Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде




Презентация қосу
«Гендер және тұқымқуалаушылық» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Жасушаның тұқым қуалау аппараты.Жасуша
циклі үдерісіндегі тұқым қуалау аппаратының
динамикасы.

Орындаған: Малошов
Н.М.
Тобы: ВМ-МҚ(Б)-11-23
Қабылдаған:Дәріпбек
А.Ж.
Шымкент-2024 ж.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
•Жасуша.Жасуша органоидттары.
•Жасушаның тұқым қуалау аппараты.
•Жасуша циклі.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа)
құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен
тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым
тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде
(бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен
саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар,
өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен
ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың
тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын
жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген.
Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы
биологиялық зерттеулердің негізі.
ІІ Негізгі бөлім
Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін
құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және
көпжасушалы организмдерді қалыптастырудағы
қызметі туралы ж1838-1939 жж.ботаник
Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға
жасушалардың құрылысы туралы ортақ
қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың
тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен
жануарлар жасушаларының құрылыстары өте
ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі
организмнің ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар
жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы
ғылымға дұрыс түсінік берді инақталған ұғым.
Жасуша теориясының негізгі
қағидалары
Жасуша-барлық тірі ағзалардың ең
кіші негізгі өлшемі;
Әр түрлі ағза жасушаларының
құрылысы,химиялық құрамы,зат
алмасуы және негізгі тіршілік
әрекеттері ұқсас;
Жасушалар бастапқы (аналық)
жасушаларының бөлінуі арқылы пайда
болады.
Жасуша органоидттары.
Жасуша
органоидтары -
жасушалардың тұрақты
арнаулы бөлігі.
Жасушаның қызметі
тек органоидтардың
көмегімен ғана
орындалады.

1-сурет
1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма -
жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі
тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2
жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына
рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс
жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар
мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті
жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар
синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша
ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына
көмектеседі.
2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) -
цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген
күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ
органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық
тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді
түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар
кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы
жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар
- май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен
қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі
жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды
ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе
сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс.
Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз
молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға
түскен бөгде заттарды ерітеді.
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша
орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын
көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада
заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы
өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum -
орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына
жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік.
Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2
центриоль бірінен-бірі екі полюске карай
ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда
болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Жасушаның негізгі тіршілік
қасиеттері
Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу,
қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады.
Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар
мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары
ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан,
лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның
жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек
өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек
нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия
бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге
асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы -
жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар
(көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару
мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды
өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.
Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі
тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық
тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың,
жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.
Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады.
Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір
бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі
еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.
Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай
заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар,
көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан
түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды.
Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан
көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.
Цитоплазма (гр. kytos - жасуша,
Жасушаныңгр. plasma
тұқым - іркілдек
қуалау сұйықтық) -
аппараты.
жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы
орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті
бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер
қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың
козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада
цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.
Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша,
үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан
жасушасы) мен тромбоциттерде(қанның пластинкасы) ядро болмайды.
Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды.
Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро
қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы
цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып,
жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады.
Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан
шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.
Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез
боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл,
таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында
хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс
жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген»
(грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер
хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен
орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп отырады.
Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен
құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік).
Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық
жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық
нуклеин қышқылының синтезіне қатысады
Жасуша циклі.
Жасуша циклі дегеніміз- оның
митоздық жолмен екі рет бөліну
арасындағы байқалатын құбылыстар
жиынтығы.Ол 4 кезеңге бұлінеді:
1. Пресинтетикалық
2. Синтетикалық
3. Постсинтетикалық
4. Митоз
1.Пресинтетикалық кезеңде жағадан пайда
болған жас жасуша өсіп, аналық жасушаның
мөлшеріне дейін жетеді.Ол үшін жасушада
құрылыс материалдары:көмірсулар, майлар,
ақуыздар көптеп синтезделуі қажет.
2.Синтетикалық кезеңде- ДНҚ молекуласы
синтезделінеді де тұқым қуалаушылық
материалы 2п4с күйінде кездеседі.
3.Постсинтетикалық кезеңде- жасуша бөлінуге
дайындалады.
ДНҚ аштезінің аяқталуы мен 2 сурет
митоздың басталу кезеңі
Митоздық цикл — жасушалардың эмбриондық
дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар
арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен
құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен
ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік
үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді.
Митоз төрт фазадан тұрады:
1. Профаза.
2. Метафаза.
3. Анафаза.
4. Телофаза.
.
Профаза кезеңі
Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі
центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды.
Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро
кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша
полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну
ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге
бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде
эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза
кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі
қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін,
хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл —
метафазаның басталғанын білдіреді.

Профаза кезеңі
3 сурет
Метафаза кезеңі
Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді
және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан
қыскарған хромосомалар жасуша экваторына
бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады.
Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен
бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер
аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын
хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен
тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған
хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі)
жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген
хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды.

Метафаза кезеңі
4 сурет
Анафаза кезеңі
Анафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап
ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея
ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге
бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне
тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай
енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі
еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып,
жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр
полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл
кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда
болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы
жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады.

Анафаза кезеңі

5 сурет
Телофаза кезеңі
Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды.
Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы
жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың
мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі.
Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене
мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы
бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың
әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда
болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді.
Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық
жасуша екі жаңа ұрпак жасушаларына бөлінеді.

Телофаза кезеңі
6 сурет
Қорытынды
Қорыта келе жасуша- тірі организмдердің ең
кіші қарапайым бөлігі. Жасуша қызметі
көптеген органоидттармен ғана
орындалады.Оларға эндоплазмалық тор,
рибосома, митохондрия, лизосома, гольджи
жиынтығы,жасуша орталықтарын жатқызсақ
болады.Жасуша көбею барысында көптеген
кезеңдерге бөлінеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Е.Ө.Қуандықов, С.А.Әбілаев “Медициналық
биология және генетика” Алматы “HAS” 2006
2. Сартаев А., Гильманов М. С. Жалпы биология.
Алматы. 2006 ж
3. С.Әбілаев, Е.Қуандықов, Р.Төлебаев
"Медициналық биология мен генетика" 1996ж.
4. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық
генетиканың биологиялық негіздері. Алматы,
2006, б. 23-27.

Ұқсас жұмыстар
Митогенді факторлар мен өсуді тежеуші сигналдардың клетканың бөлінуіне әсері
Прокариоты клетка
Жасуша және оның химиялық құрамы
Жасуша туралы мәлімет
Жасушаның бөлінуі
Хромосомалардың жіктелуі
Қалыпты және потологиялық жағдайдағы клетка органоидының құрылысы мен қызметі
«Жасуша органоидтары»
Қартаю процесінің себебі
Амитоздың түрлері
Пәндер