Әлеуметтік зерттеулер



Тақырып: Әлеуметтік зерттеулер

Дәріс жоспары
2
1
Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәлі-меттерді реттеу және оны қорытындылау.
2
Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері.
3
Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі.
Бақылау.
4
Сұрау мен мәліметтер жинау
5
Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі
2

1. Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау.
3
Жалпы әлеуметтанымдық зерттеулер кешенінде оның бағдарламасын жасау басты міндет. Себебі зерттеу бағдарламасының сапасы, құрылымы ондағы талаптар мен тиісті ережелер дұрыс әрі нақтылы нәтижелер береді. Осыған орай аталған тақырып оқу курсының басты міндеттерді қамтитын бөліміне жатады.
1. Қоғам өмірін зерттеуді әлеуметтанымдық қырынан қарастыру белгілі әлеуметтанымдық зерттеулер жүйесі арқылы жүзеге асады. Мұнда теориялық және эмпирикалық процедуралар (ережелер, талаптар) арқылы жаңа әлеуметтанымдық білім алынады. Соның нәтижесінен зерттелген объекті жағдайына байланысты нақтылы теориялық және әлеуметтік проблемалар шешіледі.
Әлеуметтанымдық зерттеулерді жүргізу жан-жақты әрі терең дайындықты қажет ететін көп қырлы күрделі жұмыс. Алдымен тиісті ақпараттарды жинауға кірісу үшін әлеуметтанушы маманға түрлі әдістемелік құжаттар жасау қажет. Онда зерттеудің ғылыми негізделген барлық элементтері мен зерттеудің процедуралары болуы тиіс. Осы құжаттардың ішінде ерекше орында әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы тұрады. Оның сапасы мен мазмұнына барлық зерттеу жұмыстарының тиімділігіне байланысты екендігіне назар аудару міндетті нәрсе.

Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы - ғылыми - практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын қамтыған зерттеудің жобасы, әрі теориялық құжат. Жалпы жағдайда бағдарлама құрылымы екі бөлімнен тұрады: методологиялық және әдістемелік.
Методологиялық бөлім мынадай элементтерді біріктіреді:
1) проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен нақтылы міндеттерін анықтау;
2) объекті мен зерттеу тақырыбын анықтау;
3) объектіні жүйелі талдау;
4) негізгі түсініктерді талдау;
5) гипотезаларды анықтап қоя білу және тұжырымдау.
Бағдарламаның екінші әдістемелік бөлімі - зерттелетін нәрсенің анықтамасын, алғашқы ақпараттарды жинау әдістерінің сипатын, алынған материалдарды талдаудың логикалық схемасын дайындау және қажетті инструментарийларын көрсету болып табылады. Одан өзге бағдарлама ұйымдастыру міндетін де атқарады. Ол зерттеу процедураларының бірізділігін анықтайды және зерттеу барысының тиісті кезеңдерін бақылау болып саналады.
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы
Әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасының бастапқы пункті болып проблемалық жағдай (ситуация) есептеледі. Ол адамдардың тұтынымы жайлы білімдердің, түсініктің практикалық және теориялық нәтижелері жайлы, оның жолдары, құралдары, әдістері, қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру жағдайының арасындағы қарама-қайшылық ретінде де көрінеді. Кейбір кездерде бұл іс-әрекетке қатынасушылардың өткір пікір алшақтығын араздық немесе келіспеушілігін көрсетіп белгіленген мақсаттың іске асуына қиындық тудырады.
Проблемалық жағдайды зерттейтін ғылым тиісті фактілерді жинап, белгілі білім жүйесін пайдалана отырып ғылыми проблеманы тұжырымдап топтауы тиіс. Ол проблемалық жағдайдың ғылыми бейнесінің формасын көрсетеді әрі зерттеуге жататын мәселе ретінде анықталады.

5
Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды белгілейді. Қолға алынған проблема өзінің шешілуі арқылы қарама-қайшылығы бар әлеуметтік процестерді реттеуге бағытталған техникалық құралдар мен практикалық іс-қимылдың жасалуына жол ашады.
Проблемалық талаптар әлеуметтік ақиқаттың түрлі жағдайларында көрініс береді. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде проблемалар зерттеушіні қызықтыратын зерттеу процесін қамтыған көлемімен анықталады (мысалы, еңбек ұжымы, аймақтық деңгейдегі ірі әлеуметтік топтар, қоғам мүддесін қамтыған үлкен мақсаттар т. б. ) .
Әлеуметтік қайшылықтардың күрделілігінен, қоғамдық тұтынымдар деңгейінде оларды іске асырудан әрі осы бағыттағы білімнің ғылыми және практикалық нақтылығына ғылыми проблеманың күрделілік деңгейі анықталады. Сондықтан да оны тұжырымдағанда проблемалық жағдайдың дәл бейнеленуі ерекше маңызды. Әлеуметтанушы осы кезеңде нағыз ақиқат пен өзекті мәселені оның сипаты мен белгілі қасиеттерін дәл анықтауы қажет. Онымен қоса алға қойылған проблемаларды өте кең етіп алмаған жөн. Мұндай жағдай мәселені шектен тыс күрделендіріп жинайтын ақпараттар сапасын төмендетіп жібереді.
Кез-келген әлеуметтанымдық зерттеу - ол не үшін өткізіледі, қорытындысында не аламыз, яғни, зерттеудің мақсатын анықтауға жауап болуы тиіс. Бұл дегеніміз өзіміз күткен қорытынды нәтижелер моделі болып табылады. Соған орай нақтылы және дәл белгіленген мақсат жаңа білім жүйесін жасауға зерттеудің барысын бағыттап отырады.
Бағдарламаның методикалық бөлімінің маңызды құрамдас тарауы-зерттеудің міндеттерін анықтау. Олар әлеуметтанымдық зерттеулерді мақсатына сәйкес белгіленеді де оны жүзеге асырудың қажетті құралы ретінде әрі зерттеу процедураларының көмегімен мақсатқа жету мүмкіндіктерін нұсқап отырады.

6
Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін таңдап алуға көмек жасайды. Олар: әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік процесс немесе әлеуметтік қатынастар ретінде болып өздерінде қарама-қайшылық мазмұнын көрсетіп тұруы керек. Сайып келгенде, объект болып проблемалық жағдай (ситуация) тудыратын және оны иеленуші барлық әлеуметтік процестер саналады.
Түрлі әлеуметтанымдық зерттеулердің бәрінің объекті біреу ғана болуы мүмкін. Мәселен, еңбек ұжымы, әлеуметтік топ, факультет студенттері көптеген әлеуметтанымдық зерттеулерге объект бола алады. Себебі оның бәрі қандай проблеманы қарастыруымызға байланысты: бос уақытты пайдалану, құқықтық мәдениет және сана, әлеуметтік белсенділік және т. б.
Әлеуметтік зерттеудің объектісі:
Кең мағынада
Әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.
Тар мағынада
Әлеуметтік зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Зерттеудің
міндеттері
Негізгі
зерттеудің орталық
проблемаларын шешуге
бағытталады
Негізгі емес (қосымша)
проблемаға байланысты емес
әдістік мәселелерді,
жұмысшы гипотезаларды
тексеруге арналады.

7
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т. б бар
«Объект» дегеніміз қарама - қайшылықтарды өзіне біріктірсе «зерттелу пәні осы қайшылықтарды баса көрсететін объектінің қасиеттерін, белгілерін бейнелейді, яғни «әлеуметтік қайшылықтардың полюсын » алға тартады. Егерде, зерттеу объекті ретінде ғылыми ұжым алынса, онда оның пәні (анықтайтын мәселесі) болып құрылым, бағыттары, мүдделері, осы ұжымның қасиеттері және т. б. саналады.
Анығына келгенде әлеуметтанымдық зерттеулердің объекті мен пәнін анықтау теорияда айтылғандарға қарағаннан анағұрлым қиын мәселе.
Сонымен негізгі түсініктерді эмпирикалық анықтау нәтижесі арқылы әлеуметтанушы алғашқы мәліметтерді іріктеу мен талдау әдістерін топтастыруды жасайды.
Түсініктер ережелерін жүргізудегі басты шарттар-зерттеудің негізгі анықтамалары мазмұнындағы жеңілдетуді қамтамасыз ететін оның барлық түрлерінің тұтастығы мен бірлігін мүлтіксіз сақтауды қажет етеді.
Айтылған проблемалардың, зерттеулердің көрсетілген процедуралармен бірге жемісті шешілуіне бара-бар гипотезалар топтастыру ықпал етеді. Жалпы айтқанда гипотезаларды қоя білу кез-келген зерттеуді жүргізудің заңды талабы.

8
Гипотеза дегеніміз - талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды түсіндіретін ғылыми негізделген болжау, жорамал болып саналады. Әлеуметтанымдық зертеулерде олар маңызды методологиялық құралдар ретінде оны біртұтас логикалық - танымдық процес етіп біріктіреді. Соның нәтижесінде оған жалпы бағыт береді әрі оның қарапайым фактілерді жинау процесіне айналып кетпеуіне ырық бермейді. Мұнда ескеретін мәселе-ол ғылыми гипотезаны жасау тек зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде ғана пайда болады.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде гипотезаларды қоя білу бірнеше талаптарды қажет етеді:
2
4
3
1

9
Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді.
1
2
3
1 саты
Алғашқы ақпараттар жиналады, зерттелетін проблема мен объект туралы теориялық және эмпирико- практикалық міндеттер алынады
2 саты
Объектіге байланысты сипаттама, проблемалық жағдай факторлары, проблеманың шешу тәсілдері, зерттеудің міндеттері тұрғысындағы жұмыс гипотезалары ұсынылады.
3 саты
Гипотезаларды топтастыру іске асырылады, зерттеуші гипотезаларды негізгі және негізгі емес (қосымша) етіп анықтайды және оларды белгілі жүйеге түсіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулер практикасында гипотезаларды жіктеу, топтастыру, жүйелеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Зерттеудің міндеттеріне сай негізгі гипотезалар анықталады. Олар негізгі міндеттерден келіп туады. Онымен қатар негізгі емес міндеттерден-негізгі емес гипотезалар пайда болады. Гипотазаны тұжырымдаумен негізгі методологиялық жұмыс аяқталады. Енді әлеуметтанушы маманға бағдарламаның екінші әдістемелік тарауын жасау кезегі келіп тұрады. Бұл жұмыс ішінара іріктеу, жинақтау процедураларын анықтаудан басталады. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде объект басты және ішінара іріктеу ретінде анықталатынын бөле көрсеткен жөн.
Басты іріктеу деп- проблемаға қатысы бар бақылау бірлігінің барлық жиынтығын айтады. Бақылау бірлігі ретінде тікелей мәлімет көздері есептеледі. Оның қатарына зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне тәуелді әрі байланысты жеке адам немесе адамдар тобы жатады. Зерттеуге тікелей қатысты басты іріктеудің бөлігі ішінара жинақтау деп аталады. Сондықтан оны операциялардың барысында «ішінара» атауымен белгілеу қажет.

10
Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін. Соған орай тексеру объектісіне қатысты барлық адамдарды сұрау-жауаппен қамту ұтымды нәрсе емес. Себебі оған қомақты материалдық шығындар мен уақыт талап етіледі. Ал, «ішінара» бөліп қарастыру бұл процесті аса жеңілдетеді. Сондықтан бұл ереженің мәні мынада: басты жинақтау құрылымының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және т. б. әлеуметтік көрсеткіштерін бейнелейтін бақылаудың белгілі сандық бірлігін таңдап алу болып табылады. Нақтылағанда, «ішінаралық» бөліп зерттеу жоғарыда аталған көрсеткіштердің бәріне тән үлгі жағдайында болуға тиісті. Бұл ортақтық зерттеуге қатысты барлық тұрғындарға да қатысты.
Әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтары жайлы дұрыс қорытындылар жүргізілген операциялардың сапасына байланысты. Ішінара бөліп зерттеу есептері жеке құжат ретінде бағдарламаға қосылады. Әлеуметтанымдық зерттеулердің теориялық бағдарламасының міндетті бөлігі болып бастапқы мәліметтер жинау әдістерінің сипаттамасы саналады. Егер де бастапқы мәліметтерді талдау мен өңдеу әдістері көрсетілмесе, онда бағдарлама толық болып саналмайды. Сондықтан оған электронды есептеу машинасына (ЭВМ) ұсынылғын өңдеудің логикалық схемасы қосылады.
Сонымен, әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасын жасау жәй нәрсе еместігіне көз жеткіздік. Зерттеудің өзіне қарағанда оған көбірек уақыт жібереміз. Тек барлық талаптарды ескеріп мұқият жасалынған, өзінің барлық құрылымды элементтері ғылыми негізделген әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасы ғана оның жоғары сапалы деңгейде өтуіне кепілдік бере алады. Топтап айтқанда әлеуметтанымдық зерттеу әдістемелік бөлімінің негізгі элементтері: негізгі түсініктерді анықтау, зерттеу гипотезалары, зерттеу объекті, проблемалық жағдай, ғылыми проблема, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні болып саналады.

11
Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге ғылымға тән қоғам туралы түсінік ықпал етеді. Ал, жекеленген қоғамдық құбылыстарды талдағанда қоғамды бүтін түсінудегі анықтамаларға сүйенеді. Қоғамды осылай түсінуді ғалымдар өзге пікірлерден алғандықтан қоғамға өзіндік соны көзқарас сирек жасалынады. Әлеуметтану дамуында қоғамның мәні тұрғысында бір-бірінен алшақ әрі қарама-қайшы көзқарастар пайда болып оның әрқайсысы әлеуметтану әдістерін түсінуге түрліше ықпал жасады.
Әлеуметтану әдістерін түсінуге елеулі ықпалды екінші фактор - ғылымның әлеуметтік рөлі туралы ұғым. Шындыққа жүгінсек, онда осы мәселенің төңірегінде түрлі бағыттағы және қарама - қайшылықтағы көзқарастар көп кездеседі. Ғылым не болды және тап қазіргі кезеңде не болып жатыр деген мәселені ғана зерттейді, дегенмен келешек туралы ештене айта алмайды дейтін пікір де өмір сүруде. Басқа көзқарасқа сүйенсек, онда ғылым тарих ағымы мен қоғам жағдайына негізінен ықпал етуге қабілетті емес оны өзерте де алмайды, қоғамның құрылымы мен ұйымдарындағы жекелеген кемшіліктерді жоюға қабілеттілік көрсете алмайды екен.
Ғылымдардың басым көпшілігі ғылымның қоғамды қайта жасау, өзгерту рөлін бағалайды. Ғылым қоғамды зерттей отырып оны сындық талдауды іске асырып, қоғамдық қатынастарды қайта құрудың құралы ретінде қызмет етеді деген пікірді жақтайды.
Әлеуметтанудың әдістері туралы пікірлердің сипатына ықпал ететін үшінші фактор - әлеуметтану ғылымына тән зерттеу техникасының даму деңгейі, зерттеу сапасы және жекелеген көрнекті әрі белгілі әлеуметтанушы ғалымдардың бейімділігі болып табылады.
Тағы әлеуметтану әдістері жайлы пікір алшақтығын жақындатуға ұмтылған факторлар да болды. Дегенмен олар осы әдістерді түсіндіруге бірыңғай тұжырым жасай алмады. Соның салдарынан әлеуметтануды түрліше түсіну позитивизм, функционализм, структурализм, «әлеуметтануды түсіну» және марксизм шеңберлерінде қалыптасты.
2. Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері

12
Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Позитивизм шеңберінде көптеген ағымдар бар, онда оның негізгі идеяларын бөліп алуға болады. Бұған ойлаудың теологиялық және метафизикалық әдістері білімнің практикалық анықталуы /интерпретация/, барлық ғылымдардың бірлігі мен қоғам құрылымының тиімділігі туралы ойларды санау қатысты. Позитивизмнің осы негізгі идеяларына байланысты әлеуметтану әдісіне көзқарастың мәні-қоғамды зерттеуге осы теорияның негізгі принциптерін, сонымен бірге оның жаратылыстану ғылымдарында қолданылатын әдістері мен жүйелеулерін енгізуге ұмтылуда. Позитивистердің түсінігі бойынша бұл қоғамдық ғылымдардың объективтілігі мен дәлдігін жоғарылатудың ең дұрыс әдісі, әрі қоғамдық ғылымдардың осылайша жаратылыстану ғылымдарымен теңесуі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтану әдістеріне байланысты позитивизм идеяларының басты бағыттары Огюст Конт, Джон Стюарт Милл, Эмиль Дюркгейм және т. б. еңбектерінде көрсетілген.
Әлеуметтану әдістерін функционалдық тұрғыдан түсіну функционализмнің негізгі ережелеріне сүйенеді. Мұнда әлеуметтік құрылымға қатысты қоғамдық құрылымның жекелеген элементтерінің рөлін ашуға ұмтылады. Себебі оның бөліктері. Функционализм позициясынан қоғам - тұрақты жүйе; және оның бөліктері жақсы интегралданған болады. Олардың әрбір бөлігінің өз міндеттері бар, сондықтан оларды жүйенің басты құндылықтарына қатысты келісім негізінде іске асырады. Осы қоғамдық жүйе нәтижелі өмір сүру үшін тәртіп қажет: қандай талаптар болса да, олардан бас тарту одан ауытқу болып саналады, адам осы жүйеге бейімделуі міндетті.
Жекелеп айтқанда, функционализмнің шектеулілігі мынада: ол құбылыстардың пайда болуын түсіндіре алмайды. Тек жүйе ішіндегі құбылыстардың өзара байланысын ғана көрсете алады. Оған қоса ішкі қарама-қайшылығы бар қоғамның өзі де салыстырып келгенде тұрақсыз жүйе екендігі белгілі.

13
Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді: барлық заттар мен тіршілік, индивидуалды немесе ұжымдық мінез-құлық көріністерінің негізіне оларды түсіндіретін құрылымдар жатады. Ал, құрылым мен олардың табиғат өрісіне және қоғам өміріне ықпалын анықтауға бір ғана әрі негізгі теориялық-методологиялық принциптер қолданылады. Адам шығармашылық тіршілік иесі ретінде өзінің қызметімен із қалдырады. Оның өзі қалай айтқанмен де белгілі принциптерге сәйкес құрылымдық әрі ұйымдастырылған болып келеді. Сондықтан адам туралы ғылым да құрылымдық тұтастық ретінде қарастырылады. Адам сыртқы күштердің жемісі болғандықтан структурализм өзінің негізгі принциптерімен қоса белгілі мағынада адамға сенімсіздік танытады.
Позитивизмді сынаудың нәтижесі ретінде қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтануда Макс Вебердің «ұғыну теориясы» пайда болды. Онда қоғамдық құбылыстарды зерттеудің басты мақсаты - оларды ұғыну, түсіну болып табылады. М. Вебер, В. Дильтей, Г. Риккерт және В. Виндельбанд көзқарастарын қабылдаған. Онда табиғи және қоғамдық құбылыстар арасындағы айырмашылықтарға байланысты олардың нәтижесі болып саналатын жаратылыс пен қоғамдық ғылымдар әдістерінің айырмасы көрсетілген.
Әлеуметтанудағы әдістерді маркстік тұрғыдан түсіндіруді К. Маркстің негізгі ғылыми әдістерінің сипаттамасын қарастыру арқылы жүргізеді. Маркстік әдісті түсіну үшін алдымен оның адам және қоғамды қалай түсінетінін білу қажет. Мұның өзі адам және қоғам жайлы Маркстің ғылым мен ғылыми әдісті өзінше түсіндіруіне байланысты өрбиді. Одан өзге Маркстің ғылымның әлеуметтік рөлін қалай түсініп, фактілерді жинау мен тұжырымдарды қарастыруда қандай әдістерді пайдаланғанына қарап талдау жасаймыз. Адам мен адам қоғамын Маркс материалистік диалектика позициясынан қарастырады. Адам - табиғи нәрсе деп көрсетеді, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі болып табылады. Адам өзінің қызметіне байланысты өмірдегі материалдық және әлеуметтік тіршілігіне жағдай тудырады. Ал оның тарихы болса оның қызметінің жемісі.

14
Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек, қоғам дамуының терең заңдарын ашып сол дамудың негізгі мақсаты мен бағыттарын көрсетіп отыруы тиіс. Маркс ғылыми ой-пікірлерге қатысты өз түсінігін «Фейербах туралы тезистерінде» көрсеткен. Онда философтар дүниені түрліше түсіндіреді, ал басты мәселе оны өзгертуде. Маркс ғылымды сыни қызмет деп бағалады. Ғылым қолда бар мүмкіншіліктер позициясынан қоғамды сынауды іске асырып адамдардың өмір сүруіне қайырымды жағдайларды жасауы керек деп көрсетеді. Табиғат құбылыстарын зерттеуде физик барынша эксперимент жасап дәлелдемелер келтіреді. Ал жаратылыстанудағыдай қоғамдық ғылымдарда экспериментті жасай беруге болмайды; ғалымдар кейбір мәселелерді анықтау үшін абстракцияға жол береді. Бұл мәселеде мақсатты толық түсіндіру үшін, абстракцияны нәтижелі қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы жақсы білім қажеттігін Маркс алға тартты. Абстракция арқылы ол құбылыстың зерттелу объектісі ретіндегі маңызды сипаттамаларын бөліп көрсетуді көздеді.
Қоғамдағы байқалатын қоғамдық құбылыстар өзара байланысты. Сондықтан қоғамдық құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды зерттей отырып және осы негізде қоғам дамуының басты бағыттары мен құрылымын тұтастық ретінде көрсете отырып бүтіндей қоғам дамуының ең жалпылама заңдарын ашуға болады. Бұл үшін осы қоғамның нағыз ақиқатының бөлігі болып табылатын әрі осы қоғамның ең ерекшеліктерін сипаттайтын құбылыстар мен қатынастарды ашып және оны зерттеу қажет. Сонымен адамзат қоғамын зерттеудің осындай әдістеріне сүйене отырып әлеуметтану өз әдістерін құрады. Әрине осы шеңберде олар бір-бірінен фактілерді жинау әдістері, жиналған мәліметтерді реттеу мен жекеленген қорыту әдістері және ғылыми қорытындылау әдістері тұрғысынан ажыратылады. Әлеуметтану осы барлық әдістерді зерттеу барысында қолданады. Әрине онда түрлі фазалар /кезеңдер/ сақталып зерттеу нәтижелері қоғамды тұтас ғылыми тануға ықпал жасауы қажетті талап.

3. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау
15
Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес, әділетті болу үшін қазіргі әлеуметтанымда мәліметтер жинаудың бірқатар жетілген әдіс-тәсілдері қолданылады.
Бақылау - мәліметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады. Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау - белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады. Ғылыми бақылаудың түрлері: еркін бақылау және тексерілетін бақылау, тікелей және жанама бақылау, өзі қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.
Тікелей бақылау деп керекті құбылыстарды зерттеуге зерттеушінің өзі қатысып, өз көзімен көріп немесе құрал-сайманның көмегімен тікелей жүргізетін бақылауды айтады. Ал жанама бақылау деп зерттеуші құбылыстың өзін тікелей бақыламастан, соған қатысы бар басқа құбылыстарды бақылау арқылы жанама қорытынды жасауды атайды.
Егер зерттеуші бақылауға алыңған топтың өмірі мен іс-әрекетіне белсенді түрде тікелей қатыспастан, адамдардың мінез-құлқын, қарым-қатынасын сырттай қадағалап жүретін болса, мұндай бақылау сырттай бақылау деп аталады, ал егер, керісінше, зерттеуші бақылауға алынған топтың өміріне тікелей қатынасып, онда белгілі бір рөл атқаратын болса, онда бұл қатыса отырып бақылау деп аталады.

16
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz