Сана және бейсаналық



Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №2
Сана және бейсаналық
Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна
Қарағанды - 2020 -2021 оқу жылы

Сана және бейсаналық
1. Сана мәселесі
2. Өзіндік сана және ұлттық өзіндік сана. Қазақстандағы рухани жаңғыру
3. Ойлау және тіл
4. Бейсаналық мәселесі

Сана ұғымы
Сана - дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ол адамға ғана тән бас миының қасиеті
Адамзаттың ойлау мәдениетін-де сана ұғымы «жан», «ақыл», «парасат», «рух» туралы түсініктермен байланысты.
Адам санасының орны философия тарихында космоцен-трлік, теоцентрлік, антропоцен-трлік тұрғыдан қарастырылды.

Сана туралы екі философиялық тұжырымдама
1. Идеалистік тұжырымдама.
1. 1) Объективті идеализм бойынша, адам санасы - дүниежүзілік рухтың бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы (Гегель) .
1. 2) Субъективті идеализм бойынша, сана - бұл өзі туралы түсінігі бар, өз-өзіне жетікілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті (Р. Декарт, Дж. Беркли) .
2. Материалистік тұжырымдама: сана материяның туындысы, адам миының объективтік шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қолданылады. Дене өлгенде сана да жойылады.

Сана - онтологиялық мәселе ретінде
Онтологиялық жағынан: сана - бұл адам болмысында қалыптасатын, адамның тіршілік әрекетінің ерекше түрі, оның объективтік шындықпен өзара қатынас-тарының өнімі.
Сананың биологиялық негізі, субстраты - адамның бас миы.

Сана құрылымы
- сезімдік-перцептілік бөлігі
- эмоциялық бөлігі
- құндылықтық-мотивациялық бөлігі
- жігер, ерік бөлігі
- когнитивтік-логикалық бөлігі
Ес, жады - сана бүтіндігінің фундаменті

Сананың әлеуметтік-тарихи сипаты
Сана антропосоциогенездің нәтижесі. Сананың әлеуметтік алғы шарты - қоғамдық қатынастар, еңбек, тіл.
Жеке дара адамның индивидуалдық санасы және қоғамдық сана ажыратылмас байланыста қалыптасқан.
Егер бала туғаннан адамдармен араласпаса, оның бас миы болса да, санасы қалыптаспайды (Маугли)

Сана - гносеологиялық мәселе ретінде
Гносеологиялық жағынан сананың өмір сүру тәсілі - таным, білім алу
Сананың басты белгісі -ұғымдарды қалыптастыру.
Ұғым, пайымдау, ой тұжырымы - ойлаудың формалары

Сана және өзіндік сана
Өзіндік сана - адамның өзі-өзінің кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әрбір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзінің қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы
Қазіргі Қазақстанда рухани жаңғыру контекстінде тұлға санасының ашықтығы мәселесі қойылуда: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілікті дамыту қажет

Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық өзіндік сана
Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға әлеуметтік топқа, ұлтқа тән.
Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымдағы адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін және мүдделері мен жағдайларын білетінін сипаттайтын сезімдер мен түсініктерінің жиынтығы.
Рухани жаңғыру - ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.

Ойлау және тіл
Сананың өзегі - ойлау. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып немесе жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.
Тіл - дүниені тану процесінде ақпаратты қалыптастыру, сақтау және жеткізу қызметін атқаратын таңбалар жүйесі.
«Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс) . Тіл - ойдың материалдық қабығы.
«Ішімдегінің бәрі - тілімде,
тілімдегінің бәрі - түсімде» (қазақ мақаласы )

М. Қашгари: «Әдептің басы - тіл», «тіл - тәрбиелілік пен қайырымдылықтың басы», «тіл түйгенді тіс шеше алмайды», «шақпақты шақса - от тұтанар, сөз ұғындырылса - ой білінер» .
М. Қашгаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегі - түркі тілді халықтардың ойлау логикасы мен тұрмысының, тарихының өзіндік философиясы
М. Қашгаридің тіл философиясы
Махмуд әл Қашгари
(1028-1101)

ХХ ғ. философиясындағы тілге бетбұрыс
Лингвистикалық философиясында Людвиг Витгенштейн: «Менің тілімнің шеңбері менің дүниемнің шеңберін құрайды» - деп жариялады
Постмодернистік филосо-фиясында сана мәтін ретінде түсіндірілді (Ж. Деррида, Ж. Делез)
Л. Витгенштейн (1889-1951)
Жак Деррида(1930-2004)

Философиядағы бейсаналық әр түрлі көріністер мен әртүрлі атауларға ие болды:
бұл болмыстың тәуелсіз түсініксіз мәні (мистика, романс) ;
аффектілер және түсініксіз идеялар (Спиноза) ;
-сезінбейтін қабылдау (Лейбниц) ;
генерациялау принципі, әлемді құру (Шеллинг) ;
-адамның еркін әрекет ету принципі (Фихте) ;
әлемнің негізінде жатқан ерік (Шопенгауэр),
ғаламның панпсихизмге немесе жалпыға бірдей сезіну қабілетіне негізделген рухани қағидасы (Э. фон Хартман) ;
билікке деген ерік (Ницше),
интуитивті идеялар мен қабылдаулар (Бергсон) және т. б.
Бұл тәсілдердің барлығы, әдетте, не онтологиялық, не психикалық бейсаналыққа бейім.
Философия тарихында бейсаналық туралы түсініктер

Фрейд бейсаналық мәселесі туралы
Адам мен қоғам өмірінде бейсаналықтың рөліне назар аударған фрейдизмнің негізін қалаушы - австриялық ғалым - психиатр Зигмунд Фрейд болды.
Оның пікірінше, “бейсаналық - санамен қатар тіршілік ететін және белгілі дәрежеде сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық”
Зигмунд Фрейд
(1856-1939)

Бейсаналықтың ерекше көрінісі - ұйықтап жатқан адамның түсіндегі бейнелер
Фрейдтің пікірінше, түс - шын өмірде іске аспай жасырын жатқан адам тілектері мен ұмтылыстарының орындалуы мен көрініс беруі.
Бейсаналық және түс

Сана, сананың алды, сананың асты

Фрейд бойынша психиканың екі схемасы:
топографиялық
динамикалық

Фрейд бойынша психиканың екі схемасының сипаттамасы
«Бейсана» - дәліз (прихожая) түрінде бейнеленеді, онда адамның әртүрлі ойлары, тілектері, сезімдері өз кезегін күтіп тұр. «Сананың алдындағы» (предсознательное) - сана үшін кез-келген мезетте қолжетімді болуға дайын тұрған бейсаналықтың бір бөлігі. Сана - кабинет, онда күтіп тұрғандар (адамның ойлары, тілектері ) қабылданады.
Дәліз бен кабинеттің арасында қарауыл бар. Ол санаға қолайлы, ыңғайлы ойларды, сезімдерді ғана («сананың алдындағысын», яғни - «предсознательное») кабинетке кіргізіп отырады. Кейде қарауыл кетіп қалады, ұйықтап жатады. Осыны пайдаланып, күтіп тұрғандардың ішіндегі «қолайсыздар» кабинетке өтіп кетеді. Қайта оралған немесе ұйқыдан тұрған қарауыл оларды дәлізге қайта қуады.
топографиялық
динамикалық
«Ол» - бейсаналық, онда инстинктер, санадан ығыстырылған ойлар, сезімдер және күйзелістер сақталады. Ол хаостық түрде, рахаттану принципін жетекшілікке алады.
«Мен» - адамның санасы, ол болып жатқанның бәрін ұғынады. Шындық принципін жетекшілікке алады.
«Менен-жоғары» - қоғамның моральдық, діни, құқықтық нор-малары, адамға қысым жасайтын “сыртқы цензура. ” Келесі қызмет-терді атқарады: ар-ұждан, өз-өзін байқау, идеалдарды қалыптастыру

Фрейд «Мен» және «Олды» атқа мінген адаммен теңестіреді: «Мен» -сырт қарағанда атты басқарып, бақылап, бұйрық беріп отырады. Бірақ ат («Ол») -адамнан күштірек және (адамды көтеріп келеді) . Кейбір жағдайда ат иесі атқа бақылауын жоғалтып алып, ол қайда шапса да кете баруы мүмкін.
«Мен» және «Ол»: атқа мінген адаммен салыстыру

«Ол» және «Менен-жоғарының» арасындағы жанжалды шешудің жолдары
Жанжалды шешудің тәсілдері:
Түс көру
Сублимация
Орнын толтыру
Қорғау механизмдерімен қамап қою:
Ауыстыру
Орнын толтыру
Ығыстыру
Оқшаулау
Терістеу
Жобалау
Сублимация
Рационализация
Регрессия

Бұл сұраққа жауап ретінде Фрейд екі «психоаналитикалық жүйе» жасап ұсынды:
бейсаналықтың негізінде «либидо» - жыныстық құштарлық жатыр
2) бейсаналықтың шеңберінде екі негізгі инстинктер бар : Эрос (өмір инстинкті ) және Танатос (өлім инстинкті )
Бейсаналықтың өзегі не?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz