Көмірсулардың зат алмасуы: ас қорыту, негізгі метаболизмдік жолдар және физиологиялық маңызы


Slide 1

Ағзадағы қуат алмасу Көмырсулардын алмасуы

Slide 2

Зат алмасу

Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май) . Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.

Slide 3

Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы - анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді.

Slide 4

Адам ағзасындағы көмірсулардың алмасуы келесі процестерден тұрады:

1. Асқазан-ішек жолдарында тағамдық полисахаридтер мен дисахаридтерден келетін моносахаридтерге бөлінуі. Моносахаридтердің ішектен қанға сіңуі.

2. Гликогеннің синтезі және ыдырауы.

3. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырауы. Тіндерде глюкозаның ыдырауының екі негізгі жолы бар: оттегін пайдаланбай жүретін гликолиздің анаэробты жолы және глюкозаның тікелей тотығуының аэробты жолы.

4. Пентозофосфатты жол.

5. Пируваттың аэробты метаболизмі, оның ішінде пируваттың тотығу декарбоксилдеуі және ацетил-КоА-ның ТСА-ға айналуы.

6. Глюконеогенез, яғни пируват, лактат, глицерин, амин қышқылдары сияқты көмірсусыз өнімдерден көмірсулардың түзілуі.

Slide 5

КӨМІРСУЛАРДЫҢ АЛМАСУЫ

ыдырау (гликогенолиз)

және синтез (гликогенез)

гликоген

Гликолиз

Тотықтырғыш

декарбоксилдену

пируват

ЦТК

пентозо-

фосфат

жол

Глюконеогенез

Slide 6

Екі негізгі функция:

Көмірсулар бірқатар қосылыстардың (белоктар, нуклеин қышқылдары, липидтер) синтезі үшін қажетті көміртегінің көзі болып табылады.

Көмірсулар - ағзаның энергия қажеттілігінің 70% дейін қамтамасыз етеді

Басқа функциялар:

Резервтік (крахмал, гликоген)

құрылымдық (полисахаридтер белоктар мен липидтермен комплексте күшті діңгек құрайды, олар биомембрананың бөлігі)

Қорғаныс (қышқылды гетерополисахаридтер биологиялық майлаушы ретінде әрекет етеді)

Ерекше қызметі - гликопротеидтердің, гликолипидтердің түзілуі. Гликопротеиндер - молекулалар мен жасушалардың бір-бірін тану процесіндегі маркерлер, антигендік спецификаны анықтайды, қан топтарындағы айырмашылықты анықтайды, рецепторлық, каталитикалық және басқа қызметтерді орындайды.

Slide 7

Ағзадағы көмірсулардың қорытылуы

Дене үшін көмірсулардың көзі тағамдық көмірсулар - крахмал, сахароза және лактоза болып табылады. Сонымен қатар, глюкоза ағзада аминқышқылдарынан, глицериннен түзілуі мүмкін.

Ас қорыту жолындағы тағамдық көмірсулар мономерлерге ыдырайды. Гидролазалар ас қорытуға қатысады. Спецификалық гидролазалар: мальтаза, сахараза, лактаза ішек жасушаларында түзіліп, ішек сөлінде болады.


Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту мүшелері, зат пен энергия алмасуы және тағам гигиенасы
Метаболизм: энергия алмасуы, анаболизм мен катаболизм және микроағзалардың зат алмасуы
Адам ағзасындағы көмірсулардың қорытылуы, сіңірілуі және аралық алмасуы
Бауыр биохимиясы: қызметі, зат алмасуы және клиникалық маңызы
Ас қорыту жүйесі: құрылымы, физиологиясы және тістің құрылысы
Адам тіндеріндегі негізгі көмірсулар: құрылысы, алмасуы және биологиялық маңызы
Көмірсулардың биохимиясы, құрылымы және физиологиялық рөлі
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері және зат пен энергия алмасуы
Ас қорыту жүйесі: мүшелері, құрылымы және қорытылу үдерісі
Ас қорыту жүйесінің физиологиясы: секреция, ферменттер және сіңірілу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz