Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі




Презентация қосу
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

Бастауыш оқушыларының
адамгершілік тәрбиесі
Орындаған: топ студенті Мұратбек Ф.Ғ.
Тексерген: жетекші Сабыр А.Т.

Көкшетау 2023
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................3
I тарау.
1.1. Бастауыш оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұны................................
1.2. Адамгершілік тәрбиесі ......................................................................................

II тарау.
2.1. Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу..............................
2.2. Бастауыш оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде
мұғалімдердің іс-әрекеті....................................................................

Қорытынды ...............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып кезеңіндегі
балалардың адамгершілік тәрбиесі туралы қарастырамыз.
Тәpбие — жaс ұpпaқтың бойынa ғaсыpлap бойы жинaқтaлғaн озық тәжіpибе мен ізгі қaсиеттеpді жaс ұpпaқтың бойынa
сіңіpу үшін және олapдың қоғaммен қapым-қaтынaсын, өміpге көзқapaсын және соғaн сaй мінез — құлықты қaлыптaстыpу
құpaлы. Тәpбиенің негізгі өлшемі — өміp сүpуге қaжетті тұлғaның жaғымды қaсиеттеpін дaмыту болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын
көрсете келе, гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп
сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға
жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – бастауыш оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу, бастауыш мектеп оқушыларына халық
ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін оқып-үйрену.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Бастауыш оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұнын зерттеу;
– Адамгершілік тәрбиесін балаларға және ата-аналар мен мұғалімдерге дәріптеу;
– Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуді зерттеу;
– Бастауыш оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу,
олардың әдістерін білу.
1.1. Бастауыш оқушыларын жан-жақты
тәрбиелеу мазмұны
Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогиканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады.
Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын
азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік
мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану
жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.
Бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек
түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар
қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр
қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.
Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді
көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып
саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің
заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде
айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.
Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол
отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
1.2. Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын
қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген
қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат
көздеген қызметі.
Адамгершілік тәрбиесі – белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық
дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты
дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің
құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде
жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие
берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.
— Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
— Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
— Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік
құндылықтарын тәрбиелеу.
2.1. Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу
Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының
ауызекі шығармашылығы — ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері,
ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп
сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы –
тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық
мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Халық ұғымында адамгершілік қасиеттік өзекті мәселесі
қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік – адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-
қарсы сипаттары. Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды
«Ел қамын жеген ер», «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы»,
«Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші» деген мақал-мәтелдер арқылы жұрт қамын ойлайтын абзал азаматтың
портретін алға тартады. Керісінше, қара басының қамын бәрінен жоғары қоятын өзімшіл, алдамшы, опасыз жандар
жайында: «Жаман қорыққаннан сыйлайды», «Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас», «Бір жаман мың қолды ірітер,
бір құмалақ бір қарын майды шірітер» деп, жас ұрпақты мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүруге шақырады. Халық
даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын халыққа тигізер пайдасына
қарай бағалайды.
Қазіргі мектеп адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құңдылығын жоғарылату қажеттігіне байланысты көптеген
өзгерістерге бет бұрды.
2.2. Бастауыш оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы
адамгершілікке тәрбиелеуде мұғалімдердің іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеудің мол мүмкіндігі бар.
Өйткені әдебиет саласындағы мамандардың айтуына қарағанда, мақалдар мен мәтелдерді фольклордың барлық
түрінен табуға болады.
Оқушылардың қазақ мақал-мәтелдері негізінде қалыптасқан адамгершілік тәрбиесінің деңгейі түрлі әдіс тәсілдер
арқылы тексеріліп отырады. Мақал-мәтелді біз адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде қарастырғандықтан,
біздің жағдайда олар бейнелейтін нәрсенің адамгершілік қатынас екендігін ескертеміз. Адамгершілік қатынасқа
ізгілік, елжандылық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, қамқорлық, сыпайылық, дөрекілік, зұлымдық,
қанағатсыздық, аяусыздық және т.б. жатады. Қазақ мақал-мәтелдеріне жасалған мазмұндық талдау оларды
мынандай тақырыптарға бөліп қарастыруды көрсетті: Отан, ел, туған жер, адамгершілік, еңбек, кәсіп, білім, әулет,
қоғам, тұрмыс және салт, достық, ерлік және т.б.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке ана тілінде тәрбиелеу принципі негізінде құралған педагогикалық
жүйеде мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекетінің барлық кезеңдері қайта құрылады. Мұғалімнің адамгершілікке ана
тілі арқылы тәрбиелеушілік ісәректі мен оқушылардың адамгершілікке ана тілі арқылы тәрбиеленушілік іс-
әрекетінің ортақ процессуалдық құрылымы бар: мақсат-мотив-мазмұн-нәтиже-бақылау. Бірақ бұл буындардың
мазмұны жетекшілік сипаты бар мұғалім іс-әрекетіне және басқарылу сипаты бар оқушылар іс-әрекетінде әр түрлі.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыста бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін, халық ауыз әдебиеті арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу, сонымен қатар, мұғалімдердің халық ауыз әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеудегі іс-
әрекетін қарастырдық. Мәселені теориялық тұрғыда зерттеу нәтижесі мен тәжірибелік-эксперимент жұмысы бізге
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамының даму тарихы арқылы
қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін
абстрактылы түрде қарап оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшеліктерімен ғана байланыстыруға болмайды.
Әрине адамзат тарихында пайда болатын адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық,
шыншылдық, баққұмарлық, сыпайы адамгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден
басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған.
Адамгершілік коғамының әдет-ғүрыптарымен, ғасырларға созылған дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты. Шынында
да адамгершілікке ие болған адам шындықтың не түрлі тексерулерінен өткен жөн.
Бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек
түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар
қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр
қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі, оның өзін-өзі танып, өз айналасындағылармен,
қоғамдық ортамен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасқа түсуі-әлеуметтік және рухани дамуының алғы шарттары
болып есептеледі. Сондықтан балаға жастайынан өзінің төл мәдениетімен қатар басқа да әлемдік мәдениетті меңгертуге
жағдай жасау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Айтжанова З. Адамгершілікке тәрбиелеу.//Бастауыш мектеп-2004.-57-59б.
2. Алтынбай Ш.А. Отбасында ата ананың балаға тәрбиелік ықпалы: пед.ғыл
канд.дисс.автореф.- Алматы, 2004.5-20б.
3. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.-Алматы:Білім, 2003.-112б.
4. Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі/Адамгершілік тәрбиесі [Электронды ресурс].
https://stud.baribar.kz/20124/adamgershilik-tarbiesininh-adistemesi/
5. Әбілдина С.К Адамгершілік тәрбиесінде ауызекі шығармашылығын пайдалануға студенттерді
дайындау:пед.ғыл.канд.дисс. а.-Алматы, 1999.-5-25б
6. Бaбaев С. Б., Қожaгелдиевa С. Педaгогикa (көpнекі мaтеpиaлдap) 2011, -86б.
7. Савин Н. Педагогика.-Алматы:Мектеп, 1983.-336б
8. Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. –Алматы: Мектеп, 1978. -222 б.
9.Тугаринов В.П. Избранные философские груды. — Ленинград. Изд. Ленинградского университета, 1988. — 344 б.
10. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал. — Алматы: РБК, 1994. — 140 бет.
11. Дүйсембекова Ш.Д Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде педагогикалық жағдаяттар. Семей, 1999.
12. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.
13. Майғаранова Ш. Сабақтың тәрбиелік міндеттері. // 1997, №4. 3-6 беттер.
14. Рахимова Э. Педагогикалық зерттеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004.
15. Сламбекова Т., Сыдықова З. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. // Бастауыш мектеп. 2004, №5
16. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Алматы, Атамұра 1999.
17. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Ұл есейсе, қыз өссе. Мұғалімге арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1988.
18. Қайыров И.А. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі – Алматы: Мектеп, 1988-345 б.
19. Қабекенов Ғ. Адамгершілік және имандылық мәселелері. Ұлт тағлымы. 2001 ж. №3 96 бет
20. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы: Мектеп, 1984-256 б

Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
Бастауыш сыныптарда дене мәдениетін қалыптастыру жолдары
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпарат
Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттама
Жас ерекшеліктер туралы ұғым
ЕҢБЕК – ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ
Жапония мемлекетінің білім беру жүйесі
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Тәрбие қалыптастыру
Пәндер