Қазақстан аумағындағы қола дәуірі



Тексерген: Оқытушы, магистр Ғұбай А. С
Орындаған: ИЯ-13 топ студенті Тариева А. Т
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі. Қола дәуірінің кезеңдері.
Археологиялық ескерткіштері.
Көшпелі өркениеттің пайда болуы.

Қола дәуірі
Кезеңдері
Археологиялық ескерткіштер
Көшпелі өркениет
1
2
4
3
ЖОСПАР

ҚОЛА ДӘУІРІ
Қола дәуірі б. з. б. 2800 жыл - б. з. б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б. з. б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.

ҚОЛА ДӘУІРІ
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала - Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары - дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді.
Ерте қола - б. з. д. 18-16 ғғ, орта қола б. з. д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б. з. д. 12-8 ғ. б.
Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б. э. д. 17-9 ғасырлар) .
Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұракезеңі - жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі - Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтаққорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайымқонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмолаоблысындағы, Зерендіауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутарықорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскенкесенесі ашылды.

ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғолжылқысына ұқсас. 2) . Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3) . Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б. з. д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі) -б. з. б XVIII-XV ғасырлар
Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі) - б. з. б XV-XIII ғасырлар
Кейінгі қола дәуірі (замараев кезеңі) - б. з. б XII-VIII ғғ

Орталық Қазақстан:
Бөрібас, Алғабас, Атас, Дәндібай, Бесоба, Байбала, Бұғылы, Ақсу-аюлы, Беғазы, Талды, Мыржық, Ақмая, Обалы, Берікөл
Шығыс Қазақстан:
Қанай, Трудникова, Малокрасноярка,
Оңтүстік Қазақстан:
Тегіскен, Таутары.
Солтүстік Қазақстан:
Садчиковское, Алексеевское, Затобольское, Приречный, Чаглинка, Төңкеріс, Ақмола, Арқайым, Новоникольское.
Батыс Қазақстан:
Ахмет- ауыл, Бесбай, Тастыбұлақ, Кергелді.
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары 1954 - 55 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның орталығы, солтүстік аймақтарын кең зерттеді. Бірқатар обалар қазылып, көптеген ескерткіштер картаға түсірілді. 1959 - 61 жылдары Ертіс-Қарағанды каналы, 1972 жылы оның Қарағанды-Жезқазған бағыты зерттелді. 1963 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер Қазақстан ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығын алған “Древняя культура Центрального Казахстана” (авторлары Марғұлан, Ақышев, Оразбаев, Қадырбаев) атты іргелі еңбекте жарияланды. Кітапта қола дәуірінің мерзімдік кезеңдері, басты белгілері, өзара сабақтастығы, қола дәуірінің ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңінің, яғни Беғазы-Дәндібай мәдениетінің сипаттамасы, оған жалғас ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштері де толық ғылыми сипатталды. 1979 жылы Марғұлан Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін жеке кітап етіп шығарды. 1980 - 90 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Қадырбаев, Ж. Құрманқұлов) Атасу өзені бойындағы және Қызылтау, Ортау, Ақтау аңғарларынан ондаған ескерткіш тауып, зерттеді. Кең көлемде ашылған Атасу, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая қоныстарынан б. з. б. II мыңжылдықтың орта кезінде металл балқытқан пештер мен металл өңдеген шеберханалар табылды.
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы - Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т. б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.

КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі - олардың
мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде .
Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар,
одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл
Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты .
Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Археолог К. Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. з. д. IX-VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20-40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.
Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай.
Мал шаруашылығы-егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.

XX ғасырдың 30-жылдары С. П. Толстов пен Б. Я. Владимирцевтің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz