Шикізат және материалдық ресурстар




Презентация қосу
«Арна» жоғары колледжі

Шикізат және
материалдық ресурстар
Тобы: СР-21
Орындаған: Каримова Назерке

Көкшетау 2023
Кіріспе
Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен
және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз
етілгеніне байланысты. Кез келген өндірістік процесс еңбек құралын өзгерте
отырып, оны тұтынушыға қажетті қасиетпен еңбек өніміне айналдыру кешенінің
орындарынан тұрады. Материалды шикізаттар ресурстар түсінігі шикізат,
материалдар және жартылай фабрикаттарды кірістіреді.
Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен
белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.
Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас)
және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал
материалдарға — өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті
металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.
Шикізат және материалдық ресурстар туралы жалпы
түсінік

Шикізат – бұл шикізат саласындағы еңбек процесі әсерінен қалыптасқан, өнеркәсіптің
әртүрлі салаларында пайдалануға арналған еңбек заты. Бұл кәсіпорындарға натуралды түрде
немесе нашар өңделген түрде келіп түсетін өндіруші және ауыл шаруашылық салаларының
өнімі (темір және оның қоспалары, көмір, бидай, мақта,т.б.).
Материалдар – бұл өндіріс өнімдерінің қалыптасуына қатыса отырып, өнеркәсіптің
өңдеуші салаларындағы неғұрлым терең өңделген шикізатты білдіреді. Оларды әртүрлі
өнімдерді дайындауда қолданады. Өнеркәсіптік процесте қолданылатын материалдар негізгі
және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалдар тікелей өндірілетін өнімнің құрамына
кіреді және оның заттық негізін құрайды. Көмекші материалдар өндірілген өнімнің
құрылымдық құрамына кірмейді, тек олар негізгі материалды өңдеуге және одан дайындалған
өнімнің қалыптауына көмектеседі. Көмекші материалдар қатарына өнімге белгілі бір қасиет
беретін әртүрлі заттар жатады. Олар: құрал – жабдықтарды күтіп – баптаумен байланысты
материалдар, қуат тасымалдаудың барлық түрлері, өнімді қораптауға арналған материалдар,
сырлау материалдары.
Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық
деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын
еңбек заттарының жиынтығы болып саналады. Шикізатты оны өндіруге және қайта
өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да
бір еңбек нысаны деп түсінуге болады. Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің
өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық,
картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға - өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін
(күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады. Негізгі және қосалқы
материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп,
оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар
дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Негізгі материалдарға сонымен қатар жартылай фабрикаттар жатады. Жартылай
фабрикаттар өндірістің бір немесе бірнеше сатыларында өңдеуден өткен, бірақ дайын
өнім ретінде тұынуға жарамайтын шикі материал (мата,т.б.). Жартылай фабрикаттар
екі сипатқа ие. Яғни оны дайындаған кәсіпорын үшін ол дайын өнім болып табылса,
ал оны пайдаланатын кәсіпорындар үшін шикізат болып саналады.
Шикізаттар мен материалдардың түрлері
Шығу тегіне байланысты шикізаттар мен материалдың түрлері екі үлкен топқа бөлінеді:
o өнеркәсіптік — өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріледі.
o ауыл шаруашылық шикізаты — ауыл шаруашылық саласында алынатын өнім.
Өнеркәсіптік шикізат өз кезегінде минералды және жасанды болып бөлінеді. Өндірістік
шаруашылық маңыздылығы және қолданылуы бойынша минералды шикізаттар келесіге
бөлінеді:
o Отын энергетикалық (көмір, газ, мұнай);
o Металлургиялық (қара және түсті металдар);
o Химиялық (күкірт, калий, өзге де тұздар, фосфидтер);
o Құрылыстық (құм, тас, цемент);
Жасанды материалдар адамның араласуымен олардың химиялық тәжірибелерінің нәтижесінде
алынады. Өндірістік процесте олар табиғи ұқсас материалдарды ауыстырушы ретінде көрнеді.
Оларға синтетикалық жіп, каучук, тері, т.б. жатады.
Ауыл шаруашылық шикізатына өсімдік тектес(бидай, күнбағыс, мақта,т.б.), жануар тектес(сүт,
ет, жүн, тері) өнімдер жатады. Олар табиғи жолмен алынады.
Материал ресурстары және оларды ұтымды
пайдалану
Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне
байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар
өндірісін құруды және интенсивті дамытуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті
табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары
– шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар
жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға
қарағанда аз шығын шығады.
Өнеркәсіпте өндіріс және пайдалану үшін келесілерге мүмкіндік беретін жасанды және
синтетикалық материалдар түрлері тиімді деп саналады:
қажетті материал деп саналатын саладағы өндіріске жоғарғы қарқынмен және көп көлемде
өндіру;
өңдеуші өнеркәсіп салаларында техникалық базаны және технологиялық процестерді
интенсификациялауды жетілдіруді;
бұл материалдар қолданылатын салаларда өнім сапасын жақсаруға және ассортиментін
кеңейтуге;
бұл материалдардан жасалатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;
соңғы өнеркәсіптік өнімдерінің өндірісінің қоғамдық шығынын қысқартуға;
Шикізаттық және отын энергетикалық ресурстарды
тиімді пайдаланудың негізгі бағытына келесілерді
жатқызуға болады:

отын және отын энергетикалық баланс құрылымын жақсарту;
өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін шикізатты неғұрлым мұқият
және сапалы дайындау;
шикізат және отынды тасымалдау мен сақтауды дұрыс ұйымдастыру – жоғалтуға
және сапаны төмендетуге жол бермеу,
шикізаттты кешенді пайдалану;
өндірісті химияландыру;
өндіріс қалдықтарын пайдалану;
шикізатты екінші қайтара пайдалану;
Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды
оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар
шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай
да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен
тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық
ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі
қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден
интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына
материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.
Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі
бағыттарына мыналар жатады:
- жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;
- шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым
мұқият және сапалы даярлау, өңдеу;
Шикізат өңдеу
Шикізатты комплексті
пайдалану
Шикізатты комплексті пайдалану - минералдық шикізат құрамындағы барлық
пайдалы компоненттерді және өндіріс қалдықтарыны технологиялық жағынан
мүмкін болатындай етіп, экономикалық жағынан ұтымды әдістермен пайдаға асыру.
Минералдық шикізаттар құрамы жөнінен негізінен бірнеше пайдалы
компоненттерден тұрады, сондықтан оларды комлексті пайдаланудың мәні зор.
Мысалы, темір рудаларында титан, ваннадий, кобальт, күкірт, күміс, көмір
кендерінде, колдедан күкірт, германит т.б жасауға болады. Минералдық
шикізаттардың ішіндегі құрамы жағынан ең көп компонетті - түсті метал рудалары.
Түсті металлургияда ең негізгі он бәр металлдан, алюминий, мыс, никель, қорғасын,
мырыш, вольфрам, молибден, сынап, қалайы, сурьма, басқа ілеспе түрде алпыс түрлі
компонент, оның ішінде асыл және сирек кездесетін металлдар, платиноидтар және
сирек кездесетін элементтер алынады.
Республикамыз шикізатты комплексті өндіру саласында жетекші орынды иеленеді.
Түсті металлургия саласынан, әсіресе Өскемен және Балқаш кен орындары жоғары
көрсеткішке жетті және жетеді.
Қазақстанның минералды-
шикізат ресурстары
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі
мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл
олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін
екендігін көрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі.
Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың (олардың 29–ы металдар)
Қазақстанда 39–ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек
Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы
қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына
кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран
және сирек кездесетін металдар т.б. табылған. Аталған пайдалы қазбалардың
түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған
орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді,
мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек
кездесетін металдар т.б. табылған. Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта
өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым
мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына
қосылуын қамтамасыз етуге жәр¬демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген.
Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың
қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында
айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногының дамуы мен
ұлғаюына үлкен ықпал ете алады.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру
комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік
зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: алтын – 2,7% (әлемде 8-орында),
күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит –
47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4%
(10-орын), никель – 1,4% (12-орын). Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен
республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және
қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы
орында.
Қорытынды
Шикізат – бұл шикізат саласындағы еңбек процесі әсерінен қалыптасқан, өнеркәсіптің әртүрлі
салаларында пайдалануға арналған еңбек заты. Бұл кәсіпорындарға натуралды түрде немесе
нашар өңделген түрде келіп түсетін өндіруші және ауыл шаруашылық салаларының өнімі (темір
және оның қоспалары, көмір, бидай, мақта,т.б.).
Материалдар – бұл өндіріс өнімдерінің қалыптасуына қатыса отырып, өнеркәсіптің өңдеуші
салаларындағы неғұрлым терең өңделген шикізатты білдіреді. Оларды әртүрлі өнімдерді
дайындауда қолданады. Өнеркәсіптік процесте қолданылатын материалдар негізгі және көмекші
болып бөлінеді.
Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының
жиынтығы болып саналады. Шығу тегіне байланысты шикізаттар мен материалдың түрлері екі
үлкен топқа бөлінеді:
өнеркәсіптік — өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріледі.
ауыл шаруашылық шикізаты — ауыл шаруашылық саласында алынатын өнім.
Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын
өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде
қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді.

Ұқсас жұмыстар
ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР
Энергетикалық ресурстар
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Ресурстар нарығы
Материалдық ресурстар
Қорлардың типтері
Ресурстардың жіктелуі туралы
Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер