Бұранда кесу


Slide 1

Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі

Бұранда кесу

Оқытушы: Матжанова Р. К.

Slide 2

Сабақ мақсаты:

Білімділік мақсаты: Білім алушыларға бұранда түрлерін түсіндіру және оны кесу, кесу үшін қолданылатын құралдар туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: Әр түрлі жағдайлар туғыза отырып, білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойлау шешім қабылдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: бәсекеге қабілетті, жауапты және білікті, өз мамандығын еркін меңгерген, мамандық бойынша тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын маманды тәрбиелеу

Slide 3

Б ұ р а н д а

Бұранды бет дайындаманың цилиндрлiк бетінен сол бетке жүргізілген бұрама жолақтарға жағалай жырашық ою нәтижесiнде құралады. Бұрыш, цилиндрдің бетiмен көтерiлген бұрама сызықтың үстіндегі бұрыш бұрама жолақтың көтерілу бұрышы деп аталады. Дайындаманың бетін ойып шыққан бұрандалы жырашық бұранданың ойпаңы деп аталады, ал цилиндрдің бiр айналымы бойы жырашықтың ойылу нәтижесінде түзілетін бұрандалы томпақтық орам немесе бұранда жібі деп аталады.

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді

Винт сызығының бағыты бойынша оң және сол бұранда болып бөлінеді

Slide 4

Бұранда

1. Қызметі. Бұранда көмегімен тетіктерді біріктіру

Негізгі беттерде (цилиндрлік, конустық) винттік сызық

бойымен орналасқан белгілі пішінді (abc үшбұрышы- суретте в нысаны)

шығың-қылықты бұранда (резьба) деп атайды.

2. Бұранда түрлері:

а) атқаратын қызметі бойынша:

*біріктіру үшін;

*біріктіру-тығыздау үшін;

*қозғалыс беру үшін.

Slide 5

Бұранда профилі

Ойылған бұранда жырашығының формасына байланысты бұранданың бірнеше профилі болады (2-сурет) . Әр бұранда қадам, профиль биіктігі, профиль бұрышы, сыртқы, ішкі және орта диаметрлер сияқты параметрлермен сипатталады.

Р бұрандасының қадамы - бұл бұранда осіне параллель бағытта өлшенген екі көршілес орамдар биіктіктерінің миллиметрмен өлшенген қашықтығы.

үшбұрышты тікбұрышты трапециялы

2-сурет

тіреуішті

құбырлық

Slide 6

Бұрандаларды дайындау әдістері

Бұранданы кескішпен

Арнаулы фрезерлік станоктарда

Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда

Құю әдісі

Сығу әдісі

Slide 7

Бұранда кесуге арналған құралдар

Бұранда беттерін өңдеу өңделуге берілген беттен материал қабатын қолмен немесе бұранда ою жабдығының көмегімен алып тастау (құрылғыны жөндеу, жинақтау және монтаждауда) арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі бұранданы ою қолмен де, механизацияланған құрал-жабдықтарды пайдаланумен де орындалады. Бұл процесс арнайы құрал - бұранойғыш арқылы жүзеге асады.

Бұранойғыш (2. 26-сурет) құралдың кесу жиектерін құрайтын бiрнеше түзу немесе бұрама жырашықтары бар қыздырылған бұраманы айтады. Олар, сонымен қатар, кесу процесiнде пайда болатын жоңқалардың орналасуын және кесу аймағынан оның шығарылуын қамтамасыз етеді.

Slide 8

Бұранда кесуге арналған құралдар

4-сурет. Бұранда кескіштер: а - домалақ: 1, 2 - сәйкесінше калибрленуші және алынушы бөлік; 3 - жоңқалы жырашық; б - текше (итермелі) : 1 - бұранда кескіш тұтқа; 2 - бұранда кескіштің жартысы

Сыртқы бұранданы кесуді арнайы құрал - бұранда кескіш арқылы жүзеге асырады. Ол кесуші қырлар жасайтын, ойылған жырашықтары бар сомын болып табылады.

Бұранда кескіштің (4-сурет) жұмыс бөлігі екі бөліктен - алынатын және калибрлеуші бөліктерден тұрады. Алынатын бөлік - бұранда кескіштің екі жағына орналасқан конус тәрізді (40-60° бұрышта) болады, ұзындығы 1, 5 - 2 орамды құрайды. Калибрлеуші бөлігі бұранда кескіштің ортасында орналасып, ал, ұзындығы - 3-5 орамды құрайды.

Сыртқы бұрандаларды қолмен кесу үшін домалақ, текше (жылжытпалы) және арнайы (құбырлардағы бұрандаларды кесу үшін) бұранда кескіштері қолданылады.

Домалақ бұранда кескіштерді (4, а сурет) бүтін және орта диаметрлі бұранданың шамасын реттеуге мүмкіндік беретін тілікті (пружина тектес) етіп шығарады. Бұранда кескішті бұранда кесу кезінде бұранда кескіш орналасқан арнайы айналтұтқа арқылы айналдырады, ол айналып кетпес үшін, винттер арқылы ұсталып тұрған және бұранда кескіш орналасқан қырылған жері бар домалақ жақтау болып табылады. Жақтауды оған бұрап қатайтылған екі тұтқа арқылы айналдырады.

Slide 9

Бұранда кесуге арналған құралдар

5-сурет. Құбырлы бұранданы кесуге арналған клупп:1 - корпус; 2 - тұтқалары; 3 - бұрамдықты беріліс; 4 - бұранда кескішті жылжыту тұтқасы; 5 - бұранда тұтқалар

Құбырлардағы бұрандаларды кесу жылжымалы бұранда (5) (2. 28-сурет) корпус (1) ішінде ауыса жүріп, бір уақытта орталыққа жақындай да, одан алыстай да алатын жылжымалы бұранда кескіші бар клуптың көмегімен жүзеге асырылады. Ауысу тұтқаны (4) қозғалтқан уақытта бұрамдықты берілістің (3) көмегімен жүзеге асырылады. Бұранда кескіштерді клупп корпусында болатын лимб өлшемдері бойынша қояды. Құбырдағы бұранданы кесу кезінде клупты тұтқалар (2) артына айналдырады.

Бұранданы кесу алдында өзектер мен саңылаулардың диаметрін кесу процесіне ықпал ететін барлық факторлар ескерілген анықтамалық кестелер бойынша анықтайды.

Іс жүзінде бұранда шығатын саңылау диаметрін қадам шамасына азайтылған оның номиналды диаметріне тең етіп алады. Бұранда кесетін өзектің диаметрін анықтау кезінде оның өлшемін бұранда номиналды диаметріне қарағанда 0, 1-0, 2 мм-ге кішірейтеді.

Slide 10

Бұранда сапасын бақылау


Ұқсас жұмыстар
Гравирлі құралдар
Индукциялық реленің сипаттамалары
Қараңғы өріс микроскопиясы
Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
Бұрандалы конвейерлер
Цилиндрлік деңгей
Геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу ережелер
Бұрандасы трапеция профильді ОТТМ шегендеуші құбырлар
МИКРОСКОП ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Бұйымдардың түрлері және олардың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz