ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ


Slide 1

Тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі

Орындаған: топ студенті Серкеш Дархан Абайұлы

Тексерген: оқытушы Асқар Асем Талғатқызы

Көкшетау, 2023

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

Slide 2

Мазмұны

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

I ТАРАУ. «ҰЖЫМ» ТҮСІНІГІ

1. 1. Ұжым туралы жалпы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

1. 2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

II ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2. 1. Жеке тұлға туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

2. 2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

Slide 3

кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.

Мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жатады:

Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік - коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.

Мектеп коллективінің идеялық және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылық рөлі.

Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар - аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді.

Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі және нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, 5 жылдан кейін не істейтін болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлық әкелетінін білу.

Коммунист-педагогтың басшылық рөлі. Коллектив, өз ішінде аға- жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші - коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған көрегендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді.

Егер коллектив мектеп басшысы - директордың моральдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады [1] .

Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасындағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу - мектеп коллективінің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады [2] .

Slide 4

Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс.

Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады.

Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды - идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады [3] .

Жеке тұлға немесе жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру. Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді [4] .

Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.

Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі [5] .

Жұмыстың мақсаты. Жеке тұлға түсінігіне сипаттама жасай отырып, жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды, қозғаушы күштерін, факторларын, ерекшеліктерін және ұжым түсінігін ашып көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

- Жеке тұлға туралы жалпы түсініктерді салыстыра зерттеу.

- Ұжым түсінігін зерттеу.

- Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлін анықтау.

- Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды табу, оларды зерттеу.

Slide 5

1. 1. Ұжым туралы жалпы түсінік

«Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.

Жалпы ұжым - жасөспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап-тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы - сынып ұжымы.

Оқушылар ұжымы - тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.

Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы -ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін.

Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру - мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А Сухомлинский және т. б [6] .

Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.

Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды [7] .

Slide 6

1. 2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері

Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен, келісімдерімен және алдында белгілі бір мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.

Бірінші кезеңде - мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.

Екінші кезеңде - ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді.

Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А. С. Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз [10] .

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.


Ұқсас жұмыстар
Оқушының психологиялық ерекшелігі
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі
Тәрбиенің психологиялық қызметтегі рухани- адамгершілік мәдениеті
Жеке тұлға және оның дамуы
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Басқару әдістері
Тәрбиенің заңдылықтары
Жеке тұлғалар және азаматтық субъектілері
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz