Алыстан көру



Нашар көретін баларға инклюзивті білім беруде қазақ әдебиеті сабағында мотивін арттыру немесе қызығушылықты ояту
Орындаған:
106-ТОП
Шалабаева Жанмейірім
Куздибаева Дильназ
Бағдатқызы Аружан
Кумарова Дидар

Мазмұны
КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. НАШАР КӨРЕТІН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Нашар көретін оқушылардың психопедагогикалық ерекшеліктері, сипаттамасы
1. 2. Нашар көретін балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетн қиыншылықтарды шешу жолдары
1. 3 Нашар көретін балаларды қалыпты білім жүйесіне қосу үшін жүргізілетін жұмыс түрлері
II. ТАРАУ. НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА МОТИВІН АРТТЫРУ НЕМЕСЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.
2. 1 Нашар көретін оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
2. 2. Нашар көретін оқушыларға қазақ әдебиеті сабағында қызығушылығын ояту, мотивін арттыру және оны тиімді ұйымдастырудың жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: Нашар көретін балаларға инклюзивті білім беруде қазақ әдебиеті сабағында мотивін арттыру немесе қызығушылықты ояту жұмыстарының мәні мен маңызын анықтау
Зерттеу мәні: Нашар көретін оқушыларға қазақ әдебиеті пәнін ұтымды өткізудегі педагогтің атқаратын қызметі, рөлі.
Зерттеу объектісі: Нашар көретін оқушы, педагог маман.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Нашар көретін оқушының сипаттамасы, ерекшелігі туралы анықтама беру;
2) Нашар көретін оқушыларда кездесетін қиындықтарды жеңу үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау;
3) Нашар көретін оқушылармен білім жүйесінде жүргізілетін жұмыс түрлері мен жаттығудың маңызын көрсету;
4) Нашар көретін оқушылардың қазақ әдебиеті сабағына қызығушылығын оятып, мотивін арттыру жұмыстарының ұйымдастырлу жүйесімен таныстыру.

1. 1 Нашар көретін оқушылардың психопедагогикалық ерекшеліктері, сипаттамасы
Көру бұзылысының пайда болу түрлері:
Туа біткен:Туған кезде пайда болған көру қабілетінің бұзылуы ұрықтың дамуы кезінде әсер ететін зақымдаушы факторлар әсерінен, мысалы, инфекциялық зақымданулар немесе метаболикалық бұзылулар нәтижесінде пайда болады.
Жүре пайда болған:Мұндай бұзылыс бала туылғаннан кейін орын алады. Оның себептері инфекциялар, көру органдарының жарақаттары, ауыр аурулар болып табылады.
Даму ерекшеліктері:Көру қабілетінің төмендеуіне байланысты бала көп нәрсені шектей бастайды, әлем кішірек көлемде сезіледі. Бұл сөйлеу, есте сақтау және зейін сияқты көптеген дағдылардың дамуына теріс әсер етуі мүмкін.
Алдын алу:Баланың туылуының алғашқы кезеңінен бастап көру қабілетін анықтау үшін көз дәрігеріне барған жөн. Қазірдің өзінде 1 ай жасында анасы баланы офтальмологқа көрсетуі керек. Егер баланың көз жанарында бұзылыс байқалған жағдайда арнайы мамандарға барып, қандай жаттығу түрлері мен дәрі-дәрмек алуын маман міндетті түрде ескертуі тиіс болып табылады. Қазіргі таңда ондай балаларға арналған арнайы құралдар мен бейімдеу жабдықтарының көмегімен білім алатын арнайы балабақшалар мен интернаттар бар.

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.
1-топ мүлдем көрмейтін балалар
2-топ көру деңгейі төмен балалар
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылғанбалалар. (қыли, амблиопия)
1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады. Брайль жүйесі - бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады. 1-топтағы балаларға брайль жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек.

Алыстан да, жақыннан да көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен жұмыстануға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдарды бөліктермен беріледі.
Бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы. Егер гиперметропиялық астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт, контрастық реңде қызғыл сары және жасыл түсті көреді. Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.
Жақында тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек.
Миопия
Алыстан көру (гиперметропия)
Астигматизм (ast)

Баланың көзі төмен-жоғары, көлденең ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек. Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет етеді.
Көз қимылының бұзылуы. Қыли көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті. Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды.
Көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт.
Амблиопия
Нистагм
Қыли көзді ауруы (косоглазия)


1. 2. Нашар көретін балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтаарды шешу жолдары
Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
• офтальмологпен тағайындалғанкөруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік ) ;
• табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік), ;
оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
• балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар, рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары - лупа, линзалар, телескоптік құралдар-офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар ) ;
• тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші) ;
• көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т. б. ) ;
• аудио-және бейнеаппаратуралар; - арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер. Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.

Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін - 50 см болуы қажет. Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет. Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет. Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен жасалған жолдар. Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.

1. 3 Нашар көретін балаларды қалыпты білім жүйесіне қосу үшін жүргізілетін жұмыс түрлері
Нашар көретін балаларды қалыпты білім жүйесіне қосу үшін мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.
Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар көретін балалардың сенсорлық тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтік-педагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді.
Зағип және нашар көретін балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту, тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшіл тұстарынының маңызды өтем құралы болып табылады.
Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады.

Түзету курстары төмендегідей берілген:
«Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі . Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек. . Сабақ жиілігі - аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.
«Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) ». Сабақта емдік -сауықтыру міндеттері шешіледі (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру. ) . Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут. Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т. б. )
«Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады

«Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
«Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды, қоршаған ортадағы нәрселерді, кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
«Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
«Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.

2. 1 Нашар көретін оқушыларға жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу.
Мүлде көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады:
бірінші деңгей - бастауыш мектеп
екінші деңгей - негізгі (аяқталмаған орта) мектеп
үшінші деңгей - орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.

Мүлде көрмейтін балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін мектептің бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылған оқулықтарымен қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.

Нашар көретін балалардың жұмыс жасау ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс, ал көру қабілетінің бұзылуы күрделі болған кезде 10-15 минут болуы тиіс. Әсіресе, жазба жұмыстары кезінде көру қабілеті бұзылған оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап, көз бен кітаптың арасы 30 см болуын еске ұстаған жөн. Көру қабілеті бұзылған балалар оқу процесі кезінде арнаулы оптикалық және оптикалық емес арнаулы құралдар пайдаланады. Оптикалық түзету қондырғыларының қатарына арнаулы көзілдіріктер, бифокалдар, призмалар, контактілі линзалар, телескопиялық көзілдіріктер жатады. Оптикалық емес құралдарға фломастерлер (қара түсті), түрлі-түсті маркерлер, үлкен әріптермен жазылған жазық бетті кітаптар жатады.

2. 2 Нашар көретін оқушыларға қазақ әдебиеті сабағында қызықушылығын ояту, мотивін арттыру және оны тиімді ұйымдастырудың жолдары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz