Әуе тасымалдауы
Презентация қосу
Сыртқы сауда логистикасындағы халықаралық
тасымалдар
Дайындаған: Жұбаназарова А.
Мәлікова Ф.
Тексереген: Асанова А.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен
адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады.
Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының,
жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге
асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен
негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык
қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және
сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау
нәтижесiнде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы
жиынтығын бiлу ушiн оны қурайтын элементтердi қарастыру қажет,
әсiресе, жуктi онытасымалдау мен жолаушылар қол жүгiн ажырата
бiлген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасасудың негiзi жүк тасымалдаушының жүктi
немесе жолаушыны бiр орыннан екiншi жерге белгiлi бiр көлiк
құалымен сыйақыға өткiзуге мiндеттенуi болып табылады.
Халықаралық тасымалдау дегенiмiз -мүлiктердi және жолаушыларды
бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке жеткiзу немесе транзитпен жүктердi,
жолаушыларды өткiзу.
Халықаралық тасымалдауды iшкi тасымалдаудан айырудың
негiзгi белгiлерi:
-жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
- жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ
халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;
- халықаралық тасымалдауда ұлттық валюта дан
басқа шетелдік валюта қолданылады;
- халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері
ретінде халықаралық коевенциялар, ұлттық заңдар , халықаралық әдет-
ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып ,
шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі
болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже
бойынша , консенсуалды шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны
мен екі тарап қатысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады,
бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне
басқа тараптың (жүк жөнелтушінің ) сеніп тапсырған жугін белгіленген
мекенге жеткізуге және жукті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны
беруге міндетті, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа
немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндетті.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру
билетімен және тендеме түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен
теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде
көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі бір
мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге
асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан
кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық
доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын
ұсынады (билетті сатып алу сәтті, көлік құралына отырғызу басталған
сәтте және т.с.с.)
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалду шарты екі жақты сипатқа ие
және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен
қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының
қайтарымсызжығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттегі тасымалдау шартының
нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен , өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады.
Халықаралық тасымалдау тараптарының субъектісі ереже бойынша жек және
заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі
және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға
танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын
иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша
қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып
табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы , яғни тасымалдаушы
танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады.
Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау
шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші (Shippower-англ; Ship Her-
неміс; le bourdeois Navire-француз). Француз және неміс құқығында «көлік
иеленушімен» (armature.Reeder) қатар «фрахтователь» (freteur,Vertracher)
термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген
елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ-та олар freight / con tractors
деп аталады.
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес
тасымалдаушы — бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да
заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны,
тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат
не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізіңде жалдауды
ұсынатын жеке немесе занды тұлға.
Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың
бірнеше түрі бар
1.Теңіз тасымалдауы.
2.Әуе тасымалдауы.
3.Теміржол тасымалдауы.
4.Автокөлік тасымалдауы.
5.Аралас тасымалдауы.
1.Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне
жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті межелі портқа жеткізуге
және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) беруге міндеттенеді.
Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау
қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002
жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2- тармағының 23 тармақшасына
сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен
жүк тасымалдау тәртібін анықтайды.
Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды.
Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және құқықтық
қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.
Көптеген мемлекеттердің зандылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы
қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер
сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз
зандылығына сәйкес) кеменің жалау заңы колданылады, ал Германия соттарында
мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің зандылығына сәйкес
тараптардың еркіндік заңы колданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса,
тасымалдаушының заңы қолданылады.
Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай
тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді
ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы
қатынас коноссаментпен рәсімделеді.
2. Әуе тасымалдауы — жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX
ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929
жылы конвенция қабылданды. Ол — «Әуе тасымалдауының
кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.
1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды.
Осы конвенцияға Қазақстан Республикасы да косылған.
Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы
келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Қазақстан Республикасы 20
мемлекетпен шартқа кол қойған.
Халықаралық әуе тасымалы дегеніміз – жүктің немесе жолаушылардың
жөнелтілетін жері мен баратын жері тиісінше екі елдің аумағында орналасқан,
сондай – ақ басқа мемлекетің аумағында қонып, жөнелтілетін жері бірінші елдің
аумағында орналасқан әуе тасымалы.
Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды:
а) аралас тасымалдауында;
ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды.
Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүкқұжаты қодданылады, оны жүк
жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүкқұжатында жүк женелтушімен
тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.
Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса
жауапкершілікке тартылады.
Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн
ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уакытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн
беріледі.
Әуе тасымалдауында чартерлік тасмалдау қолданылады. Бұл шартта
фрахтователь — тасымалдаушы, фрахтовщик — жүк жіберуші.
3. Темір жол тасымалы– көлік кешенінің жетекші саласы,
жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын
басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен
вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға
арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде
тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама
төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық
орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің
құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19
ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен
қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.
Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж.
Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон”
желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың
30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда
пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір
жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада,
Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол
құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың
басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн.
км-ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол
көлігі Покров – Слободка – Урбах желісімен 1894 жылда 25
қазаннан қатынай бастады. Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан
жерімен өтті. Темір жол көлігімен тасымалданатын негізгі тауар
өнімі – көмір, түрлі кентас, астық, мұнай, тағы басқа отын-
Жол жүру ережелерi 1949 жылғы Жол жүру белгiлерi мен сигналдар
туралы хаттамалармен реттеледi. Cонымен қатар Кеден конвенциясы
қолданылады. (1975 жыл)
Еуропалық елдер арасындағы жуктi халықаралық автокөлікпен
тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жуктi
халықаралық жол журу шарты туралы Конвенциямен реттеледi.
Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен ушiншi тұлғаға зиян
келтiруде кепiлдiк берудi қамтамасыз ету маңызды болып табылыды.
Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келiсiмдер
бойынша, яғни екi жақты , автокөлік тасымалдауында , азаматтық
жауапкершiлiктi cақтандыру мiндеттi турде қарастырылуы қажет.
Аралас тасымалдар – бұл әртүрлі тапсырысшылардың ұсақ
өлшемді жүктерін бір бағытта бір көлік құралында тасымалдау. Құрама
тасымалдар ұсақ өлшемді жүктерді жеткізу құнын төмендетуге
мүмкіндік береді. Олар Сізге толық машинаны емес, тауардың ұсақ
партиясын топтамасын қажет болғанда керек болады, бірақ толық
машинамен салыстырғанда пайыздық қатынаста қымбатырақ шығады.
Жукті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік
Тасымалду шарты бойынша тасымалдау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған
немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк
жөнелтуші, жүкті алушы мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдерінде
шектеулі жауапкершілік қағидасы қолданылады.
АҚШтың заңдылығы: белгілі бір жағдайларға байланысты тасымалдаушының
шарттың жауапкершілігіне шекеуге жол береді. Германияның жүкті
автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау
кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша белгіленген немесе тариф бойынша
белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып
тастай алмайды.
Француз заңдылығы: тасымалдау шартында тек қана жүкті жеткізудегі
мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін
шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді.
Кейбір елдердің ұлттық заңдылығында және халықаралық келісімдерде
белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер тасымалдаушы алдын
ала ойластырып немесе немқұрайлығына байланысты зауал келтірген жағдайда
қолданылмайды деп қарастырылған.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап
алған сәттен бастап , оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады
(жоғалушы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қағидасы
бойынша құрылады.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау
билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына
кейбір ерекше талаптарды қояды.
Жолаушы құқықтары:
1) Өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда
алып жүруге құқылы;
2)белгіленген нормаларды ң шегінде өзімен бірге қол жүген ақысыз алып
жүруге құқылы;
3) тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп ,
тасымалдауға тапсырға құқығы бар;
Құқықтарымен қатар , жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті
болып , жол ақысын төлеу міндеті табылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша
тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші
тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндетті.
Жук тасымалдау
Жүктасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол: көлік құралының санатына
және түріне сәйкес келсе; жүргізушіге шолуды шектемесе;
басқаруды қиындатпаса және көлік кұралының орнықтылығын бұзбаса;
сыртқы жарық приборларын және жарық шағылыстырғыштарды, тіркеу және
айырым белгілерін келегейлемесе, сондай-аққолмен берілетін сигналдарға кедергі
жасамаса;шу туғызбайтын болса, жолды және қоршаған ортаны шаңдатпаса,
ластамайтын бол-сажол беріледі.
Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса,
жүргізуші аталған тасымалдау ережелердің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін
болмаса — әрі қарай қозғалысты тоқтатуға міндетті.
Арттан және алдынан1 мартық немесе бүйірден келемдік оттардың сыртқы
шетінен0,4 мартық шығып тұратын жүктер немесе келік
құралының келемінен шығып тұратын бөліктер «Ірі көлемді жүк» айыру
белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну
жағдайларында, бұдан басқа, алдынан — фонарьмен немесе ақ түсті жарық
шағылыстырғышпен, артта — фонарьмен немесе қызыл түсті жарық шағы-
лыстарғышпен белгіленуі тиіс.
Ауыр салмақты, ірі келемді және қауіпті жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксіз
көлемдік елшемі ені бойынша — 2,55 м-ден (2,6 м- изотермиялық қораптар үшін),
жүріс бөлігінің бетінен биіктігі бойынша — 4 м-ден, автопоездың (бір тіркемені қоса
алғанда) ұзындығы бойынша — 20 м-ден асатын не көлік құралының көлемінен 2 м-
ден астам артқа шығып тұратын жүгі бар келік құралының қозғалысы, сондай-ақ екі
және одан көп тіркемелері бар автопоездардың қозғалысы Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы ережелерге сәйкес орындалуы тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz