АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ


Slide 1

Ас қорыту жүйесінің бала өміріндегі маңызы

Орындаған: ИЯ-13 топ студенті Тариева А. Т.

Тексерген: Оқытушы, магистр Удреева К. С.

Slide 2

Ас қорыту жүйесі деген не?

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema - бүтін, байланысқан, жүйе; лат. Digestoria - асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Slide 3

Ас қорытудың маңызы

Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.

Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар - мономерлерге айналып, олар қан мен лимфаға сіңіп, организмде пайдаланылады.

Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-3 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.

Slide 4

Асқорыту бездері

Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) - асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері - құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.

Экстрамуральды сілекей бездерінің ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ыдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері - амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары - лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.

Slide 5

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. Б.

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы и. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50-2 000 мл

5, 6-7, 6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2, 0-3, 0 л

1, 49-1, 8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин

3. Панкреатин сөлі

600-700 мл

8, 6-9, 0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500-1200 мл

5, 6-8, 5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1 000 мл

5, 05-7, 07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т. б.

6. Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6, 1-7, 31

Су

Slide 6

Әртүрлі жастағы балалардың асқазанының гистологиясы

Асқазанның шырышты қабықшасы жаңа туылғандарда қалың, қатпарлары биік. Алғашқы 3 айда шырышты қабықша беткейі 3 есе өседі, яғни сүтті жақсы қорытуға мүмкіндік береді. 15 жасқа қарай асқазанның шырышты қабықша беткейі 10 есе үлкейеді. Жасы келген сайын асқазан шұңқырларының саны көбейеді, оларға асқазан бездері тесігі ашылады. Асқазан бездері туылған сәтте морфологиялық және функциональды толық дамымаған, олардың салыстырмалы саны (1 кг дене массасы бойынша) жаңа туылғандарда 2, 5 есе аз, ересектермен салыстырғанда, бірақ тез энтеральды тамақтануға байланысты көбейеді.

1 жасқа дейінгі балалардың қарын сөлінде тұз қышқылы мен ферменттердің күші төмен болады. Оның есесіне химозин белсенді болады. Емшектегі баланың сөлінің рн реакциясы жоғары болады: 1 айда 5, 84; 3-7 айда 4, 94; 7-9 айда -4, 48; 9 айдан асқан соң 3, 76 тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рн 2, 0 болғанда белсенді болатын пепсиннің асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаға сиыр сүтін немесе басқа жасанды сүт бергенде диатез - бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Балалардағы асқазан сөлінің құрамы ересектердікіне ұқсас, бірақ қышқылдылығы және оның ферменттік белсенділігі айтарлықтай төмен болып табылады. Асқазан сөлінің барьерлік белсенділігі төмен болып табылады.

Асқазан сөлінің басты ферменті іріткі ферменті (лабфермент), ол асқорытудың бірінші кезеңін сүттің ұюын қамтамасыз етеді.

Омыраудағы нәрестенің асқазанында өте аз липаза бөлінеді. Бұл кемшілік ана сүтіндегі липазаның болуымен, сондай-ақ баланың панкреатикалық шырышында болуымен өтеледі.

Егер бала сиыр сүтін қабылдаса, онда оның майлары асқазанда ыдырамайды. Мұндай тұз, су, глюкоза, тек ішінара жұтып ақуыз ыдырататын өнімдер ретінде асқазан және шағын алаңдаушылық заттардың сіңіруі. Тұздар, су, глюкоза сияқты заттардың асқазанда сіңірілуі білінер білінбес, соның ішінде ақуыздың ыдырау заттары ғана жартылай сіңірілуі жүреді.

Асқазаннан тамақтың шығарылуы тамақтандыру түріне байланысты. Ана сүті асқазанда 2-3 сағат кідіреді.

Slide 7

Өмірінің алғашқы айлары кезінде сәбидің қабылдайтын қоректік заттары маңызды орынға ие, ол ана сүті арқылы түсіп, сол ана сүті құрамындағы заттар арқылы қорытылады. Қосымша қорек арқылы ферменттік жүйе механизмі ынталандырады. Түскен тағамды қорытудың балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Казеин жіңішке ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырап, белсенді түрде сіңіріле бастайды.

Майдың сіңірілуі тамақтандыру түріне байланысты. Сиыр сүті құрамында ұзын тізбекті май қышқылы болады, ол май қышқылы әсерінен панкреатикалық липазаға дейін ыдырайды. Майдың сіңірілуі жіңішке ішектің соңғы және ортаңғы бөлімдерінде жүреді. Сүттегі қанттың ыдырауы ішек эпителийінде жүреді. Ана сүті мен сиыр сүті құрамында лактоза болады. Осыған байланысты жасанды тамақтандыру барысында көмірсудың құрамы өзгереді. Жіңішке ішекте дәрумендер де сіңіріледі.

Slide 8

Өңеш


Ұқсас жұмыстар
Асқорыту бездерінің гормондары
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Аңдардың асқорыту жүйесі
Асқазан сілемейлі
Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері
Асқорыту жолы
Асқорыту жүйесінің қызметі
Ас қорыту жүйесі- тірі организмнің мүшелерінің бірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz