Атау және ілік септіктері



Қарашаның екісі
Атау және ілік септіктері

Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;
Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы
білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде
тұрған сөздерді табуға үйрету
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай
білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға
машықтандыру.

«Өткенге шолу».
Септік атаулары
Сұрақтары
Септік жалғаулары
Атау септік
Кім? Не?
Ілік септік
Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің, .
Барыс септік
Кімге? Неге? Қайда?
-ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс септік
Кімді? Нені?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс септік
Кімде? Неде?
-да, -де, -та, -те.
Шығыс септік
Кімнен? Неден?
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
Көмектес септік
Кіммен? Немен?
-мен, -бен, -пен.

«Білгім келеді»
Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.
Атақ-даңқ қалай шығады?
Көмірдің аты
Жанумен шығар.
Балғаның аты
Қағумен шығар.
Шегенің аты
Бекумен шығар.
Қашаудың аты
Шекумен шығар.
Батырдың аты
Жеңумен шығар.
Жомарттың аты
Берумен шығар.
Ақынның аты
Жырлаумен шығар.
Шәкірттің аты
Тыңдаумен шығар.
- қарамен жазылған сөздер түбір сөзге ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.

Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.
1. (Құндыз) терісі аса құнды болады.
2. (Шебер) қолы - алтын.
3. (Сәуле) әжесі ауылдан келді.
4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Сөздерге сұрақ қой.
. . . соғылды.
2. Сыныпқа . . . кірді.
3. Бірінші . . . басталды.
. . . мұғалімнің сұрақтарына жауап берді.
5. Тақтаға . . . шықты.
Керекті сөздер: оқушылар, сабақ, қоңырау, Әлия, мұғалім.

Сөздерді топқа бөліп үлгі бойынша жаз.
Үлгі: Кітап, дәптер, күнделік, қалам, сызғыш - оқу құралдары.
Алматы, жаз, ата, жексенбі, жұма, ірімшік, күз, Көкшетау, сүт,
Қарағанды, іні, әже, дүйсенбі, көктем, Ақтөбе, қаймақ, қыс, сәрсенбі, аға, шұжық.

Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Мен (о Родине) көп мақал-мәтел білемін. 2. Ыбырай Алтынсарин (для детей) мектептер ашты. 3. Астана қаласы (с каждым днем) өркендеп келеді. 4. Дина мен Гүлнұр (по телефону) сөйлесті.
ради, для үшін
по, через, при помощи арқылы
еже-, каждый сайын
о, про, насчет туралы, жөнінде

Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.
Брат Ораза живет в Астане.
2. Цирк находится в центре города.
3. Сегодня день рождения моей бабушки.
Мама Кайрата работает в больнице.
5. Наш класс очень дружный.
6. Это дом моего друга.
7. Тетрадь Толеша лежит на парте.

Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.
Ораздың ағасы Астанада тұрады.
2. Цирк қаланың орталығында орналасқан.
3. Бүгін менің әжемнің туған күні.
4. Қайраттың анасы ауруханада жұмыс істейді.
5. Біздің сынып өте тату.
6. Бұл - менің досымның үйі.
7. Төлештің дәптері партаның үстінде жатыр.

Тест тапсырмасы
1-нұсқа
1. Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Алма, парта, терезе, ана.
а) сын есім; ә) етістік; б) зат есім;
2. Көмектес септігінде тұрған сөзді тап. а) машинамен; ә) пышақты;
б) жайлауға;
3. Сан есім сұрақтарын көрсет.
а) Қанша? Нешінші? Неше?
ә) Не істеді? Не қылды? Қайтті?
б) Не? Нелер? Кім? Кімдер?
4. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап. а) сабақтан;
ә) сабақта; б) сабаққа;
5. Жатыс септігінде тұрған сөзді тап. а) қарлығаштың;
ә) баламен; б) оқушыда;
2-нұсқа
1. Зат есім сұрақтарын көрсет.
а) Не істеді? Не қылды? Қайтті? ә) Қанша? Қайда? Неше?
б) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
2. Табыс септігінде тұрған сөзді тап.
а) дәрігерді; ә) ініге; б) ағаммен;
3. Барыс септігінде тұрған сөзді тап.
а) ағаштың; ә) халықтан; б) адамға:
4. Ілік септігінде тұрған сөзді тап.
а) шеңбердің; ә) шеңберден; б) шеңберге;
5. Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Бала, шеңбер, құс, күйші, балға.
а) сын есім;
ә) зат есім;
б) етістік;

Киіз үйге орналастыр:
Атау, ілік, барыс, табыс Жатыс, шығыс, көмектес
Бала, автобуспен, қалаға, анамның,
ұстаның, күннен, ағаммен, досымды, дәрігер, машинамен, бауырыммен, сатушыға, итті, қарындашпен, зауытта, балықты, тамақты, әнге.

В первом столбике всех таблиц - окончания, а во втором столбике - после каких букв они добавляются.
Цифры '1, 2, 3' - лица имен существительных.
Творительный падеж Шығыс септік Кімнен? Неден? Қайдан?
дан / ден
гласные / л р у й / ж з
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz