Дәнді дақылдардың қара күйе ауруы


Slide 1

Дәнді-дақылдардың қара күйе ауруларына тоқталыңыз.

Орындаған: Кеншімбаева Н.

Тобы: МБЛ-211

Қабылдаған: Б. ғ. к., доцент Сихымбаев Ә.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Дән бөлімдері

Дәнді дақылдардың қара күйе ауруы

Қара күйе ауруымен күресу шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Дәнді дақылдар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер

өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.

Slide 4 Slide 5

Дән мынадай бөлімдерден тұрады:

Эндосперм -дәннің негізгі және ішкі бөлігі, дәннің 84-85% салмағын құрайды, құрамында көмірсулар, белоктар, май мен минералдық заттардың аздаған мөлшері бар;

Қабықтары- олар бірнеше қабаттан тұрады, дән салмағының 14% құрайды, құрамында минералдық заттар, витаминдер бар;

Ұрығы- дәннің 1, 5% құрайды, ол дәннің негізінде бүршік түрінде орналасқан, құрамында органикалық заттар - белоктар, майлар және витаминдер, минералдық заттар бар;

Slide 6 Slide 7

Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларын кәдімгі саңырауқұлақтар (Eumycota) бөліміне, базидиомицеттер класына, қара күйе ( Ustilaginales) қатарына жататын қоздырғыштар тудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбір түрі белгілі бір дақылды залалдайды. Ұлпалар бұзылып, түрі күйік тәрізді болады. Қара түсті телиоспоралар (бір дәнде 8-20 млн. дана) пайда болып, зақымдалған жер қарайып кетеді.

Slide 8

ЖҮГЕРІ ҚАРАКҮЙЕСІ

Жүгері қаракүйесі - базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы. Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 - 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды.

Slide 9

Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады.

Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі.

Slide 10

Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 - 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін. Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған.

Slide 11

Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 - 5 л/т), дивиденд 030 (2 - 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.

Slide 12

БИДАЙДЫҢ ТОЗАҢДЫ ҚАРА КҮЙЕСІ

Қоздырғышы: Ustilago tritici. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Масағы толығымен қара түсті тозаңды жиынтыққа айналады, тек масақ өзегі ғана қалады. Телиоспорлар тозаңданады және гүлдену кезеңінде басқа өсімдіктің гүліне түседі.

Slide 13

Химиялық күресу шаралары

Препарат суспензиясымен тұқымдарды өңдеу (1т тұқымға 10л су) :

Бастион, 34% с. с. к. 2, 0л/га мөлшерінде

Витавакс 200 ФФ, 34% с. с. к. 2, 0-2, 5 л/га мөлшерінде

Витарос, с. с. к. 2, 0 л/га мөлшерінде

Себу алдында препарат суспензиясымен тұқымдарды өңдеу (1т тұқымға 10л су) :

Витавакс, в. с. к. 1, 5-2, 0 л/га мөлшерінде

Slide 14

Т. caries - бидайдың қатты қаракүйесінің қоздырғышы Телиоспорлары шар тәрізді, сары -қоңыр түсті қабықшасының беті торлы. Ауру белгісі дәннің сүттену кезеңінің басында байқалады. Масақтың қабыршақтарында және тұқым қабығында сақталады. Телиоспоралар қаракүйе жиынтығын түзеді. Олар жеңіл езіледі және триметиламин иісі болады. Бастыру кезінде телиоспоралар шашылады да сау тұқым бетіне қонады. Сонда келесі жылға дейін сақталады. Топырақта телиоспораларалар тұқыммен бірге өсіп базидия мен баздиоспоралар пайда болып залалдайтын гифалар қалыптастырады. Осындай жолмен қарабидайдың қатты қаракүйесі қоздырғышы : Tilletia secalis; бидайдың ергежейлі қара күйесі - Т. Controversa дамиды

Slide 15

Бидайдың қатты қара күйесі

Қоздырғышы: Tilletia caries

Егінді орып бастырған кезде қара күйе қапшықтары жарылып, телиоспоралар сау дәндерге түседі. Залалдану құрал-жабдықтар, ыдыс және т. б. арқылы да жүзеге асады.

Slide 16

Химиялық күресу шаралары

Тұқымды ертерек және себу алдында препарат суспензиясымен өңдеу (1т тұқымға 8-10 л су) :

ТМТД, с. с. к. 3, 0-4, 0 л/га мөлшерінде

Препарат суспензиясымен тұқымдарды өңдеу (1т тұқымға 10 л су) :

Бастион, 34% с. с. к. 2, 0л/га мөлшерінде

Витавакс 200 ФФ, 34% с. с. к. 2, 0-2, 5 л/га мөлшерінде

Витарос, с. с. к. 2, 0 л/га мөлшерінде

Себу алдында препарат суспензиясымен тұқымдарды өңдеу (1т тұқымға 10л су) :

Витавакс, в. с. к. 1, 5-2, 0 л/га мөлшерінде

Slide 17

Арпаның қатты қара күйесі

Қоздырғышы: Ustilago hordei ( Pers) Lagerh. Қылтанақтан басқа масақтың барлық бөліктері зақымдалып, жұқа түссіз қабықпен жабылған қара түсті, споралар жиынтығына айналады. Залалданған дән тұқым ретінде пайдаланылғанда, аурудың әсерінен өскіндердің өліп қалуынан егістік сиреп кетеді. Өскіндер топырақтан залалдануы да мүмкін. Аурудың дамуына 5-10ºС температура мен топырақ ылғалдылығының 60-70% болуы өте қолайлы.

Slide 18

Сұлының қаракүйе ауруы

U. avenae - сұлы және жабайы астық дақылдарының тозаңды қара күйесінің қоздырғышы. Телиоспоралары шар тәрізді немесе бұрыш пішінді, жиынтық түрінде қара - қызыл түсті, қабықшасы ұсақ тікенекті. Инфекциялы гифалар, дәннің перикарпына еніп, геммаларға бөлініп дәннің өнуіне дейін сақталады. Дамуы бидайдың тозаңды қара күйесіне ұқсас.

U. levis. Сұлының жабық қаракүйесінің қоздырғышы. Телиоспоралары шар тәрізді, сәл ұзарған немесе бұрышты, жабысқан, кейін ұнтақталған, күңгірт-қоңыр қабықшасы бар, жиынтық түрінде қара- қоңыр кейін тозаңданады. Дән, гүл қабыршақтары, масақ қабыршақтары залалданады. Сұлының шашақтары споралық массаға айналады. Тозаңды қара күйеден айырмашылығы масақша қауыздары сақталып спораларының түйіршектерін жауып турады. Қалғаны тозаңды қаракүйеге ұқсас.

Slide 19

ҚАРА БИДАЙ САБАҒЫНЫҢ ҚАРА КҮЙЕСІ

Қоздырғышы: Urocystis occylta (Wollr. ) Rab. Өсімдіктің сабағы зақымданады. Сабақтың жоғарғы бөлігінде, кейде жоғарғы жапырақтарында және олардың қынаптарында оңай шашылатын споралар жиналған ұзынша жарықшалар пайда болады. Масақтың дамуы тежеледі, түссізденеді, дәннің болмауы мүмкін. Сабақ ұлпаның біркелкі өспеуінен қисайып, байламдар пайда болады. Ауру залалданған сабан мен тұқымнан тарайды. Ауру көктемде өскіндерде басталып, саңырауқұлақтың мицелийі диффузиялық жолмен өсімдіктің барлық жер үстіндегі мүшелерін зақымдайды. Ауру мәдени дәнді дақылдардың ішінде қара бидай үшін өте қауіпті.

Slide 20

Жалпы дәнді дақылдардың қара күйе ауруларымен күресу шаралары:

- төзімді сорттарды өсіру;

- тұқымды ғылыми негізделген мөлшерде және мерзімде себу;

- тұқымды жылы ауамен желдету;

- құрамында қара күйе қапшықтары жоқ 1және 2 классты тұқымды пайдалану;

- 3 классты тұқымды пайдаланғанда қара күйе қапшықтарының қоспасы 0, 02%-дан аспау керек;

- Тұқымды дәрілеу.

Slide 21

Өсімдік ауруларын анықтау

Ең алдымен олардың туындау себептерін білгеніміз жөн. Өсімдік аурулары жұқпайтын немесе физиологиялық, жұқпалы яғни инфекциялы деп екі топқа бөлінеді. Соңғылары микоздар немесе саңырауқұлақтар, бактериоздар -бактериялар және вироздар - вирустар қоздыратын ауруларға жіктеледі.

Slide 22

Бірінші кезекте ауруға шалдыққан мүшелерді жай көзбен жіті қараса, оларда анатомиялық өзгерістердің бар-жоғы байқалады.


Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайдың қортық
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Астық тұқымдастары
Дәнді дақылдардың ауруларымен күресу, бұршақ дақылдарының ауруларымен күресу
Дәнді дақылдардың сабақ таты ауруы
Гүлді өсімдік аурулары
Бұршақ бітесі
Дәнді дақылдардың сары таты
Жетілмеген саңырауқұлақтар
Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz