28-сабақ: Буын және тасымал - Жылқы тақырыбы бойынша қазақ тілі сабақ жоспары

№28 сабақ.
Тасымал
Бөлім: Буын және тасымал
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Атша желіп көрейік,
Ауыздығын тежейік
Құнанменен шабайық,
Мәреге бірге жетейік
Шабандоз бала болайық,
Бас бәйгені алайық.
Өткенді пысықтау
«Сақина салмақ» ойыны
- Балалар, біз «Сақина салмақ» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның ерекшелігі - кімнің қолында сақина қалса, менің сұрағыма жауап береді.
1) Қанша дауысты дыбыс бар?
2) Дыбыс дегеніміз не?
3) Сөздерді тасымалдап айт ?
Бота, кітап, жантақ, сабақ, тамақ, қадам, бесік, аспан, оқушы.
Жаңа тақырып
Оқулықпен жұмыс.
Кіріспе әңгіме жүргізу. Өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат береді.
Жылқы:
Мінсең - көлік, Ішсең - сусын, Жесең - қорек. Пайдалансаң - өнім, - деген.
-Қорек деп неге айтамыз?
-Жылқы сүтінен не жасаймыз? Оқушылардың жауабын тыңдайды.
Тапсырма: 1- жаттығу
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру. Суретін көрсету. Сұрақ-жауап арқылы өлеңді талдау.
-Өлең не туралы?
-Жылқыны қалай шақырады?
-Неліктен «Ер қанаты - ат» дейді? Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Қазақ халқы «Ер қанаты - ат» деген. Төрт түліктің ішінде жылқыны халқымыз ерекше бағалаға.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Жазылым
2-жаттығуМақалды көркем жазу.
Ат тұяғы тай басар.
Ат тұяғын тай басар.
Сергіту сәті
«Би билейміз дөңгелеп» әдісі
ЕБҚ-тапсырма
Жылқының суретін сал және сурет бойынша әңгімеле.
ЕҚБ-тапсырма
Жылқының адамға пайдасы туралы таныстырылым жаса.
Жыл-қышы, жылқы-шы
Бұ-зау
Құлын-шақ, құ-лыншақ
Түйе-лер, тү-йелер
3-жаттығу
Сөздерді тасымалдап жаз.
Жылқышы, жыл-қышы, жылқы-шы.
Бұзау, бұ-зау.
Құлыншақ, құлын-шақ, құ-лыншақ.
Түйе, түйе-лер, тү-йелер.
Жыл-қышы, жылқы-шы
Бұ-зау
Құлын-шақ, құ-лыншақ
Түйе-лер, тү-йелер
Сабақты қорыту
Топтық жұмыс
4-жаттығу.
Суреттегі жасырынған үй жануарлары мен құстарды табады.
Қай топ көп тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
ФС тапсырмасы
ҚЖ:«Адасқан әріптер» ойыны
Әр топқа қима әріптер беріледі. Сол әріптерден тез әрі дұрыс сөз құраған топ жеңімпаз болады.
Сөздерді тасымалдап айт
Қылыж - жылқы,
Та - ат.
1-топ. Пұлатр - тұлпар.
2-топ. Марықағ - арғымақ.
3-топ. Күлгісай - сайгүлік.
Кері байланыс
Жұмбақтың шешуін жазайық
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең - қанат
Сүті-дәрі,
Еті-тамақ
Шешуі: Жылқы