Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері



Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері
Орындаған:Кеншімбаева Н.
Тобы:АГ-402Қ
Қабылдаған:А. ш. к. профессор Досжанова А. С.

Мазмұны: I. Кіріспе Арамшөптерді есепке алу және олармен күресу әдістері. II. Негізгі бөлім 2. 1. Гербицид түрлері 2. 2. Күріш егістігінде қолданылатын гербицидтер түрлері 2. 3. Гербицидтердің қолданылу тәсілі, мерзімі, мөлшері 2. 4. Сақтық шаралары III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Танапта арамшөптердің бірнеше биологиялық топтарының өкілдері кездеседі, олар бір мезгілде көген тамырлы, аз жылдық, атпа тамырлы, кіндік тамырлы және тамырсабақты болып ластануы мүмкін. Арамшөптермен күрес шараларын жоспарлауда олардың түрлі құрамы, биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ арамшөптер өсімдіктерінің жағдайы негізге алынады. Әсіресе егістіктердің ластану дәрежесінің елеулі мәні бар. Егістіктегі арамшөптердің түрлерін және жалпы санын білмей тұрып оларды жою үшін агротехникалық және басқа шараларды тиімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан танаптардағы арамшөптерді есепке алу керек. Вегетация кезінде арамшөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық- өлшемдік әдістері бар. Солардың ішінде шаруашылық жағдайында жүргізілуі ең оңай, әрі кең тараған түрі академик А. И. Мальцев ұсынған көзбен мөлшерлеу әдісі. Бұл әдіс бойынша танаптардағы арамшөптер деңгейі 4 балдық жүйемен бағаланады. Танапты қиғаш бағытта жүріп өткенде арамшөптер бірен-саран болса, онда бұл 1балл, ал олар танаптағы барлық өсімдіктердің төрттен бірінен артық болмаса-2 балл болып есептеледі. Арамшөптер көп, бірақ мәдени өсімдіктерден басым болса, онда 4 баллға тең болады. Осы жүргізілген есептің деректері бойынша танаптың арамшөптермен ластану картасы жасалынады. Осы картаны пайдаланып арамшөптерді жою үшін агротехникалық, химиялық, биологиялық, интеграциялық шаралар белгіленіп, олар іс жүзіне асырылады. Соның ішінде бүгін қарастыратынымыз арамшөптермен күресудің химиялық әдістері.

Химиялық әдісі-гербицидтер қолдану
Гербицидтер өсімдікке әсер етуіне қарай

Гербицидтер
өсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты

Күріш егісін көбінесе каналдарда, арықтарда, егін аралықтарында, жол жиектері мен су жағалауларында өсетін арамшөптер ластайды. Сондықтан жаз айларында мұндай жерлерде өсіп тұрған арамшөптерді бірнеше рет орып тастау керек. Оларды жою үшін 2, 4 Д, 3-4 Д типіндегі гербицидтер мен дизель жанар майының 10 проценттік концентрациясын да қолдануға болады. Күріш алқаптары арамшөптен таза болу үшін оған төгілетін көңді де ұқыпты қолдана білу керек. Өйткені арамшөптер тұқымы малдың асқазанынан қорытылмай шығып, топыраққа түскен өсіп, өнетін қасиетін өзінде сақтайды. Сондықтан көңді егіске төкпестен бұрын 1, 5-2 ай бойы қорда да сақтап биотермикалық өңдеуден өткізу керек. Сонда арамшөптер тұқымы өзінің өміршеңдігін жояды. Күріш егістігіндегі бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерді жою үшін себу алдында, сепкеннен кейін және көктеу кезінде тиген жеріне әсер ететін және жүйелі гербицидтер қолданылады. Себу алдында (себуге 2-3 күн қалғанда) ялан, ордрам (4-7 кг/га) немесе сатурн (4-5 кг/га) қолданылады, бұл гербицидтерді жерге жеңіл тырмалармен жедел сіңіру қажет, өйткені олар тез буланып өзінің күшін жоюы мүмкін. Көп жылдық арамшөптерді құрту үшін өсімдіктің толық түптену кезеңінде 2, 4-Д тобынан 40% амин тұзын (1, 2-2, 0 л/га), 2М-4Х (1, 0-1, 5 л/га), базагран қолданылады. Бұл, жүйелі гербицидтер тобы арамшөптердің жер бетіндегі мүшелеріне ғана емес, тамыр жүйесіне де әсер етіп оларды толық жойып жіберуге мүмкіншілік береді. Гербицидтер енгізгенде судың тереңдігі 7-10 см болуы керек. Күріш егістігінде ең ерте пайдаланатын гербицид-базагран. Бұл селективті гербицид күрішті қай кезеңде болсын зақымдамайды.

Себу алдында қолданылатын

Толық түптену кезеңінде

Гербицидті қолданудың негізгі тәсілі-бүрку. Гербицидтер ерітінділер суспензия, эмульсия түрлерінде шығарылады. Қолдану түріне қарай гербицидтер әуеден ұшақ арқылы немесе жерден арнайы машиналардың көмегімен бүркетін, топыраққа сіңіретін тәсілдерге бөлінеді. Ол үшін самолеттің багіне белгілі мелшерде су құйылады. Ұшқыш бүрку кезінде белгіленген жылдамдықпен ұшады, сол кезде бүріккіштерді жұмысқа қосады, ал бақылаушылар бүркуге кеткен уақытты белгілейді. Eгicтіктi самолет арқылы еңдеумен қатар машиналар арқылы бурку де қолдау тапты. Оларға: ОНК-Б, ОНК-100, ОСШ-15А, ОВТ-1, ОНД-100, ОТН-4, 8, ГАН-8, ГАН-15 бүріккіш машиналары жэне аэрозольды генераторлар (АГ - УД-2 жэне АГ - Л6) жатады. Барлық бүріккіш машиналарға қойылатын талап:бұлардың гербицидті eгicкe бip қалыпты бүркуін және ерітіндінің жұмсалу нормасының дұрыс реттелуін қамтамасыз ету болып табылады. Ерітіндінің бip гектарға бүркілу мөлшері машинаның жүру жылдамдығына, бүріккіш қондырғының, paзмepiнe және сұйық заттың қысымына байланысты. Машинаның, жүру жылдамдығын жоғарылатқан сайын ерітіндінің бip гектарға жұмсалатын мөлшері кемиді, сондықтан машинаның жұмыс өнімділігін арттыру үшін оның жылдамдығы көбейеді. Бүріккіш машиналар сағатына 6, 5-7 км жылдамдықта жұмыс icтeyi керек.

Гербицидті жылы күндері, жауыннан кейін бүрку керек. Құрғақшылық күндері оның әсері кемиді. Бүрку жұмысын жел аз күндері, ауаның температурасы 20-25 градуста, күн шығардан 30 минут бұрын бастап, ертеңгі сағат 9-10-ға дейін, ал кешкісін ыстық қайтқан кезде жүргізеді. Самолеттің бүрку кезіндегі ұшу биіктігі 5 метрден артық болмауы керек. Өте биік ұшқанда ерітінді eгicкe өте аз мөлшерде бүркіледі, көбi ай далаға ұшып кетеді. Ал өте жақын ұшқанда бipтeгic бүркілмейді, кейбір жерлерге қою бүркіледі де, ал кейбір жерлер бүркілмей қалады. ЯК-12 самолеті үшін өңделетін eгic көлемі 5 га, ал АН-2 үшін 25 гектардан кем болмау керек. Құмды органикалық заттарға кедей топырақтарда мәдени дақылдар егісін зақымдамау үшін гербицидтердің мөлшерін азайтады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz