Ақшалай шығыстар - тұтыну шығыстары
Презентация қосу
Үй шаруашылықтарының қаржысы, жалпы қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің
материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету
мақсатында ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша
қатынастары болып табылады. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін ол
орындайтын мына функциялардан табады:
• отбасының қажеттіліктерін ақшамен қамтамасыз ету;
• бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшелерінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Нарықтық
қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті.
Тауар-ақша қатынастарының, нарықтың пайда болуының, одан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде
мыналар болды:
• отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі.
• үй шаруашылығы ақшасының жасалуы және өсуі;
• ақша қорының – материалдық игіліктерімен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің
пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және
отбасының алғашқы табыстарының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржы
қатынастары мынадай екі топты біріктіреді:
1. жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, және т.б. түріндегі алғашқы табыстарды жасай отырып,
осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің басқа буындары арасындағы (мемлекеттің
қаржысымен – бюджет пен бюджеттен тыс қорлар және коммерциялық ұйымдар мен
кәсіпорындар арасындағы) қатынастар;
2. оқшауланған ақша қорларын жасай отырып, қаражаттар бөлінгендегі және оқшауланғандағы үй
шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар. Үй шаруашылығы ішіндегі қаражаттардың
оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығы мүшелерінің
өндірістік қызметі нәтижесінде жасалынған ол қоғамның ұлттық табысының бір
бөлігі болып келеді. Үй шаруашылығының ақша қорының көлемі
шаруашылықтағы әркімнің күш салуына байланысты.Үй шаруашылықтарының
қаржы ресурстары, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақша қорлары түрінде
болады. Екі негізгі қор жасалады:
1. Тұтыну қоры, осы ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін,
өнеркәсіп өндірісінің тауаларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және
т.б.);
2. Жинақ ақшалар (кейінге қалдырған қажеттіліктердің) қоры, ол келешекте қымбат
тұратын тауарларда сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған
капитал ретінде.
Қаржы ресурстарының қор нысаны үй шаруашылығының қажеттіліктерін жалпы
шаруашылық ұжымының мүмкіндігімен үйлесуіне, сонымен бірге отбасындағы
әркімнің қажеттіліктері қалай қанағаттандырылып отырғанын бақылауға жағдай
жасайды.
Үй шаруашылықтары қаржы ресурстарының құрамы мыналарды қамтиды:
меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы
шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда;
нарықта жұмылдырылған, несиелік ұйымдардан алған несие нысанындағы
қаражаттар, дивидендтер, пайыздар;
Қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар – зейнетақылар, жәрдемақылар,
бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.
Үй шаруашылықтарының қаржысы республикалық, жергілікті
бюджеттермен және бюджеттен тыс әлуметтік қорлармен және
меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының
орталықтандырылмаған қаржыларымен, сондай-ақ қаржы нарығымен
өзара іс-әрекет етеді. Үй шаруашылықтарының мүшелері мемлекеттік
сектор үшін жұмыс күшін береді, мемлекетке өз өндірісінің тауарлары
мен қызметтерін сатады. Осы үшін отбасы еңбек ақы мен табыс
алады.
Үй шаруашылықтарының тұрақты және уақытша табысын
ажыратады.
Тұрақты – бұл адам болжамдарына сай болашақта сақталынатын
табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл түріне, еңбек
қызметіне ақы төлеуді жатқызады.
Уақытша табыс – болашақта жоғалатын табысты айтады, мысалы,
акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан
түскен табыс.
Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай
ықпал жасайды, өйткені нарықтық экономикада ол түгелдей
материалдық және ақшалай қаражаттардың жалпы толық
айналымына біріктірілген. Бұл ықпал:
– салық жүйесі арқылы – үй шаруашылықтары салықтар, алымдар,
баждар төлейді және басқа міндетті аударымдар жасайды;
– мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу
арқылы;
– берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер арқылы;
– мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.
Үй шаруашылықтарының табыстары - өндіріс үдерісінде жасалатын және
шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі.
Үй шаруашылықтарының жалпы табысы – бұл ақшалай табыстар, тағамдық
азықтардың заттай түсімдерінің және заттай тұлғаланудағы мемлекет пен
кәсіпорындар көрсеткен жеңілдіктердің, жәрдемақылардың сыйлықтардың
құны.
Үй шаруашылықтарының жалпы табыстарында ақша қаражаттарының көлемі
болып табылатын ақшалай табыстар басым болады, олармен үй шаруашылығы
өзінің шығыстарын қамтамасыз етеді. Ақшалай табыстар мына көздердің
есебінен қалыптасады:
1. жалдағанда еңбек келісімдерін орындау кезінде алынған үй шаруашылықтары
мүшелерінің еңбекақысы, сондай-ақ сыйлықтар, жалақыға тұрақты үстемелер,
әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмыс берушінің төлемақылары:
жәрдемақылар, көлік қызметтерінің, жолдамалардың ақысы және с.с.
2. пайда, дивидендтер, бағалы қағаздар мен салымдар бойынша пайыздар
нысанындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жалдау ақысы және
басқалары;
3. мемлекеттік әлеуметтік төлеулер (трансферттер): зейнетақылар, жәрдемақылар
және бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан төленетін басқа
төлемдер;
4. басқадай түсімдер (сақтық өтемдері, мүлікті сатудан түсетін табыстар және
басқалары).
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары – адамның өмір сүруін
жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге
жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және
тұтынумен тікелей байланыстыемес шығыстарды қамтиды.
Ақшалай шығыстар – тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтық
және өзге төлемдер; борыштарды, алименттерді төлеу, айыппұлдар,
несиені өтеу, туысқандарға көмек; жылжымайтын мүлікті, бағалы
қағаздарды, шетелдің валютасын сатып алу; отбасының өндірістік
қызметімен байланысты шығыстары (шикізат, тұқым, мал, жем-шөп және
т.б. сатып алу) және тұтынумен байланысты емес басқадай шығыстар.
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер
бойынша сыныптауға болады:
1. тұрақтылық дәрежесі бойынша:
• тұрақты шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық
қызметтерге және басқаларға);
• бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).
2. қажеттілік дәрежесі бойынша:
• тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;
• медицинаға;
• екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық шарттылар және
т.с.с);
• басқадай шығыстар (қалғандары);
3. пайдалану мақсаттары бойынша:
• тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);
• салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
• салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақ
ақшалар;
• шетелдің валютасын сатып алу;
• халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz