Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ойынның психологиялық - педагогикалық ерекшелігі




Презентация қосу
Мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуындағы
ойынның психологиялық-
педагогикалық ерекшелігі

Дильдаханова Аружан
Ойын ойнап,ән салмай,
өсер бала бола ма?
Бала- өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы
құбылыстармен заттарды ойын арқылы танып біледі. Ойын-
мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті болып
табылады. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың
өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-
ойын.Сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы
ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай, өсер бала
болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады. Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы осы ойын
арқылы қалыптасады. Ойын дегеніміз жаттығу,ол арқылы бала
өмірге әзірленеді. Ойын арқылы оқыту-мектеп жасына дейінгі
кезеңнің негізгі ерекшелігі.
Ойынның маңызы
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін --
айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын
әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың
қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол
алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен
қарым-қагынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас
жасау мен қоғамдық тәжірибені игерудің қуатты
кұралы- тілді бірте-бірте меңгереді. Бала
ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді,
бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес
келмейді.
Ойынның бала өміріндегі рөлі
Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің
шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен
ренішін түйсіне отырып, ол осындаи өзіндік жолмен
қоршаған өмірге етене араласады. Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай
келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала
өмірінде ойынның манызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің кандай маңызы
болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында кандай
болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай
болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу
алдымен ойында басталады». һ
Ойын кезінде
дамиды
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне
қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық
сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін
атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында
тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру
құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін
атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс -
әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді.
қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез
қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие
болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Бала үшін саналы мақсат (зейін

Психологиялық- тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын

01
арқылы ерте және бәрінен оңай

педагогикалық бөлінеді.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал

дамуы . тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан
әрбір баладан тіл қарым-қатынасы
дамуының белгілі бір деңгейін талап
етеді.

Сонымен балаларда ырықты зейін
мен ырықты ес дами бастайды.
Ойын жағдайында балалар Психологтар мен педагогтардың
көрсетуінше, ойында , баланың
лабораториялық тәжірибе

02
танымдық үрдістері дамиды. Ойын
жағдайынан гөрі әр нәрсеге баланың ақыл-ойы дамуы үшін ғана
жақсы зейін тоқтады және маңызды емес, ол оның тұтасымен
көбірек есінде сақтайды.
. тұлғасының дамуында маңызды.
Ойын балалардың басқа
адамдармен өзара әрекетінің
дамуына да айтарлықтай ықпал
етеді.
“Баланың
қанына ойын
азық”
C.Торайғыров «Баланың қанына ойын азық »,- де деп
бекер айтпаған. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын
сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы
таным - түсінігіне де әсер етеді.Балалар ойын арқылы
тез тіл табысып,жақсы ұғынады, бір - бірінен ептілікті
үйренеді, дене қимылы арқы өзінін денсаулығын
нығайтады, психологиялық таным қабілеттерін
арттырады, біліктілік дағдыларын кеңейтеді. Ойынды
тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай,
жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының,
мінез - құлқының қалыптасу құралы деп қарап, тиімді
пайдаланганымыз жөн.
Қорытынды:
1.Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2.Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған
әлемді тани,сезіне білуі,өзін - өзі тануы, өзін - өзі көрсетуі белсенді
түрде жүзеге асады.
3.Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4.Балалар қарым қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында
құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым - қатынас қалыптасады.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті
«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»
ФИЛОСОФИЯ - ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Ж.Пиаже және оның мектебі
Дидыктикалық ойындар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
Балалар психологиясына кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар
ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Пәндер