталу, немесе аса жақсы бейімделген ағзалардың тірі қалуы деп ата6ы. Табиғи сұрыпталуды кей6е қозғаушы сұрыпталу деп атайды.

1. Қалыпты сұрыпталу
2. Қозғаушы сұрыпталу
3. Дизруптивті сұрыпталу
4. Жыныстың сұрыпталу
5. Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі

Қалыпты сұрыпталу
а) Сұрыптау жолымен мутация залалсыздандырылады, олардың қарама-қарсы бағытталған әрекеті бейтараптанады. ә) Генотип және тұрақты фенотип барысында жеке даму процесі жетілдіріледі. б) Залалсыздандырылған мутация резерві пайда болады. Осы сұрыпталудың нәтижесіңде, орташа нормадағы реакциясы бар ағзалардың аз өзгерісті жағдай тіршілігінде доминантты (басым) болады, жәндіктермен тозанданатын өсімдіктер гүлінің формасы мен пішіні сақталады (гүлдер жәндік тозандандырушының мөлшері мен пішініне, оның алдыңғы ауыз сору құрылысына сәйкес келу керек)

Дизруптивтı немесе ажыратушы сұрыпталу
Өзгергіштіктің екі немесе бірнеше шеткі нұсқаларына (бағыттарына) қолайлы, бірақ белгінің аралық, орташа күйлеріне қолайсыз жағдайлар болатын табиғи сұрыпталудың бір түрі. Нәтижесінде бір ғана бастапқы формадан бірнеше жаңа түрлер пайда болуы мүмкін. Оны сипаттаған Майер. Дизруптивті сұрыптау популяцияның полиморфизмін тудыруға және оны ұстап тұруға қабілетті. Ал кейбір жағдайларда түр түзілудің себебі ретінде қызмет атқаруы мүмкін.

Қозғаушы немесе бағытталған сұрыпталу
Ұзақ уақыт аралығындағы орташа көрсеткіштің өзгеруі, мысалы, дене көлемінің ұлғаюы. Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын мобилизделген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыптауды іске асырады. Жаңа фенотип пен генотип қалыптасады. Осы сұрыпталудың нәтижесінде фенотипі және генотипі бойынша айырмашылығы бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.

Жыныстық сұрыпталу
Түрдıң көбеюı ұрпақтарының ары қарай өсıп-өнıп тıршıлıгıн қамтамасыз ететıн, тıршıлıк үшıн күресте реңдерıнıң түрлı-түстı болуы, әрекеттерıнıң белсендıлıгıмен, тıршıлıкке икемдıлıгıмен күштıлердı жеңедı. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зияны да болады.
Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауылдың аталықтарының әдемı ұзын қауырсындары ұшуына кедергı жасайды, әрı оларды жаулары тез байқайды. Бұғының аталығының үлкен мүйıзı қатты жүгıруıне кедергı келтıредı. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесıнде жетıлген мүйıздерı, иттıстерı, иıс сезу бездерı, жарық шығаратын мүшелерı жыныстық айырмашылықтарын көрсетедı.

Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі
Адаптация (лат. adaptatio - бейімделу) - жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т. б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады
Табиғи сұрыпталу туралы түсінік генетиканың дамуымен И. И. Шмальгузен, С. С. Четвериков пен басқа ғалымдардың еңбектері арқасында кеңейіп және тереңдетіле түсті. Қазіргі кездегі көзқарастарға сүйеніп, табиғи сұрыпталуды қарастыратын болсақ, сұрыпталудың әсері жекелеген дараны, сондай-ақ біртұтас популяцияларды қамтуы мүмкін. Қалай болғанда да, сұрыпталу тіршілік жағдайларына ең жақсы бейімделген ағзаларды қалдырады. Табиғи сұрыпталу факторлары сыртқы орта жағдайлары болып табылады, осы жағдайларға байланысты сұрыпталу әр бағытта әсер етеді және түрлі эволюциялық нәтижелерге алып келеді.

Оң және теріс сұрыптау
Оң сұрыптау - табиғи сұрыптаудың бір түрі.
Оның әсері - теріс сұрыптауға қарама-қарсы. Оң сұрыптау популяциядағы пайдалы белгілері бар, тұтастай алған6а белгілі бір түрдің дамуына әсер ететін дарақтар6ың санын көбейтеді.
Теріс сұрыптау - табиғи сұрыптаудың бір түрі.
Популяция6ағы қазіргі орта жағдайын6а өмір сүру қабілетін кенет төмендететін белгілерді тасымалдаушы дарақтардың басым бөлігін жарамсыз деп табады. Теріс сұрыптаудың көмегімен аса зиян6ы аллельдер популяциядан жойылады.

Тіршілік үшін күрес дегеніміз-бір түр ішіндегі, бір түр мен екінші түр арасындағы және түрлер мен қоршаған орта арасындағы ұрпақтарының өсімталдылығын қамтамасыз ететін даралардың қарым-қатынасының күрделі жиынтығы

Дарвин тіршілік үшін күрестің негізгі 3 формасын атады:

Түраралық күрес
Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүреді. Мысалы: түлкілердің қояндарға шабуылы (жыртқыштық), қасқыр мен түлкі жемтігі үшін таласады (конкуренция-бәсекелестік), діңқұлақ пен ағаш (паразитизм) .

Түрішілік күрес
Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес. Мысалы: екі ақ аюдың өз тамағы үшін күрес (конкуренция) .

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес
Құрғақшылықпен, суықпен, нөсермен т. б. күрес.
Мысалы: көптеген өсімдіктер қары аз, аязды суықтарда қырылып қалады, сонымен қатар аяз кезінде топырақта тіршілік ететін көп ағзалар қырылады.

Биогеоценоз - тіршілік үшін күрес аймағы
Биоценоз (био . . . және гр. koіns - жалпы) - тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.
Биогеоценоз (био . . . , гео . . . және гр. koіnos - жалпы) - тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.
1.
2.

Биоценоз - биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т. б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады
Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді. Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты

Биогеоценоздың негізін құрайтындар
Продуценттер
Консументтер
Редуценттер

Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В. Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Биогеоценология ғылыми бағыттың негізін қалады .
Владимир Николаевич Сукачев (26 мамыр (7 маусым) 1880, Харьков губерниясы - 9 ақпан 1967, Мәскеу) - орыс, кеңестік геоботаник, ағаш өсіруші, эколог, палеонтолог және ғылымды ұйымдастырушы, КСРО Ғылым академиясының академигі (1943), Социалистік Еңбек Батыры (1965) . РСФСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960) .

Биогеоценоздар өлшемі әртүрлі белгілі бір биогеоценоздар құрамдастығы бар табиғи экосистема - планетада зат және энергия алмасудың негізі, оларға:
Тропикалық ормандар
Орта климаттық зоналар
Жайлау жерлері (шөл, саванна, тундра)
Шөл, шала шөл
Көл, батпақты алаң
Тау
Түбек
Теңіз

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz