2023 жылғы кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясындағы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар: талаптары, өтініштер қабылдау мерзімі және тіркеу тәртібі


Slide 1

Мемлекеттік грант арқылы қайтарымсыз несие негізінде өз кәсібіңізді бастаңыз!!!

Slide 2

2023 жылғы 20 ақпаннан бастап, business. enbek. kz порталында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Slide 3

Өтініштер қашан қабылданады?

Жыл бойы төрт лек (поток) болады:

1. Грант саны - 2577. Өтініштер 20 ақпан мен 3 наурыз

аралығында қабылданады.

2. Грант саны - 2697. Өтініштер 15 мамырдан 26 мамырға

дейін қабылданады.

3. Грант саны - 1973. Өтініштер 10-21 шілде аралығында

қабылданады.

4. Грант саны - 1753. Өтініштер 4-15 қыркүйек

аралығында қабылданады.

Slide 4

Кімдер грант ала алады?

Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер бола алады:

1. тіркелген жұмыссыздар;

2. жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне үш жылдан аспауы керек) .

Slide 5

Қанша рет грант алуға болады?

Өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі грант сомасы - 400 АЕК (1 380 000 теңге) . Әр қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.

Slide 6

Порталға қалай тіркеледі?

Порталға электронды пошта немесе ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады. Enbek. kz порталында бұрын тіркелген аккаунтыңыз болса, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ. Пайдаланушыны сәйкестендіріп, тіркеуді аяқтау үшін ЖСН көрсету керек.

Slide 7

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру үшін:

порталда тіркелу;

грант алу шартына сәйкестігін тексеруден өту;

бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;

өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы өтініштер: анықтамасы, түрлері, жазылу талаптары және тіркеу тәртібі
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, қарау және заңдылықты қадағалау тәртібі
Нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізудің тәртібі, мерзімі және тіркеу негіздері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры: даму стратегиясы, бағдарламалар және қаржылық талдау (2014-2023)
Туризмдегі кәсіпкерлікті ұлттық, аймақтық және аудандық деңгейде мемлекеттік қолдау: қаржылық механизмдер мен фирманы тіркеу технологиясы
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: заңдық негіздері мен мемлекеттік бағдарламалар
Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тарату тәртібі мен құқықтық негіздері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту: мемлекеттік қолдау механизмдері мен негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры және Бизнес жол картасы 2025
Қабылдау бөлімінің науқастарды тіркеу және медициналық құжаттамасын жүргізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz