Бәйшешек гүлі




Презентация қосу
Шығыс Қазақстан облысы,
Күршім ауданы, Алғабас
ауылы, Алғабас орта
мектебі
Орындаған: Алғабас орта
мектебінің 6-сынып
оқушысы Ауғанбаева Анель
Болатқызы
ГҮЛДЕР!!!
Жоспар:
1.Гүлдер
2.Қызғалдақ
3.Грейг қызғалдағы
4.Кауфман қызғалдағы
5.Альберт қызғалдағы
6.Шренк қызғалдағы
7.Борщов қызғалдағы
8.Бәйшешек гүлі
9.Раушан гүлі
10.Жауқазын гүлі
11.Түймедақ
Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі —
өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе
тамақ, кисе киім, жақса отын, малына
өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір
тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал
қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма
көктей соларсың» деген даналық сөздері
осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден
туған.«Гүл — дүние көркі» десек
қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты
жаны бар. Олар адамға үлкен пайда
келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға
жағымды энергия бөледі. Әр адамның
өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде,
туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау -
үлкен құрметтің белгісі.
ГҮЛДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына
жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты
өсімдік. Қазақстанның далалық
аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар,
оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі
болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50
см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен
жалғасқан буынында пиязшығы
болады.Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары.
Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың
пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін
жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде
сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік
және гүлінен хош иісті зат алу үшін
өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек
кездесетін 13 түрі Альберт қызғалдағы,
Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы,
Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы,
т.б. қорғауға алынып, Қазақстанның “
Қызыл кітабына” енгізілген.
Грейг қызғалдағы
Грейг қызғалдағы (Tulіpa greіgіі) – лалагүлділер
тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп
жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында,
Шу-Ілетауларында, Қоржынтауда,Талас және
Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50
см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ
таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде
қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл,
қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы
арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді.
Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі,
сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында
сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған
ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг
қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген.
КАУФМАН ҚЫЗҒАЛДАҒЫ
Кауфман қызғалдағы (Tulipa kaufmanniana) –
лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын
көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда
Қаратаудың, Талас Алатауының, Өгем жотасы мен
Қоржынтаудың тастақты жерлерінде, тауалды
аймақтан субальпі белдеулеріндегі тау жылғаларының
жағалауларында өседі. Биіктігі 40 см-дей,
жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, сыртын қара
қоңыр қабық жапқан. Жапырағының саны 2 – 3-тен
аспайды, ұзынша немесе эллипс сияқты. Гүлі дара
жетіледі, ішкі жағы ақ, онда ұсақ сары дақтар анық
көрінеді, ал сыртқы беті қызыл немесе күлгін түсті.
Тұқымынан көбейеді. Наурыздың аяғынан маусымға
дейін гүлдейді.
Альберт қызғалдағы (Tulіpa albertі) –
лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына
жататын жуашықты көп жылдық шөптесін
өсімдік. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында,
Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, Шу-Іле
тауларында өседі. Биіктігі 12 – 20 см, қара қоңыр
түсті жуашығы жұмыртқа тәрізді. Тік сабағына
көкшіл сұр түсті, сыртына қарай қайрылған 3 – 4
жапырақтары кезектесіп орналасады. Дара гүлі
сары, қызғылт немесе қан қызыл түсті болып
келеді де, ал ішкі жағында қара дақтары болады.
Тұқымынан және өсімді жолмен (вегетативті)
көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп,
маусымда жеміс береді. Жемісі – үш ұялы, көп
тұқымды қауашақ. Альберт қызғалдағы өте сирек
кездесетін өсімдік. Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген. Ақсу-Жабағылы қорығы
мен Андасай қорықшасында қорғауға алынған
Шренк қызғалдағы (лат. Tulipa Schrenkii) — лалагүлділер
тұқымдасына жататын көп жылдық баданалы өсімдіктер
туысы.
Баданасы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 сантиметрге дейін
жетеді. Сағағы жіңішке, биіктігі 30 см. Жапырақтары 3-4,
ланцет тәрізді, жіңішке сопақша келген гүлінен сәл ұзын.
Гүлдері ірі, ақ, қызыл не сары түсті. Гүлдерінде қара, ақ
немесе сарғыш дақтар болады. Дәндерімен көбейеді.
Мамырда гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі.
Қауашағы доғал пішінді. Тасты-қиыршықты жерлерде және
беткейлерде өседі.
Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Шренк қызғалдағы —
әсемдік өсімдік, алқабы жылдан-жылға қысқарып келеді.
Жер жырту және егісті жедел игеру салдарынан оның қоры
жылдан-жылға азаюда. Қызғалдақ Қазақстанның "Қызыл
кітабына" енгізілген.
Борщов қызғалдағы(Тulіpa borszczowіі) —
лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ
туысына жататын көп жылдық жуашықты
шөптесін өсімдік.Торғай, Арал өңіріндегі
құмды шөлдерде, Қызылқұмда өседі. Биіктігі
20 — 40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2
— 4 см. Сабағын түк басқан. Жапырағы — 4,
олар кезектесіп орналасады, сыртқа
қайырылып, бұйраланған. Қызғылт-сары,
қызыл, сия көк түсті гүлі — біреу. 6 аталығы, 1
аналығы болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір
— мамыр айларында гүлдеп, мамыр —
маусымда жемістенеді. Жемісі — үш ұялы көп
тұқымды қауашақ.
Бәйшешек - Galanthus - Подснежник
Ерте көктемде қар астынан қылтиып шығатын, көктемнің жаршысы
секілді бәйшешекті білмейтін жан жоқ шығар сірә. Оған қысқы суық, қар,
тіпті көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бәйшешек өсімдік
атаулының ішінде ерте оянатыны. Ең бірінші қияқ секілді жіңішке екі
жапырағы шығады. Артынан қоңырау секілді ақ гүл жарады. Ол
амарилистер тұқымдасына жатады, табиғи 18-ге жуық түрі бар. Еліміздің
таулы беткейлерінде табиғи түрі кездеседі. Ал көгалдандыруда оның
гүлпарлы және жай күлтелі түрлері шет елден әкелініп, жерсіндірілген.
Жалпы бәйшешек түі мен сұырыпна қарай әр мезгілде гүлдейді. Оның
кейбір түрі желтоқсан, қаңтар айларының аралығында гүлдесе, енді бірі –
наурыз және сәуір айларында гүл жарады. Ғалымдар бәйшешектің гүлдеуі
сұрыпына ғана емес өскен жерінің климаттына, ауа-райына да байланысты
дейді. Сондықтан да бәйшешке кешігіп немесе уақытынан ерте гүлдеп
жатса таңданудың қажеті жоқ. Бәйшешектің бойының биіктігі 10-40см
аралығында.
Күтімі: байшешекке көп күтім көрсетілмейді. Тек адам аяғы таптамайтын
жерге егіп, гүлдеп біткен соң түбін қопсытып, қоректендіру қажет.
Көбейтілуі: 4-5 жылда бір рет түбін бөлу арқылы көбейтеді.
Бәйшешек
Шығыс халықтарында әр гүлдің белгілі өз мағынасы бар екен.
Мысалы:
Азалия - уайым, жалғыздық.
Қалампыр - құмарлық.
Незабудка (құралай гүл) - есте сақтау.
Фиалка - кішіпейілділік, кеңпейілділік.
Васильки (көктікен гүл)- сенім, мейрімділік.
Ромашка (түймедақ) -жастық шақ.
Лилия (лалагүл) - тазалық.
Ақ раушан - кіршіксіздік, қалыңдық гүлі.
Қызыл раушан- адамгершілік, ықылас.
Сары раушан - бақыт, қуаныш.
Хризантема - күн белгісі, тұрақтылық.
Гладиолус - батырлық, еркектер гүлі.
Қара роза (черная роза) - қайғы, өкініш, мұң.
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға
жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер
шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-
ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36
туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін
өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын
өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады,
бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос
жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып
орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп,
гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын
өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі —
көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы
эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде
болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа
болмайды).
Жауқазын
ТҮЙМЕДАҚ

Түймедақ (Matricаria) – ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл.
Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары
түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың
табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен,
көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта
қолданбайтыны өкінішті.
Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық
шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің
диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға
еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй
сыйлайды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !!!!

Ұқсас жұмыстар
Гүлдің құрылысы және түрлері
Дәрілік өсімдіктер жөнінде сабақтан
Сан есімді түсіндіру
Сұраққа жауап
БЕЛДЕМШЕ. БЕЛДЕМШЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ
Абай ескерткіштері
Шәкәрім - шығармашылық
Этнолингвистикалық этюдтер
Асқабақтың аталық гүлі Асқабақтың аналық гүлі
Түймедақ гүлі
Пәндер